Тїсініктеме (глосариий)


Әлемнің этностық көрінісі –



бет4/5
Дата10.11.2022
өлшемі49 Kb.
#464439
1   2   3   4   5
Глосарий сөздік (1) 3

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

  • Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым-қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

  • Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

  • Этностық таптауырындар – түрлі қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл-ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

  • Тұлғаның этностық құрылымы – адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі бір ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.

  • Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез-құлқына, салт-дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілет.

  • Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірі мен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

  • Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама-қайшы келетін топаралық кикілжің формасы. Қаулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

  • Этностық сана-сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс-әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

  • Этностық мәдени біліктік - өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет