Тураева Айгүл Тасболатқызы


ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



бет3/30
Дата02.01.2022
өлшемі189.5 Kb.
#454231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
автореферат

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ  

     Зерттеудің өзектілігі. Тілдік категорияларды мағыналық жағынан қарастыру соңғы кезде тіл теориясында да, практикасында да жаңа қарқын алып келеді. Бұл орайда әсіресе функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған функционалды грамматикаға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматика (лингвистикалық функционология) мәселелерінің қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола бастады.

     Қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік категориясы осы кезге дейін арнайы зерттеу нысаны болмаған. Оның парадигмалық ұйымдасуы, тілдің түрлі деңгейлеріндегі берілу жолдары анықталмаған болатын. Алайда мұндай зерттеудің қажеттілігі функционалды грамматика, типология, тіл тарихы, аударма теориясы мен тәжірибесі, қазақ тілін оқыту әдістемесін сабақтастыра қарастырудан туындап отырған қазақ тіл біліміндегі қазіргі таңдағы кешенді бағытпен байланысты. Осымен байланысты жұмыстың өзектілігі мен мақсатын белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясын қалыптастыратын тілдік құралдарды анықтап, талдау, оларды семантикалық қызметінің ортақтығы негізінде бір өріске біріктіруден көруге болады.

     Соған сәйкес бір грамматикалық-лексикалық өріс компоненттерінің мәндерін айқындай отырып, өрістің құрылымын, элементтерінің арасындағы қатынасты сипаттау да кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Себебі грамматикалық бірліктердің қызметін талдау тілдің түрлі деңгейлерінің элементтерін талдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, белгілілік/белгісіздік категориясын прагматика мен референция мәселелерімен байланысты сөз етудің маңызы ерекше. Осы мақсатта жұмыста белгісіздік/белгісіздік мәндерінің грамматикалық және лексикалық жолдармен берілуі де арнайы сөз болып, соның нәтижесінде қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік фунционалды-семантикалық категориясының тұтас сипаты мен оның ішкі құрылымын көрсетуге тырыстық.

     Соңғы кездегі қазақ тілін зерттеуден ғылым жетістіктері қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік категориясын да жан-жақты талдауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, нысанына сәйкес зерттеу тіл құбылыстары жүйелі талдауға негізделеді. Бұл ұстаным қазіргі таңда жеке тілдік категорияларды функционалды тұрғыдан зерттеуде ерекше маңызға ие болып келеді.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет