105
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
біздің иіскейтін райхан гүліміз» дейтін. Абдуллаһ ибн
Омар «әйелдің денесіне қол тисе дәрет бұзылады» десе,
Ибн Аббас «бұзылмайды» дейтін.
Хазіреті Әбу Бәкір
мен Хазіреті Омардың жағдайлары да осындай. Бірі
тұтқындарға кеңшілік жасауды ұсынса, бірі жазалауды
жөн көрген болатын.
Әлем және өмір әркелкілігі
Құранда: «
Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырғанын
көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жеміс-
тер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл
әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?
Адамдардың, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктердің
түстері әр түрлі болғандары да осы секілді. Шын
мәнінде Аллаһтан оның ғалым құлдары ғана қорқады.
Расында Аллаһ өте үстем, аса жарылқаушы»
73
.
Демек, бұл бір-біріне теріс түсу мағынасында
емес. Бұл түрі мен түсі әр түрлі
бола тұрып бір-бірі-
не үйлесімділік сақтаған әркелкілік. Адам өмірінің
де мезгіл мен мекен әсеріне қарай өңін өзгертіп оты-
ратыны анық. Ендеше осы
әлемнің бір бөлігі санала-
тын адамдардың да әртүрлі түсінікте болуы кемшілік
немесе кереғарлық емес.
Достарыңызбен бөлісу: