Туралы таным



Pdf көрінісі
бет22/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ә) малики мәзһабы
Cенімді деректерге қарағанда Имам Малик хижри 
93 жылы Мәдина қаласында Иемен тайпасына жата-
тын араб текті жанұяда дүниеге келді. Әкесі Анас бин 
Малик Әбу Әмір Әл-Асбааһи Иемендегі Зу-Асбаһ тай-
пасынан болатын. Малики мәзһабы оның атымен ата-
лады. Мәдинадан шыққаны үшін оны “Хижрат елінің 
имамы” деген. Малики мәзһабы алдымен Хижаз халқы 
арасында қолдау тапты және кейіннен қажылар арқылы 
солтүстік Африка мен Испанияға жайылды.
Имам Малик әзіреті Пайғамбарға (с.а.у.) деген 
құрметінен оның денесі жерленген Мәдина қаласында 
атқа мінбей өтті. “Ақыретте Пайғамбар нәсілінен 
келген бір адаммен дауласқым келмейді” – деп, 
өзіне әділетсіздік жасаған Мәдина әкімі Жағфар бин 
Сүлейменді Пайғамбар әулетінен болғаны үшін кешір-
ген еді. 
Имам Маликтің жанұясына тиісті адамдардың 
көпшілігі ілім, хадис, сахабалардың хабарын және 
пәтуаларын үйреткен кісілер болды. Сондай ортада 
туып өскендіктен білімге деген қайраты мен талабы 
орасан зор еді. Имам Маликтің Надир есімді бауыры 
хадис ілімін білетін әйгілі мұхаддистердің бірі болған. 
Ол өмір сүрген жер ілім мен шариғаттың орталығы 
58
Әбу Зәхра М. Исламда сияси ве Итикади ве Фыкхи Мезхеплер 
Тарихи. 253-б.


56
Мәзһаб туралы таным
болатын. Имам Малик бірінші Құранды жаттағаннан 
кейін өзге бауырлары сияқты ілім мәжілістеріне қатыса 
бастады. Ол Мәдина ғалымдарынан ілім алды. Олардың 
ішінде Абдуррахман бин Хурмуздың дәрістеріне көп 
қатысты. Имам Малик Ибни Хурмузды өзінің ұстазы 
ретінде қабыл етіп, оны қатты сыйлайтын еді. Ал оның 
фиқһтағы ұстазы Рабия бин Абдуррахман еді. Имам 
Малик ілім үйрену жолында әртүрлі қиыншылықтарды 
бастан кешірді. Заманындағы барлық ғалымдардан 
сабақ алып, білім жолында еш нәрсесін аямай, тіпті
үйін де сатқан болатын. 
Хадис пен фиқһты бірдей меңгерген еді. Әл-Муатта 
атты шығармасы әрі хадис, әрі фиқһ кітабы. Ижтихад 
әдісінде сүннетті, Мәдиналықтардың іс-әрекеттерін
истихсанды, масалихи мүрсәләні, сәнәді (шынжы-
ры) берік болса сахабаға тиісті сөздерді дәлел ретінде 
қолдануы ең назар аударарлық ерекшелігі.
Имам Малик алдымен хадистерді, сосын 
сахабалардың пәтуаларын үйренді. Мұнымен қатар 
Исламға қатысты бүкіл ғылымға ден қойды. Сол уақытта 
Муғтазила, Харижилер сияқты көптеген мәзһабтар 
етек алған еді. Имам осылардың көзқарастарын, 
қателескен жерлерін ұстазы Ибн Хурмуздан үйренді. 
Ол үйренгендерін шәкірттеріне жеткізді. 
Имам Малик білімді екіге бөліп қарайды:
1) Бұқара халыққа айтуға болатын мәселелер. 
Бұл мағлұматтар ешкімге зиян тигізбейтін, кез келген 
адамның қиындықсыз түсіне алатын білімі. Бұлар 
Пайғамбардың (с.а.у.) хадистері, сахабалардың 
пәтуалары.
2) Барлық адамға түсіндірілмейтін, тек арнайы 
кісілерге тиісті білімдер. Мұндай білім кейбір кісілер-


57
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ге зарар беруі мүмкін. Бұлар: әр түрлі мәзһабтардың 
көзқарастары және осы көзқарастардың арасындағы 
қабыл етілмейтіндері. Жай адамдар бұл біліммен айна-
лысамын деп адасып кетуі мүмкін.
Имам Малик хижри 179 жылы Мәдина қаласында 
85 жасында Раббысына қауышты. Ол Мәдинадағы 
Бақи мазаратына жерленді. Жаназа намазын қала әкімі 
Абдуллаһ бин Зейнеп оқыған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет