Тулегенова газиза адилбековна



Pdf көрінісі
бет3/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

 
 
 
 



АНЫҚТАМАЛАР 
Диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар 
қолданылды:
Бастауыш мектеп - бұл бастауыш мектеп жасындағы балаларға 
бастауыш білім беретін оқу ордасы. 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу - бұл олардың патриоттық әлемдегі 
объективті орны мен құрылымы туралы, яғни әлеуметтік-мәдени факторлар мен 
жеке тұлғаның құрылымы арасындағы әртүрлі құндылықтардың өзара 
байланысы туралы оқыту. 
Патриоттық сезім – келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, 
мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, 
дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді.
Патриоттық сезім – жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. 
Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық 
сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты 
дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, 
оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, 
халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады.
Патриоттық тәрбие – жеке тұлғаның рухани дамуының негізі және 
тұлғаның қоғамға, еңбекке, өзіне-өзі деген саналы қарым-қатынасының тұтас 
жүйесі түрінде көрініс табады.
Патриоттық тәрбие – тұлғаның ұлттық келбетін анықтайтын өзіндік 
санасы мен патриоттыққа тәрбиелеу қатынасын көрсететін сенімі, көзқарасы
ұмтылыстары түріндегі ерекше тұлғалық құрылым. 
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу моделі
патриоттыққа тәрбиелеу жүйесі туралы бастапқы білім негіздері қалыптасқан,
патриоттыққа тәрбиелеу танып, бағалайтын және оны таңдайтын, өзіндік сана-
сезімі қалыптасқан, рухы жоғары, патриоттық тәрбиесі анықталған тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет