Туралы таным


Ижтихад шарттары мен қабілеттілік



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ижтихад шарттары мен қабілеттілік 
нормалары 
Имам Шафий (р.ғ.) айтады:
«Мына сипаттарға ие болған адамнан басқа 
біреудің Аллаһтың дінінде пәтуа беруіне рұқсат жоқ. 
Яғни Аллаһ кітабы Құрандағы аяттардың насих-мансу-
хын, мухкам-муташабихін, аяттардың түсу себебін, 
Мәкки-Мәдәни екендігін білу; бұдан кейін хадистердің 
де дәл осы мәселелерін білу; одан кейін араб тілі мен 
араб шайырларының жазбаларынан Құран мен ха-
дисті түсінуге қажетті мөлшерде білуі керек. Бұған 
қоса бұларды ынсапты түрде әділдікпен қолдана алуы, 
халықтың даулы мәселелеріне басшылық ете алуы және 
бойында тумысынан біткен дарындылық болуы керек. 
Егер осылай болса онда оған харам-халал жайында 
сөйлеуі және пәтуа беруіне болады. Әйтпесе, оның 
пәтуа беруге құқығы жоқ».
Имам Шафийдің бұл сөзі мүжтаһидте болуы керек 
шарттарды қысқаша қамтуда. Бұған төменде кеңірек 
тоқталамыз.
Бірінші шарт: Құрандағы амали үкімдерді егжей-
тегжейлі толығымен білу. Себебі Аллаһ Тағала Құранды 
насихат және сенім негіздері болуымен қатар адамдарға 
заң шығарушы дереккөзі ретінде түсірді. Адамдар оны 
Аллаһ Тағаламен қарым-қатынас жасауда, өз арала-
рында қоғамдық және халықаралық қатынастарда да 
басшылыққа алады. Сондықтан ақида, дағуат және 
қисса аяттарынан басқа бес жүз шамасындағы аят 
шариғат заңдылықтарының негізін қалап, жалпы при-
нциптерін белгілейді. Кейбір тақырыпта жалпылама 
біртұтас қарастырса, ал кейбір тақырыпта егжей-те-
гжейлі қарастырып нақты үкімдерін қояды. Осы бес 


85
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
жүзге жуық үкім аяттарын кейбір фиқһшы тәпсіршілер 
тәпсірлеуге ден қойды. Олардан бірі тәпсірлеуде 
Құрандағы реттік жүйеге қарай тәпсірлесе, бірі тақырып-
тақырып етіп қарастырды. Әрбірі өз мәзһаб имамының 
көзқарасына сай түрде зерттегеніне қарамастан өте бай 
фиқһи қазына қалдырып кетті. Мүжтаһид болатын кісі 
бұларды назардан тыс қалдыра алмайды.
Сонымен қатар Құрандағы үкім аяттары бір 
сүреде немесе аз ғана сүреде реттеліп жинақталған 
емес. Әрбірі өзіне қатысты оқиға себебімен әр түрлі 
уақытта түсті. Одан кейін Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 
уахи басшылығындағы нұсқауымен сүрелерге реттеліп 
қойылды. Ізденуші бір тақырыпқа байланысты аят-
тарды бір орында жинақталған күйде таба алмайды. 
Түсу мезгіліне байланысты тәртіппен табуы да оңайға 
соқпайды. 
Әрбір ижтихадпен пәтуа беруге бел байлаған адам 
үшін осы аяттарды және олардың фиқһи мағынасын 
білуі керек. Бұл іс әуелі аяттарды түгел теріп топ-топқа 
бөлуді қажет етеді, содан кейін үкім шығара алуы үшін 
тәпсірлеу керек. Одан кейін де ол аяттардың түсу се-
бебін, аяттағы мағынаның айтылу себебін, аят пен осы 
аяттың тәпсірі жайында айтылған хадистердің арасын 
байланыстыруды меңгермейінше тәпсір жасау оңай 
болмайды. Бұған қоса мүхкам мен муташабих, насих 
пен мансух, захир мен хафи, мутлақ пен муқайяд 
сияқты Құранның әдеби саласына қатысты ғылымдарды 
меңгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет