58
Мәзһаб туралы таным
Зүһри, Бүкәйір бин Абдуллаһ және Әбу Зинад. Сосын
олардың бар ілімі Малик ибни Әнәсқа өтті».
Имам Малик негізінен бес ғалымның жанында көп
дәріс алды. Олар: Абдуррахман Ибни Хүрмүз, Әбу
Зинад Абдуллаһ Ибни Зәкуан, Яхия бин Сайд Әнсари,
Рабия бин Әбу Абдуррахман Фарух және Мұхаммед
Ибни Шиһәб Зүһри. Бұлардан басқа алтыншы ұстазы
ретінде Абдуллаһ бин Омардың азат еткен құлы Нафиды
айтуға болады. Нафидан фиқһ ғылымын үйренді. Нафи
һижраның 117 немесе 120 жылдары өмірден озған.
Әбу Зинад Абдуллаһ
Ибни Зәкуаннан хадис, са-
хабалар мен табиғиндардан қалған фиқһ еңбектерін
үйренді. Ол 66 жасында 130
жылы Рамазан айында
дүниеден өтті.
Мұхаммед Ибни Шиһәб Зүһри әйгілі хадис
ғалымдарының қатарында болатын. Имам Малик одан
хадис ғылымын үйренді. Сондай-ақ Имам Малик оның
Омар бин Абдулазиздың әмірімен әзіреті Пайғамбардың
(с.а.у.) хадистерін алғаш рет жинақтағандығын айтады.
Ол һижраның 125 жылы дүниеден өтті.
Яхия бин Сайд Әнсари Имам Маликтің атақты рей
59
ұстаздарының бірі. Ол халыққа рей фиқһын үйретумен
танымал болған. Һижраның 132
жылдары өмірден
озды.
Имам Маликтің ғылым саласында көзге көрініп,
ілімінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі Рабия.
Толық аты-жөні Рабия бин Әбу Абдуррахман Фарух.
Ол тарих пен риуаят фиқһын терең меңгерген еді.
Хадис шәрифті негізгі бұлағынан үйренген. Сахабалар
мен табиғиндардың пәтуаларын өз атындай білетін.
59
рей: аятпен хадис табылмаған
мәселелерде жалпы аят-
хадистердің басшылығымен үкім шығару үшін ізденіс жасау
59
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
Сондықтан Рабия Имам Маликтің ғылым саласында
дәрежесінің көтерілуіне үлкен септігі тигізгендігін айта
аламыз. Ол һижраның 136 жылы дүние салды.
Достарыңызбен бөлісу: