2 тақырып. Туристік жорықтардағы табиғи
кедергілердің сипаттамасы – 2 сағат
3 дәріс. Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.
Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.
Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.
Тау туризміндегі негізгі кедергілер – асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.
Соқпақпен жүру ережелері. Ритм. Жоғары-төмен. Тамыр соғуы тоқтағаннан 5-6 мин. Кейін қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі – 8-10 мин. Жазық жердегі рюкзакпен жүргенде 3,5-4 км/сағ. болады.Тоқтау, күту.
Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ. Өкшесін толық басып қою. Тастарды пайдалану. Қиғаштап жүру. Альпеншток қолдану. Траверс. Жатас үстіндегі шөпті беткейге бармау.
Шөгінді үйінділер, мореналар. Мықты жатқан тастар: күңгірт, қына өскен. Тас құлағанда айғайлау керек.
Қар түрлері өте көп. Фирн. Ережелер:
1.Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды
2.Беткейге еңкеймей тұру керек.
3. Тәңертең жүрген жөн.
4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау.
5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу.
6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы үлкейту керек.
7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.
8. Алдағы келе жатан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.
9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек.
10. Алда келе жатқанды жиі ауыстырып тұру қажет.
11. Көлбеуі 30 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады - өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады.
12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға(глиссаж жасауға болмайды).
Қарлы жер бедерімен қозғал қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең. Күндіз, еріген кезде қиын. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе болады.
Мұздыта қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.
Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын бйқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.
Еңбектеп өту – егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе.
Құлауықатты емес беткейге тура, мұзшапқыш қолданып мінеді. Табанды жалпағымен қою, «шырша» сияқты. Одан қатты көлбеу( 25-30 ) болса, қырындап, мұзшапқышқа сүйеніп міну керек. Табанын қырынан қою, жоғары үшкір бұрышпен қиғаш міну.
Орташа көлбеу(35-45 ) қар көшкіні қаүіпі болмаса, жартылай қырындап, қиғаштап(зигзагпен)міну. Баспалдақты бәтіңке қырының рантымен шайқап ұрып жасау. Табанын горизоналды, бір біріне параллелді қою.Мұзшапқыш дайын, беткейге астыңғы ұшымен тіреліп міну.
Бұрылыста зигзагпен бұрылу.
Қабыршақ мықты болмаса(5-10 см), аяқ ішіне кіріп кетсе, қадам сайын қабыршақты сындырып отыру керек.
Көлбеуі үлкен беткейлер(50-65 ) тура, үш есепке, беткейге тура қарап, үнемі екі тіреу сақтап міну. Екі аяқта тұрып, мұз шапқышты ұшын ағаш тұтқасының жартысына дейін қадау керек(бірінші есеп), Одан кейін, сол аяқта тұрып, шақыш басын екі қолдап ұстап, оң аяқ ұшымен сол тізе биіктігінде баспалдақ жасау, оған оң аяқты қойып тізені жазу(екінші такт). Оң аяқта тұрып, шапқышты ұстап, сол аяқ ұшымен екінші баспалдақ жасап, оған сол аяқты қою(үшінші такт( және одан әрі сол сияқты.
Траверстер.
Түсу үш есепке, беткейге қарап, үнемі екі жерде тіреліп түседі.
Жартастар. Ережелер:
Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.
Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдауорындарын табу. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.
Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.
Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалану
Үнемі үш тіреу болу керек, келесіге тек бір мүшені жылжыту.
Көбінесе аяқпен жүру, қолды тірек ретінде қолдану. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін жүктеме өседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.
Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет
Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.
Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.
Мұз. Ережелер:
Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері(крючья) болу керек.
Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн
Вибраммен маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.
Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.
Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.
Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау(екінші аяқты қағып кетпеу үшін)
Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.
Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.
Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, ауыстырып тұру керек.
Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатыментаңдау; өрге 45-60 диагональ арқылы көтерілу, түскенде – су ағуы бағытымен тура түсу.
Кошка кисең секірмеуге тырыс.
Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.
Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.
Жайпақ мұз беткейі(20-25 дейін). Кошкасыз. Тайғанақ болса кошкаларды кию.
Тік емес өр(25-30 ). Кошкамен тура міну. «Шырша» әдісі.
Орташа өр(30-40 ). Қиғаштап, зигзагпен міну.
Бұрылу.
Тік өр(40-60 ). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістерінде.Тізені бүгу, бақай төмен, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.
Тік өр(50-60 ). Кәдімгі(тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тірелу.
Мұз қабырғасына өрлеу(80 дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.
Мұз камині.
Тік бұрыш мұз қабырғасы(90 ). Сатымен, мұзбұрғыш(штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу.
Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.
Траверс(60 шейін). Қырынан,жақын аяқ ұшы беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын.
Тік өрдің(60 шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.
55 дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта,түрегеп тұрып. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.
Өте тік(65 ) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу.
Баспалдақтар жасап жүру.
Мұзшапқышты екі қолымен ағашынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі(темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға мемес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.
Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50 қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.
Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін - әдеттегідей.
Траверс үшін еекі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары(сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.
Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.
Құлап бара жатса, 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылу; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтеру; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басу.
Судан өту. Ең алдымен өткелдер, көпірлер орналасқан жерлерді анықтау қажет.
Үш негізгі түрі – су үстімен, су кешіп, жүзу құралдарымен.
Су үстімен – ең сенімді. Тас үстімен, жағадан сақтандырып, ағаш діңінің үстімен немесе арқан қолданып өту.
Достарыңызбен бөлісу: |