86
Мәзһаб туралы таным
шешімінің барлығы кіреді. Себебі сүннет – Ислам
құқық негіздерінің Құраннан кейінгі екінші дереккөзі
болып саналады. Мүжтаһид хадис фиқһының барлығын
үйренуі тиіс. Пәтуа ісіне
кіріспестен бұрын хадисте-
гі ғибадатқа, құқықтық нормаларға және әр түрлі
жағдайларға қатысты бөлімдерді меңгеруі қажет.
Хадистер бізге жету тұрғысынан барлығы бірдей
нақтылыққа ие бола бермейді. Хадис шежіресін-
дегі (хадисті пайғамбарымыздан (с.а.у.)
бері қарай
жеткізушілердің тізімі) мәселелерге байланысты сахих
(дұрыс), зағиф (әлсіз) сияқты сипаттамалар алады.
Сондықтан бұл саладағы ғалымдар хадистің осы тұсына
орасан зор көңіл бөлді. Хадис шежіресіндегі әрбір кісіні
егжей-тегжейлі зерттеді. Хадистерді арнайы қойылған
шарттар аясында топ-топқа бөлді. Олар хадисті риуаят
еткен кезде оның дәрежесін, қай топқа жататынын ба-
яндап, мутауатыр немесе мәшһүр немесе ахад хабар
деп айтып кетті. Сондықтан ізденуші бұл тұрғыда
соншалықты қиындыққа жолықпайды. Тақырыптарға
бөліну жағынан да айтарлықтай қиыншылық көрмейді.
Хадис кітаптарының көбісі фиқһи тәртіппен реттелген
және фиқһ тақырыптарын арнайы баптарда қарастырған.
Енді ізденуші осы хадистердің фиқһтағы мағыналарын
арнайы жазылған түсіндірме кітаптары арқылы үйренуі
керек. Бұған қоса мүжтаһид үшін хадистегі сөздердің
мазмұнындағы
жалпылық пен жалқылықты, шектеулі
мен шектеусізді қайсысының үкімін жойғанын және
қайсысының оның орнына қойылғанын білу шарт.
Үшінші шарт: Өзіне дейінгі бүкіл ғасырдағы
мұсылман ғұламаларының
ижмасымен қойылған
шариғи амали үкімдерді білуі. Себебі осындай ижмамен
(бүкіл мұсылман ғұламасының қолдауымен) шариғи
87
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
үкім белгіленгеннен кейін бұл мәселеде жаңа ізденіс
пен өзгеріс жасауға орын жоқ. Бір фиқһшы
ғалымға
ижмамен бекітілген мәселеде пәтуа сұралса, бекітілген
ижмадан хабарсыз болғандықтан бұл үкімге қайшы
пәтуа беруі мүмкін. Шариғатта бұған рұқсат етілмейді.
Төртінші шарт: Ислам шариғатының көздеген
мақсат-мұраты мен басты принциптерін толық білу.
Себебі егер осылардың біреуінен хабарсыз болса, із-
деніс жасауда кейбір
мәтіндердің сырт мағынасына
қарап, қатеге түсу ықтималдылығы басым болып,
нәтижеде бұл принциптерге қайшы пәтуа беруі мүмкін.
Бұған шариғатта рұқсат етілмейді.
Бесінші шарт: Халықтың әдет-ғұрыпын, хал-аху-
алын және олардың игілігі мен зиянына алып баратын
нәрселерді толық білуі. Себебі бұларды білмейінше
дұрыс пәтуа беру мүмкін емес.
Алтыншы шарт: Араб тілін толық меңгеру. Мор-
фология (сарф), синтаксис (наһу) және араб әдебиеті
арқылы сөздің мағыналық құрылысын (баян) біледі.
Осы арқылы ижтихадта
сөздің мазмұнына қатысты
нақты шешім қабылдай алады.
жетінші шарт: Дінінде және мінез-құлығында ту-
рашыл болу. Яғни жаман іс-әрекеттен аулақ болуы. Бұл
шарт ғылыми тұрғыдан емес, бірақ пәтуасының қабыл
етілуі тұрғысынан рөл атқарады.
Сегізінші шарт: Ақылының кәмілділігі. Дұрыс
қорытындыға қол жеткізу өте қиын болғандықтан,
парасаттылық пен даналыққа жетпеген адам мүжтаһид
бола алмайды.