Туралы таным



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Ижтихад жасау үкімі
Ислам шариғаты өмірдің барлық саласында, барлық 
уақытта жүретіндігі, оған қоса өмірдің жаңарып, дамып 
отыратындығы, осыған сай жаңа шешімдерге қажеттілік 
туындауы ижтихадтың исламдағы маңызын ұлғайта 
түседі. Ижтихад жасаудың үкімі мүжтаһидтік дәрежеге 
жеткен адам мен жетпеген адам арасында өзгеріп оты-
рады.
а) Мүжтаһид дәрежесіне жеткен ғалымдар үшін кей 
жағдайда парыз айн, кей жағдайда парыз кифая, ал кей 
жағдайда мұстахаб болады. 
Яғни шариғи үкімі білінуі керек болған бір оқиғамен 
бетпе-бет келсе, онда ол басқа ешкімнің ижтихадына 
ермей өзі ижтихад жасауы мүжтаһидтікке лайық кісіге 
парыз айн болады.
Сондай-ақ кез келген бір мұсылман немесе 
мұсылман жамағаты шариғи үкімі анықталуы керек бір 
оқиғаға тап болса, мүжтаһидтікке лайық кісі сол елге 
мүфти болып сайланса немесе одан басқа лайық кісі 
болмаса тағы да ижтихад жасау парыз айн болады.
Егер осы жағдайларда бірнеше мүжтаһидтікке 
лайық кісілер болса, онда оларға парыз кифая болады. 
Іштерінен бірі пәтуа берсе, өзгелердің мойнынан міндет 
түседі. 
Ал егер әлі кездеспеген, болашақта орын алуы 
мүмкін оқиға жайында «осылай бола қалса» деп сұрақ 
қойылса, онда пәтуа беруі жақсы (мұстахаб) болады, 
қаласа жауап бермейді. Бұл пәтуаға зәрулік болмағаны 
үшін оған күнә жоқ.
ә) Мүжтаһидтік шарттарға лайық болмаған 
ғалымдар мен өзге халық үшін ижтихад жасау (өз бетін-
ше Құран мен хадистен үкім шығару) харам. Себебі 


89
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
бұл адамдар шариғи дәлелдерді зерттеуге, ол жердегі 
Аллаһтың үкімін түсінуге қабілетті емес. Олардың із-
деністері Аллаһтың үкіміне жеткізе алмайтындығымен 
қоса, адасушылыққа итермелейді. Сондықтан Аллаһ 
Тағаланың «Егер білмесеңдер білім иелерінен 
сұраңдар»
62
деген әміріне құлақ түріп, бұл адамдар өзге 
білетіндерден сұрауы тиіс. Сондай-ақ Аллаһ Тағала 
пендесінің шамасы жетпейтін нәрсені жүктемейді. 
Құранда: «Аллаһ адамға шамасы келетін міндетті ғана 
жүктейді»
63
– дейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет