Туралы таным


Ханафи мәзһабының дамуы және жайылуы



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ханафи мәзһабының дамуы және жайылуы
Ханафи мәзһабы Аббасит дәулетінің билік құрған 
барлық өлкелеріне тараған. Аббасит дәулетінің 
57
Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер 
Тарихи. 248-250 бб.


54
Мәзһаб туралы таным
кезінде Әбу Юсуфтың қазы болуы бұл мәзһабтың 
кең тарауына бірден-бір себеп болды. Халық та бұл 
мәзһабты қоштаған еді. Ирак, Түркия, Мауренахыр, 
Орта Азия, Хорасан, Кавказ, Балқан, Сирия мемле-
кеттері Ханафи мәзһабын ұстанған. Қазіргі уақытта 
да дүниедегі мұсылмандардың көпшілігі Ханафи 
мәзһабының өкілдері. Мысырда Нуриддин әш-Шәһид 
(ө. 596) Ханафи мәзһабын халық арасында үйретіп, 
әрі осы мәзхабты оқитын медреселер ашты. Ханафи 
мәзһабы Куфада туды, Әбу Ханифаның мыңнан астам 
шәкірттері арқылы қысқа бір заманда дүниенің түпкір-
түпкіріне тарады. Куфадан кейін Бағдат осы мәзһабтың 
ең маңызды орталығына айналды. Ирак халқынан кейін 
Сирия, Мысыр, Анадолы, Мауренахыр уақыт өте келе 
Қытай мен Үндістанға да жеткен болатын.
Негізінен бұл мазһабтың дамып жайылуына мына 
басты үш нәрсе себеп болған:
1. Әбу Ханифаның шәкірттері өте көп еді. Олар 
оның фиқһының сүйенген негіздерін түсіндіру, 
көзқарастарын жаю жолында өте көп еңбек етті.
2. Имам Әбу Ханифаның шәкірттерінен кейін келген 
және бұл мәзһабқа тәуелді болған ғұлама фиқһшылар 
үкімдерінің себептерін (иллеттеррін) түсіндіріп және 
бұларды келешек ғасырларда туындайтын мәселелерде 
қолдануға қатты мән берген. 
3. Аббасит мемлекетінің ресми мәзһабы Ханафи 
болғандықтан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері әртүрлі 
болған көптеген елдерге жайылған. Бұл өлкелерде 
әртүрлі оқиғалар туындап үкім беру қажет болған кезде 
осы мәзһаб бойынша шешуге тура келді. Осылайша 
Ханафи мәзһабы Аббасидтер кезеңінде бес жүз жылдан 


55
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
астам уақыт Ислам дүниесінде ресми мәзһаб ретінде
қолданылды
58
.
Бүгінгі таңда Орта Азия, Үндістан, Шығыс 
Түркістан, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Кафказ, Қытай, 
Балкан өлкелерінде Ханафи мәзһабы кең тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет