Туралы таным


Қайшылыққа түсудің себептері



Pdf көрінісі
бет44/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Қайшылыққа түсудің себептері
68
Қайшылыққа түсудің себептері әр түрлі. Дегенмен 
оларды негізгі екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі – мінез-құлықтан туындайтын; екіншісі – 
пікір әркелкілігінен туындайтын қайшылықтар.
Қайшылықтың туындауына себеп болатын мінез-
құлықтарға төмендегілерді жатқызуға болады. 
1. Менмендікпен өз пікірін жоғары санау.
2. Өзгелер жайлы жаман ой мен дәлел-айғақсыз 
кінәлауға құмарлық.
3. Өзімшілдік пен нәпсіқұмарлық. Осының 
нәтижесінде атақ пен мансапқа құмарлық пайда болады. 
Бұл өзгелерді мойындамауға алып барады.
4. Жеке тұлғалардың немесе топтардың фанаты 
(жанкүйері) болу.
67
«Әли-Имран» сүресі, 19-аят
68
Ихтилаф тақырыбындағы материалдар Юсуф әл-Қардауидің 
«әс-Сахуат-ул Исламия байна-л ихтилаф-ил машруғ уат-
тафарруқ-ул мәзмум» кітабы бойынша дайындалды


99
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Ислами тәрбие саласындағы ғалымдардың пікірін-
ше бұлардың барлығы адамдарды рухани қатерге 
ұшырататын ең нашар мінез-құлықтар. Ислам 
уағызшысын былай қойғанда жәй бір мұсылманның өзі 
бұл мінездерден құтылуы үшін күрес жүргізуі қажет. 
Мұндайда шайтанның құрығынан құтылып, олардың 
орнын жақсы мінез-құлықтармен толтыруы үшін 
нәпсі тәрбиесі қажет-ақ. Ал осы нашар да қатерлі мі-
нездерден бастау алатын қайшылықтар – бөлінушілік 
пен жамандыққа алып баратын қайшылықтар. Мұның 
ешбір пайдалы тұсы жоқ.
пікірден туындаған қайшылықтар
Пікірден туындайтын қайшылықтарға келетін 
болсақ, бір істе бірнеше көзқарастың пайда болуынан 
шығады. Бұл іс шариғаттың фиқһи тармақтарында 
және иман негіздеріне әсер етпейтін кейбір итиқади 
мәселелердегі 
қайшылықтар 
сияқты 
ғылыми 
теориялық болуы да немесе саяси ахуалға байланыс-
ты шешім қабылдауда болатын қайшылықтар сияқты 
іс-тәжірибелік болуы да мүмкін. Екі жақтың тәжірибе, 
білім, көрегенділік, зеректілік сияқты ерекшеліктерінің 
нәтижесі ретінде туындаған қайшылықтар. Мұнда 
адамның өскен ортасы мен заманының да әсері болады. 
Мұндай қайшылықтарға жалпы өмірден көптеген мы-
салдар бере аламыз. Мәселен бір істің алға жылжып 
оң нәтиже беруі үшін әр түрлі көзқарастар айтыла-
ды. Бірі пайдалы жағын көрсе, бірі зиянды жағын 
байқайды. Сондай-ақ тарихи оқиғаларға баға беруде 
де әрқилы пікірлер айтылып жатады. Ойшылдар мен 
ғылым адамдарын бағалауда да сондай. Бірі жетістігін 
тізбектесе, бірі кемістігін санауы мүмкін. Осылардың 


100
Мәзһаб туралы таным
ішіндегі ең кең тараған қайшылықтар фиқһтың 
тармақ мәселелерінде кездеседі. Шариғаттың фиқһ 
саласындағы көзқарас қайшылықтырының себебі мы-
налар: Құран мен хадис мәтінін түсінуде көптеген 
мектептердің қалыптасқандығы; Құран мен сүннеттен 
анық үкім таппағанда сол екеуіне сүйене отырып, өз із-
денісімен үкім шығаруда әр түрлі қағидаларға жүгінуі; 
Бірінің кеңшілік жағын, бірінің рұқсат шеңберін тар 
ұстауы сияқты ғылыми-әдістемелік жолдар мен бірінің 
табиғаты қатты, ал бірінің табиғаты жұмсақ болуы 
сияқты толып жатқан себептері бар. Мәзһабтар арасы 
айырмашылықтың барлығы осыған мысал бола алады. 
Яғни ғылыми әдістемелік жолдың нәтижесі ретінде 
пайда болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет