ТҰЯҚбаева айгүл бекайдарқызы германияның Орталық Азиядағы саясаты (1992-2009 жж.) Тарих ғылымдары саласында «халықаралық қатынастар»


Қойылған міндеттерге сәйкес шешімдердің толықтығын бағалау



бет3/3
Дата26.02.2016
өлшемі228 Kb.
#27041
түріАвтореферат
1   2   3

Қойылған міндеттерге сәйкес шешімдердің толықтығын бағалау. Диссертациялық зерттеу жұмысында Орталық Азияның аймақ ретінде қалыптасу мәселелері, және аймақтағы геосаяси, геостратегиялық жағдайлар ескере отырып, сыртқы акторлардың ықпал ету мәселелері көрсетілген.

Орта­ азиялық аймақтағы негізгі ықпал етуші акторлардың ішінде Германияның Орталық Азия мемлекеттерімен екіжақты қатынастары ілгерінді сипатта қалыптасуына қарамастан, неміс саясатының түпкілікті бағыт бағдары тұтас бірыңғай аймаққа арналғаны айқындалған. Осы мақсатқа жетуде, аймақтағы ықпал ету салмағын арттыру қажеттігін ескере отырып, Германия ЕО тың Орталық Азиядағы қатысуын нығайтуға ұмтылады.

Орталық Азияға қатысты бағытталған немістің концептуалдық мақсаттары мен дамыту саясатын талдаудың негізінде Германияның орта азиялық бағыттарының ішінде аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі негізгі басымдық екені анықталған.

Орталық Азиядағы ынтымақтастықты қалыптастыруға қолдау көрсетудегі Германияның рөлі көрсетілген. Аймақ мемлекеттерінің саяси экономикалық және қаржы институттарын реформалауға қолдау көрсету арқылы Германия аймақ елдерінің интеграциялануына мүдделі. Неміс және еуропалық идея бойынша, Еуропа, Ресей және Азияның дәл ортасында орналасқан Орталық Азия, келешекте біртұтас аймақты қалыптастырған жағдайда, халықаралық қатынастар жүйесінде транзиттік қуатымен ерекше орынға ие болуы мүмкін.

Орта азиялық елдермен сауда экономикалық, ғылыми техникалық ынтымақтастарды жетілдіру жобаларына сараптаудың нәтижесінде Германияның аймақтағы негізгі мүддесі экономикалық фактор екендігі белгіленген.

Орталық Азияға қатысты ұстанған неміс саясатының қозғаушы күштері сарапталынған. Германия Орталық Азиядағы энергетикалық шикізат қорларымен қатар энергетикалық қауіпсіздікке мүдделі. Сондықтан да немістің ЕО шеңберінде жүргізілетін саясаты Орталық Азиядағы геосаяси мүдделермен түйісетіндігі мәлім.



Ұсыныстар:

- Орталық Азияға қатысты неміс және еуропалық саясат тұтақ аймаққа бағытталуына байланысты аймақтағы интеграциялық үдерістер дағдарысқа ұшырағанымен де, аймақтық ынтымақтастықты қалыптастыру ісі өз мәніне ие болмайынша жалғастырылуы қажет. «Транзиттік көпір» статусына ие болу тек Қазақстанның ғана емес, барлық орта азиялық мемлекеттердің мүддесі, жан жақты даму үшін шетелдермен байланыстардың шегерілуіне жол бермей, керісінше Еуропа мен Азия елдері арасындағы бағыттарды ширату қажет.

- ЕО та экономикалық тұрғыда үстемді күшке ие болған Германия Орталық Азия мемлекеттерінің стратегиялық серіктесі болып саналады. Алайда, неміс тауарларын, инвестициялары мен технологияларын орта азиялық нарықтарға тарту үшін, міндетті түрде мемлекеттердегі сенімділік пен кепілдікті туғызатын құрылымдардың орнығуы және орта азиялық аймақ арасындағы сенімді транспорттық инфрақұрылымдарды қалыптастыру қажет. Бұл Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымды ұлғайтудың бірден бір жолы.

- Неміс энергетикалық ұстанымда энергетика жүйесін қауіпсіздендіру алға

қойылған. Оның ішінде, аймақтан экспортталатын тасымалдау жолдарын әртараптандыру жобалары қарастырылған. Германия және Еуропа елдері әлемде энергетикалық шикізатты көп тұтынушы болғандықтан, энергетикалық қауіпсіздік мәселесінде тәжірибелі. Бұл жағдай ескерілу қажет.



Көрсетілген саладағы таңдаулы жетістіктермен салыстырған жағдайда орындаған жұмыстың ғылыми деңгейінің бағалануы. Шетелдік, Ресей және отандық тарихнамада қарастырылып отырған мәселенің кейбір аспектлеріне қатысты зерттеулер бар. Олар Германияның сыртқы саясатына қатысты, Германия мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы екіжақты қатынастары, ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі қатынастар, ЕО тың Орталық Азияға қатысты саясаты, Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатындағы Германия мен ЕО, Орталық Азиядағы геосаясат, аймақтық қауіпсіздік тақырыптарына арналған.

Қарастырылып отырған диссертациялық зерттеу жұмыста алғаш рет отандық тарих ғылымында кең көлемдегі теоретикалық және фактологиялық материалдарды зерттеудің нәтижесінде Германияның Орталық Азияға қатысты саясатына кешенді сараптама жүргізілген, автор Германия мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын ашып көрсеткен, саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдениет және қауіпсіздік салаларындағы өзара ықпал ету механизмдеріне зерттеу жүргізген.

Сонымен қатар, автор Орталық Азияға қатысты Германия саяси институттарының (Bundesministerium für Wirtschaftszusammenarbeit, Auswärtigen Amt, Deutscher Bundestag) ресми құжаттарын, неміс ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарының (SWP, DIE, CORE) еңбектерін, Г. Шмидт атындағы бундесвер университетінің (HSU), Еркін Берлин университетінің (Freie Universität zu Berlin), Фридрих Эберт (FES), Конрад Аденауер атындағы (KAS) сияқты неміс қорларының және бундестаг қорындағы ғылыми материалдар жинағын ғылыми айналымға енгізді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев, Н.А. На пороге ХХI века. - Алматы: Өнер, 1996.   288 с.

2 Назарбаев, Н.Ә. Қазақстан жолы. - Қарағанды: «Арко» ЖШС баспаханасы, 2006.   372 б.

3 Zentralasienkonzept der Bundesregierung. Berlin, den 18.03.2002 // www.auswaertiges-amt.de

4 Gemeinsame Erklärung über eine Partnerschaft für die Zukunft zwischen der Bundesrepublik Deutschland und der Republik Kasachstan, Astana, 2008. – pdf.doc // www.auswaertiges-amt.de

5 Erler, G. Menschenrechtsdialoge mit Zentralasien // Gerechtigkeit durch Recht. 60 Jahre Allgemeine Erklärung der Menschenrechte. Generalversammlung der Vereinten Nationen, 10. Dezember 2008. – pdf.doc, www.auswaertiges-amt.de

6 Pradetto, A. Die deutsche Aussenpolitik nach dem 11. September 2001, Gneisenau Blätter // Revolution-Reform-Transformation. – 2006. - №4. - S.37-49.

7 Grävingholt, J. In Sicherheit investieren? - Der Beitrag der deutschen Entwicklungszusammenarbeit zur regionalen Stabilität in Zentralasien und im Südkaukasus. - Berlin: Humboldt Universität zu Berlin, 2005. – S. 36.

8 Krumm, R. Zentralasien: Kampf um Macht, Energie und Menschenrechte // Kompass 2020: Deutschland in den internationalen Beziehungen. Ziele, Instrumente, Perspektiven. - Bonn/Berlin: Friedrich-Ebert-Stiftung, 2007. – pdf.doc, www.fes.de

9 Grävingholt, J. Ohne Gewähr. Demokratieförderung in Zentralasien // Osteuropa. Sonderausgabe. Machtmosaik Zentralasien: Traditionen, Restriktionen, Aspirationen. – 2007. - № 8,9. - S. 401-416.

10 Губайдуллина, М. Внешняя политика Германии (1871-2004). учебное пособие для специальностей «Международные отношенния» и «Регионоведение». - Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 194 с.

11 Лаумулин, М. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2005. – 704 с.

12 Beiküfner, J. Brücke zwischen China und Europa. Zentralasiens Bedeutung für die EU. – Bensberg: Tagungsdokumentation von Bundeszentrale für politische Bildung, Bensberger Gespräche 28-30 Januar 2008. – pdf.doc // www.bundestag.de

13 Zentralasienkonzept. Bundesministerium für wirtschaftliche Zusammenarbeit und Entwickliung. Bonn, vom 2005 // www.bmz.de

14 Мухитденова, А. Немецкая диаспора как фактор развития казахстанско германских отношений: дис. канд. ист. наук. - Алматы: КазНУ им. аль Фараби, 2008. – 111 с.

15 Gumppenberg, M-C. Deutsches und Europäisches Engagement in Zentralasien. Ein Beitrag zur Stabilisierung der Region? - Sankt Augustin: Konrad-Adenauer-Stiftung, 2002. - S. 27.

16 Kraa, D. Vereinbarte Unvereinbarkeiten. Zentralasiens Regionalismus in der Selbstblockade. - Berlin: Friedrich-Ebert-Stiftung, 2008 // pdf.doc. www.library.fes.de


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕР
1 Қазіргі кездегі лаңкестікке қарсы күрес жүргізудің кейбір мәселелері // Сб. материалов круглого стола Борьба с терроризмом и религиозным экстремизмом: опыт США и НАТО для Центральной Азии, 18 августа 2006 г. – Алматы, 2006. – 158-164 бб.

2 Германияның Орталық Азия қатысындағы концепциясының негізгі бағыттары мен басымдықтары // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. – 2009. - № 1-2 (39-40). – 14-21 бб.

3 Германия және Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. – 2009. - № 1-2 (39-40). – 34-42 бб. (С.Ж. Сапановпен бірлесіп жазған мақала).

4 Германияның орта-азиялық саясатының мақсаттары // Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы: Тарих. Философия. Құқық сериясы. – 2009. - №2. – 23-31 бб.

5 Германия сыртқы саясатындағы Орталық Азия // М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. – 2009. - №2. - 52 – 62 бб.

6 ЕҚЫҰ шеңберінде Германия мен Еуропаның Орталық Азиядағы қатысуы // «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік қатерлері» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы, 18 қараша 2008 ж. - Алматы: әл Фараби атындағы ҚазҰУ, 2009. - 134 – 149 бб.



7 Германияның Орталық Азиядағы аймақты дамыту саясаты // «Орта азиялық қоғамдардың демократияландырылуы: кедергілері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдар жинағы, 26 қыркүйек 2008 ж. - Алматы: әл Фараби атындағы ҚазҰУ, 2009. – 55-62 бб.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет