Туралы таным



Pdf көрінісі
бет24/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Шәкірттері
Имам Маликтің шәкірттерінің саны өте көп болды. 
Олар әртүрлі аймақтардан келді. Хорасан, Ирак, Сирия 
әсіресе, басым көпшілігі Мәдина, Мысыр, Солтүстік 
Африка елдерінен келіп дәріс алды. Оның Мәдина 
қаласында тұрғандығы шәкірттерінің арта түсуіне 
себеп болды. Имам Маликтің шәкірттерінің көптігі 
соншалықты, ешқандай ғалымның шәкірттері Маликтің 
шәкірттерінің санына жетпейді деген риуаяттар бар. 
Әйгілі шәкірттері мыналар: Абдуррахман бин 
Қасым (ө. 132/749) Маликтен 20 жыл бойы фиқһ дәрісін 
оқыды. Сонымен қатар Ләйс бин Садтан да (ө. 175/791) 
дәріс алған. Малики мәзһабының әйгілі әл-Мүдәууәна 
атты шығармасын жазды. Бұл шығарманы одан Сахнун 
(ө. 240) алып, фиқһ тәртібімен реттеді. Яхя бин Яхя (ө. 
234/849), Малики мәзһабын Андалусияда (Испанияда) 
жайған фиқһшы. Әшхаб бин Абдулазиз (ө. 204-/819), 
Малик және Ләйстің қасында фиқһ ілімін тереңдетті.
Меккеге қажылыққа барғандар әзіреті Пайғамбардың 
(с.а.у.) қаласы Мәдинаны міндетті түрде зиярат ететін. 
Осы кезде дүниенің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар 
Имам Маликпен кездесуге асығатын. 
Имам Маликтің еңбектері
Имам Маликтің ең атақты кітаптарының бірі – 
«Муатта». Оның бұдан басқа да кітаптары бар. Суюти 
«Тәзини Мәмалик» атты кітабында былай дейді: 
«Кейбір мәліметтерге қарағанда, Имам Малик Му-
аттадан басқа көптеген еңбектер жазған. Мен оның 


60
Мәзһаб туралы таным
тамаша жазылған тәпсір кітабын көрдім». Оның Му-
аттадан басқа кітаптары кеңінен танылмаған. 
Муатта кітабы Ислам әлеміне мәлім кітап. 
Хижаздықтардың 
хадистерін, 
сахабалар 
мен 
табиғиндардың пәтуаларын ең алғаш жинақтаған Имам 
Малик болып табылады. Муатта кітабы хадис, сүннет 
және фиқһқа негізделген. Муаттада жазған хадистердің 
рауилері мен мәтіндерін мұқият тексеруден өткізіп 
хадистердің сахихтерін алуға тырысқан. Кейбір 
риуаяттарға қарағанда Муаттада 10 мыңға жуық хадис 
бар делінген. Тіпті хадис риуаят етуші рауилердің 
санына дейін жазған. Сахабалардан 185 ер, 23 әйел 
болса, табиғиндардан 48 ер болған. Олардың көпшілігі 
мәдиналық. Жетеуі өзге аймақтардан. 
Муатта кітабы 11 жылдың көлемінде жазылып, 
һижраның 159 жылы халыққа ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет