Туралы таным



Pdf көрінісі
бет46/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Тіл құрылымы
Діннің бастау алар қайнары – Құран мен сүннет 
екеуі де тіл қағидаларына сүйенетін мәтіндер. 
Бұлардың ішінде тіл тұрғысынан мағынасы айқыны 
және бүркемелісі бар. Бір ғана дәрет алуды парыз еткен 
«Мәида» сүресінің 6-аятын алсақ, тілдік ережелердің 
70
Бұхари


103
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
әсерінен бір-бірінен бөлек қаншама үкімдер шығаруға 
болады. 
«Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді 
және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. 
Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобыққа 
дейін жуыңдар»
71
– дейді. Бұл аятта басқа мәсіх тартудың 
көлемі нақты белгіленгендіктен, Шафиғиларда бастың 
кішкентай бөлігіне мәсіх ету, тіпті су себу жеткілік-
ті. Ал Ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен 
біріне мәсіх ету парыз болса, Малики және Ханбали-
ларда басты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің 
ұстанған көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтірген-
діктен, бәрі дұрыс. Себебі барлығы берген пәтуаларын 
аятта қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны біл-
діретін «руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған 
«б» әрпінен шығаруда. Араб тілінде «б» әрпі әртүрлі 
мағынада келеді.
• Ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді 
әдемілеу үшін келеді.
• «Кейбір» мағынасын білдіреді.
• «Тигізу, жанастыру, бітістіру» мағыналарында 
келеді.
Міне, сондықтан Имам Ахмед пен Имам Малик: 
«Бастың барлық жерін мәсіх ету керек. Себебі бұл 
жердегі «б» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген, 
мағынасы жоқ артық әріп», – дейді.
Ал Әбу Ханифа болса, «бұл жердегі «б» әрпі 
«кейбір» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, бастың 
кейбір жерін мәсіх етсе жетіп жатыр» дейді.
Ал Имам Шафий болса, бұл жерде «б» әрпі «тидіру, 
біріктіру, жабыстыру, жанастыру» мағынасында келген-
71
«Мәида» сүресі, 6-аят


104
Мәзһаб туралы таным
діктен, тек қана қолдың басқа жанасуы, бірнеше шашқа 
тиюі мәсіх ету болып саналады деп пәтуа берген.
Олай болса, Құран мен сүннетті оны түсінудің 
басты құралы саналатын тілдің ерекшелігінен бөлектеп, 
біржақтылық талап ете алмаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет