Түзеу: Абзацтар қойылу керек


Тақырыптың зерттелу деңгейі



бет2/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасы зайырлы, тәуелсіз мемлекеттер қатарына кіргеннен бастап көптеген діндер мен ұйымдар пайда бола бастады. Еліміздің дін жайлы заңына сәйкес, әр қазақстандық азамат қай дінді ұстансада өз еркінде [2]. Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеу барысында отандық және батыс (шет елдік) зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Бекітілген тақырыпқа байланысты зерттеулер және әдебиеттерге көз жүгіртер болсақ, психотехника, сананың өзгеруі ұғымдары тарихшы, психолог, саясаттанушы және дінтаушылар еңбектерінде зерттеліп қарастырылған. Бейсенов Б. Қ., Игисенова А. Р., Құрманалиева А. Д., Утебаева Д. С., Ғарифолла Есім, Байтенова Н. Ж., Абжалов С. секілді отандық ғалымдар және Н. А. Трофимчук, М. Стюарт, М. П. Свищева, Эрман Барт, Т. Лири секілді шетелдік ғалымдардың еңбектерін қарастырып зерттеу жұмысы жасалды. Жұмыс жалпы жат діни ағымдардың адамға әсер ететін психотехника мен индивид немесе топтық сананың өзгерген жағдайларын қарастырады. Бұл жұмыс ерекшелігі жат ағымдарды дінтанулық және психологиялық тұрғыдан екі саланы біріктіру арқылы жүргізілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кез-келген басталған жұмыстың мақсаты болған іспетті, бұл жұмыстың мақсаты адам санасының жат ағымдардың түрлі әдіс-тәсіліне жеткілікті түрде төтеп бере алмайтындығын көрсету, әрі дәстүрлі емес сенімдердің басты қауіп-қатерін көрсету. Адам баласы өзін мықты, саналы тіршілік иесі ретінде санағанымен де, сана мен миды психологиялық ықпалға түсіретін техникалар да жоқ емес. Әлемде болып жатқан діни, соның ішінде жат ағымдарға қатысты мәселелер төңірегінде қозғалған жағдайлар қарастырылды. Жұмысты нақты көрсету үшін бірнеше мысал келтірілді. Жұмыстағы мақсатқа жету үшін міндеттер төмендегідей:
- Харизматикалы және деструктивті ағымдардың шығуы мен іс-әрекеттері;
- Адам құбылысының және санасының өзгеру жағдайларын ашықтау;
- Әлеуметтік ортадағы жат ағымдардың ықпалын анықтау;
- Психологиялық әдіс-тәсілдермен таныстыру;
- Жат ағымға кетпес үшін, алдын алу шараларымен таныстыру;
- Адасқан топтардың ішкі құбылысын көрсету;
- Өзге сенімнің жақтастарының қимылына талдау жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет