Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
- қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік категориясы - функционалды-семантикалық категория болып табылады. Оның ұғымдық статусы тілдің түрлі деңгейлерінде көрініс табатын көптеген семантикалық варианттардан құралады.
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлерде нақты көрініс табады;
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы тілдік қолданыста, контексте анық көрінеді;
- қазақ тіліндегі белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясы - ұғымдық категория болып табылады;
- белгілілік/белгісіздік функционалды-семантикалық категориясының инвариант мәні тыңдаушыға заттың таныс не бейтаныс болуына негізделеді;
Достарыңызбен бөлісу: |