Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР – Қазақстан Республикасы;
ҚР БжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
ҚР БтЗ – Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы:
ҚР МЖМБС – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандарты;
ҚР ББжҒДМБ – Қaзaқcтaн Pecпубликacындa бiлiм бepудi және ғылымды 
дaмытудың мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы:
ББРЖБ – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы: 
ҚР АПТМБ – Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттыққа 
тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы 
ҚР ББжҒД МБ – «Қазақстан Республикасында білім беруді және 
ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 
ПКС – Педагогтің кәсіби стандарты:
ҚР ҮББТТ – Қазақстан Республикасы үздіксіз білім берудің тәрбие 
тұжырымдамасы;
ПМТ ҚРЗ – Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
ҚР ҮББТТ – Қазақстан Республикасы үздіксіз білім берудің тәрбие 
тұжырымдамасы.
БТ – Бақылау тобы; 
ЭТ – Эксперимент тобы. 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың республика 
халқына жолдауларында ұлтаралық бірлік, татулық және түсінушілік
мәселесіне аса мән береді. 2007 жылғы жолдауда «Қазақстандық патриотизм 
мен саяси ерік-жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары», - 
деп атап көрсетсе [1], кезекті халыққа жолдауы «Қазақстан – 2050» 
Стратегиясының басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың 
және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның 
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы және оның жетінші бағыты, 
жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың 
- көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың 
тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туындатса [2]. 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық жүзеге асыру аясында 
ұлттық салт-дәстүрлерге және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген 
патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу, сонымен бірге бастауыш сынып 
оқушыларын мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік, 
физикалық және зияткерлік дайындығын қалыптастыруға нақты талаптар 
қойылды [3].
«Қазақстан 
Республикасы 
үздіксіз 
білім 
берудің 
тәрбие 
тұжырымдамасында» «патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі қазақ халқының 
тарихы мен салтын, тілін сүйіп құрметтеуге, таңдаулы дәстүрлерін сақтауға 
және дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеп, игеруге 
негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, ұлтаралық мәдени 
қарым-қатынасты, т.б. қалыптастыруы қажет» [4], - деп заманауи жаһандану 
және қазақ халқының рухани қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпақты өз 
халқының рухани бай қазынасы және адамгершілік құндылықтары арқылы 
тәрбиелейтін ғылыми теориялық негіздерді жетік меңгеру, практикалық 
жағынан жетілдіре түсу, өз Отанының патриоты ретінде тәрбиелеу қажеттілігі 
туындап, егемен еліміздің болашақ ұрпағы – бастауыш сынып оқушыларының 
бойында патриоттық сезімді оятып, патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі оқу-
тәрбие үдерісінде жүзеге аспақ. 
«Қазақстан Республикасы мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу 
тұжырымдамасында» [5], «Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа 
тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында» азаматтардың бойында 
жоғары патриоттық сана-сезімді, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, 
патриоттық тәрбиелеу жүйесін мақсатты дамыту арқылы Отан мүдделерін 
қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға 
әзірлікке тәрбиелеу қажет екендігі атап көрсетілді [6].
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында (11-бап, 3-тармақ) білім 
беру саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі былай 
көрініс тапқан: «...азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген 
сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық 
дәстүрлерін құрметтеу, қажеттігі айтылады [7]. Қaзaқcтaн Pecпубликacындa 
бiлiм бepудi және ғылымды дaмытудың 2020-2025 жылдapғa apнaлғaн 



мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы 27.12.2019ж [8], ҚР Үкіметінің № 988 қаулысында 
[9].
2019 жылдың желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасы 
«Педагог мәртебесі» заңының қабылдануы және соған сәйкес педагогқа 
қатысты қызметтері, іс-әрекеттеріне байланысты өзгерістерінің болуы зерттеу 
жұмысымызда бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбие үдерісін жүргізу 
барысында педагогтың кәсіптік шеберлігін, зерттеушілік қызметін, зияткерлік 
және шығармашылық деңгейін 
үздіксіз жетілдіруі міндеттелгендігін 
байқаймыз [10]. Осы ретте, бастауыш сынып оқушыларында өз Отанына, өз 
халқына, ана тіліне, ұлттық мәдениетке, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарға сүйіспеншілікпен және құрметпен қарау маңызды екендігі,
«патриоттық», «патриоттық тәрбие», бастауыш оқу-тәрбие үдерісі негізінде 
патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі өзекті болып отыр.
Осыған орай, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу мәселесіне 
байланысты зерттеу жүргізген философтар, психологтар, педагогтердің ғылыми 
еңбектеріне теориялық тұрғыда талдау жасалды.
Бастауыш мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру теориялық-
әдiснамалық негiздерiн философиялық мәнділігі, С.Е. Нұрмұратов [11],
А. Айталы [12], Т.Қ. Ғабитов [13], Б.С. Ерасов. [14] т.б., тарих саласы 
бойынша Л. Ахметова [15], Ж. Қасымбаев [16], М. Қозыбаев [17-18],
Қ. Мыңжанұлы [19], О. Смағұлов [20], Т. Тұрлығұлов [21], Т. Жұртбаев [22],
М. Шоқай [23], филологиялық еңбектерде М. Әуезов [24], М. Жолдасбеков 
[25], Қ. Жұмадiлов [26], Н. Келiмбетов [27], М. Мағауин [28], Қ. Мұқаметқанов 
[29], С. Мұқанов [30], Қ. Салғарин [31], А. Сейдiмбек [32-33], т.б. еңбектерiнде 
көрініс тапқан. 
Жас ұрпақ бойында өз еліне, жеріне, туған ортасына деген сүйіспеншілік, 
ұлттық мәдениеттің тұлға бойында қалыптасу барысы ғұлама ағартушылар
Ш. Уәлиханов [34], Ы. Алтынсарин [35], А. Құнанбаев [36], еңбектерінен, 
сондай-ақ, 
XX 
ғасырдың 
1-жартысындағы 
педагог-ағартушылар
М. Жұмабаев [37], Ж. Аймауытов [38], Ш. Құдайбердиев [39], М. Дулатов [40],
А. Байтұрсыновтың [41], рухани мұраларынан бастау алды десек, артық 
болмас.
Патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық негізін алыс және жақын шетел 
ғалымдары В.Н. Мясищев [42], Л.С. Рубинштейн [43], Д.Н. Узнадзе [44],
А.И. Титаренко [45], А.В. Кирьякова [46], Н.Г. Казакина [47], қарастырса,
орта және жоғары сыныптағы оқушылар патриоттыққа тәрбиелеу мәселелері 
педагогикалық ғылымда кеңінен талқыланады, бұған Н.И. Новиков [48],
Д.Д. Семенов [49] және т.б. авторлардың еңбектері дәлел бола алады. 
Патриотизмнің мазмұны, принциптері мен әдістері Н.И. Болдырев[50],
И.П. Терентий [51] зерттулерінде көрініс тапқан. 
Патриоттық тәрбие беру мәселелерін қазақстандық ғалымдар да 
зерделеуде. 
Қазақстандық 
ғалымдар 
К.Ж. 
Қожахметова 
[52],
С.Т. Иманбаева [53], Ш.Т. Таубаева [54], Г.К. Белгібаева [55],
А.К. Дуйсенбаев [56], Г.С. Майлыбаева [57] және т.б. еңбектерінде ұлттық 



мәдениеттің және халық педагогикасы тәжірибесінде ұсынылған білімнің 
өскелең ұрпақты азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызы нақтыланса, 
ғалымдар Г.Қ. Нұрғалиева [58], Б.К. Құдышева [59], М.И. Кикина [60],
К. Найманбаева[61] тұлғаның әлеуметтік даму құндылықтарын айқындау және 
патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерін қарастырған. С.С. Тілеуова [62],
Д.А. Нұрғалиева [63] еңбектерінде патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық 
негіздері мен тиімді жолдары анықталған.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасу ерекшеліктері
А.Қ. Аренова [64], Ж.С. Сардарова [65], Н.С. Жұмашева [66],
А.Б. Медешова [67], С.М. Төрениязова [68] т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
орын алса, болашақ мұғалімдерді оқушыларға патриоттыққа тәрбиелеуге 
мәселесі бойынша А.С. Карпыкбаева [69] зерттесе, сыныптан тыс спорттық 
шаралар өткізу арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша 
З.Ж. Айджанова [70], А.Н. Иманбетов [71] ғылыми еңбектерінде зерттелген.
Жоғарыда аталған еңбектердің барлығы оқушыларға патриоттыққа 
тәрбиелеу мәселесінің бірқатар зерттелгенін айқындайды. Дей тұрғанмен, бұл 
мәселе осы кезге дейін зерттеу нысанына алынбаған. Сол себепті бастауыш 
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеу қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда 
зерттеліп, ғылыми әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз 
етілмегендігі және аталмыш мәселенің қоғам талабына сай қарастырылмауы 
арасында қарама-қайшылық орын алғандығы байқалады. Осы қарама-
қайшылықтар біздің проблемамызды айқындап, зерттеу мәселесі мен 
тақырыбын «Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет