Сүды кешіп өту. Бір бірден, топпен, тірекпен және тірексіз.
Арқан қолданып өтсе, карабин немесе сақтандыру белбеуіне келетін қысқа шалу қолданылады. Ұстап қалушы(схватывающий) бауды қолдануға болмайды. Өтетін адам өзен бойымен арқаннан төмен болуы керек.
Жағада екі жерден сақтандыру, қиын жағдайда өзеннің бойымен төмендеу жерде ұстап қалу постын ұйымдастыру қажет.
Тәжік әдісі. Қауіпті емес өзендерден өту үшін, сақтандырусыз қолданылады. Ең күштілері жан-жағында, бірін бірі иығынан, рюкзак бауларынан ұстап өтеді.
Қаүіпті өзеннен өткенде 3-4 адам негізгі арқанмен байланады, баулары арқасында.
Жүзіп өту. Жақсы жүзе білетін туристер, жүзуге келетін өзендерде.
Қар көпірімен өту қаүіпті.
Тау өзендерінен өту ережелері.
Жағалауды, арна бедерін, су ағысын, тереңдігін алдын ала барлау. Тіректерді, құрал-жабдықтардың бар-жоғы, оларды қолдану мүмкіншіліктерін анықтау.
Топ қабілетіне байланысты судан өту әдісін таңдау.
Өту орны мен уақытын анықтау.
Өтуді бақылау мен басқаруға қолайлы орын табу.
Өзен бойымен төменірек жерде ұстап қалу пунктін ұйымдастыру. Ол үшін ең күшті, тәжірибелі адамдарды қою керек.
Қиын жағдайда тек қос сақтандыруды қолдану қажет.
Топ жетекшісі арқан, карабиндер, байлаулардың дұрыс қолдануын байқауы қажет.
Судан өтудің алдында бекіту нүктелерін, арқан мен карабиндердің сау күйін тексеру қажет.
Әрекет реті мен әдістерді дұрыс қолдану жөнінде инструктаж жасау керек.
Бірінші болып ең тәжірибелі, білікті спортсмен жүреді.
Өткен кезде ағысқа қарсы қиғаштап жүру, міндетті түрде екі жерден сақтандыру жасау(«усы»).
Ұзын таяқпен өткенде таяқты жоғары жақта тіреу қажет.
Арқан(перила) қолданса оны төмен жағынан ұстап өту керек.
Ұстап қалу бауын қолдануға болмайды.
Екі және одан көп адам қиын жағдайда бірге өтпейді.
Жағалары алыс болса, тек қос арқан қолданылады.
Ілме өткел болса карабин арқылы жіппен тек алдына қарап өтуге болады, себебі – басқа жағалауда басын соғыл алмау үшін.
Ілме өткелде жүк бөлек, адамдар бөлек көшіріледі.
Тәртіп сақтау, өткелге шақырылу алдында спортсмен қаүіпсіз жерде тұру керек.
Ұйымдасырушылар мен сақтандырушылар сенімді өзін өзі сақтандырып тұруы керек.
Асулар. Тау жотасындағы төмен жері, бір аңғардан екіншіге өту үшін ең қолайлы жер.
Асулар қиындығын бағалау үшін 4 негізгі көрсеткіш қолданылады: 1) жолдағы ең қиын жерлердің сипаттамалары; 2) асудан өтуге қажетті қозғалыс техникасы мен тактикасы және түнеу жерлерінің ерекшеліктері; 3) маршруттың сандық сипаттамалары( қозғалыс уақыты, сақтандыру нүктелерінің саны); 4) қажетті арнайы құрал-жабдықтар.
Асу қиындығы осы төрт көрсеткіштерінің жиынтығымен анықталады.
Жіктелу қағидаларына әртүрлі қаүіптер(тас, қар көшкіндері сияқты). Ереже бойынша, қатысушылар жорыққа дейін бұдан төмен жартылай категориялы асудан бұрын өткен болуы қажет, ал жетекшісі дәл осы жартылай категориядан бұрын қатысушы ретінде, одан төменгі категориялы асудан жетекші ретінде бұрын өткені қажет. Қиындығы үшінші категориялы асуларды басқару үшін одан бұрын бір емес, екі рет жетекші ретінде асулардан өту қажет.
Туристік жорықтың қиындығын бағалаған кезде биіктігі мен осы биіктікте болу уақыты ескерілуі қажет.
Қойылатын талаптар мынадай: 5000 м-ден биік асулары бар жорық қатысушылары бұдан бұрын жаңа маршруттағы максималды биіктіктен 1000 төмен болу тәжірибесі болуы қажет.
Батпақтар, ну орман. Ескі суаттарда пайда болған батпақтар ең қаүіпті. Таяқпен жүру қажет. Абайлап жүру.
4 дәріс. Су туризміндегі негізгі кедергілер. Табиғи және жасанды кедергілер. Табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, шивера. Туризмнің басқа түрлеріндегі кедергілер.
Су туризмі. Қатты ағыс(быстрина). Бұрылыстарда қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетуі мүмкін, тоқтап немесе бұзылып қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.
Табалдырықтар – құлауы тік жерлер, өзен жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады. Түбі тазартылған табалдырықтар болса көрініп тұрған фарватермен өте береді. Көлденең тұрған тас қырқасын тасы жоқ жерлермен өту керек, қайықты су ағыстары үшбұрыштарды құрып бірге қосылатын жерлерге жіберу қажет. Тастар шашылып жатқан табалдырықтан өту қиын. Дұрыс бағыт табу қиын. Мұндай жағдайда жүк пен адамдардың бір бөлігін жағалауда қалдырып, қайықта тек қана ең епті ескекшілерді қалдырған жөн. Жүзгенде өз жүрісін сақтап тұру қажет, қырынан бұрылуға болмайды, өйткені онда апатқа ұшырауға болады. Қырымен немесе алдымен тасқа соғылса, зымырап қайықтан секіріп кетіп, қайықты қолмен ұстап ағыс бойымен қою қажет.
Табалдырықтардан өту ережелері:
жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;
қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;
бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;
таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;
қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;
бұйрықтар қысқажәне анықболу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау;
жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;
егер қаүіпі асып кетсе, жағалаумен айналып өту керек.
Ағысқа қарсы өтілсе арқан, ұзын таяқ қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |