Түзеу: Абзацтар қойылу керек



бет9/10
Дата24.12.2022
өлшемі173.38 Kb.
#467855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ботагөз диплом толық

ҚОРЫТЫНДЫ (абзац керек)
Шындығында, жалған дүние есігін ашқан әрбір адам өзінің өмірінде ертелі-кеш рухани тазалыққа, жоғары күштерге сену сезімі пайда болады. Ішкі бұл сезімдер адамды ерте ме, кешке пе әйтеуір бір жоғары күшті іздеуге ынталандырады. Адамның ет пен сүйектен жаратылғаны айдан анық болса, тән мен жан да сол адамдық ұғымның қос қанатын құрайды. Тән азығы ішіп - жеу мен басқа да нәпсілік жағдайяттармен байланысты болса, жан азығы - ең алдымен, үйлесімде болу. Үйлесім біреулер үшін күрбелең тіршілікте, басқаларға діни сенімде жатыр. Көпшілік дінге мәжбүр және ішкі дүниесі талап етеді. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж [40]. Ал, сенім – индивидтің белгілі бір пікірлер, тұжырымдар, көзқарастар немесе ілімге сенуі немесе илануы. Сенім құбылысы – тұтқыны адам болған құпиялардың бірі. Бұл өмірлік маңызы бар құпия, адамның тіршілік етуі мен өлім арасындағы байланыста болатын ерекше құбылыс. Адам баласының физиологиясы таңқалдырғанда, оның ішкі дүниесінде қайнап, тасып, дүркіреп тұрған сезімдер мен қалауларға толы әлемі тіл айтып жеткізе алмайтын керемет жүйеден тұрады. Тұлға өзінің ішкі сезімдерін жасыра алмайтындығын психолог мамандары айқындап отыр. Бәлкім сезімдерді қолда ұстаймын дейтін оқырмандардың өзі вербальді емес қозғалыс арқылы өз ішкі сезімдерін байқатып жатады. Жоғары сезімдер қатарына мұқтаждық, үрей және сенім кіреді екен. Иә, сенім де бір эмоциамен байланысты сезім. Мына жалған бар болғаннан бері сенім мен үрей өз ара соғыс жүргізіп келеді десек қате айтпаған боламыз. Күрбелең, қайталанбалы тіршілігімізде сырттан келетін үмітті күтіп, қауіптерден үрейленіп жоғары күшке деген сенімді тудырамыз. Күмәнға берілгіміз келмегендіктен, өз-өзімізге жалған шындық құрастырып, тіпті көз жұма жалғанды шындықтай қабылдауға даярмыз. Рухани мұқтаждық күйінде жүргенімізде ақиқат деп таныстырған бейтаныстың ақпаратын қабылдап, белгілі мөлшерде қанағаттанып жатамыз. Еліміз егемендік алғалы көптеген экономикалық, саяси және діни қиындықтармен қақтығысқаны тарихымыздан белгілі. Тәуелсіз, дербес мемлекет болған соң, кең байтақ жерімізді, бабалар аманат етіп қалдырған байлықтарымызды қызғанышпен қарап отырған жауда көп. Кеңес одағы құлап, республикамыз құрылғаннан бері жермізде сан түрлі күрделенген ағымдар, соның ішінде христиан ағымының протестанттық ағымының жаңа культтік топтарының басы көріне бастаған. Заң бойынша тіркелгендері бар, тіркелмей жасырын жүргендері де қаншама?! Дін мәселесімен айналысатын ұйымдар құрылып өз міндеттерін атқарып жатыр. Бірақ, оқыс айтып келмейді деген де бар емес пе. Уақыт өте келе арбаушылар жаңа тәсілдер табуда. Мәселе, христиандық және жаңа культтік діни ағымдардың психо және вербальді емес техникаларында жатыр. Жат ағымдар әлі де пәтер аралап дағуат жүргізетінін байқаймыз және бұрынғыдай «сіз біздің жалғыз құдайға сенесіз бе?» деуді қойып, «не себепті отбасы ажырасып жат», «сізді қаражатыңыз қанағаттандырама?»,- деген секілді өмірлік күрделі сауалдар арқылы сұхбатты бастайтын болған. Адам өзін қанша ақылды, зиялы және кез келген жағдайдан аман қалатындығына сенімді болса да, жат ағымдардың құрбаны болып жатыр. Әрбір жеке тұлға қалаған дінін, сенімін ұстанады және таңдау өз еркінде. Бірақ, адамдарды ақпараттандыру қажет! Кез-келген адам ақпараттануға құқылы. Ол деструктивті, жаңа культтік діндер және олардың арбау тәсілдері мен сананы қайта құру технологиясынан хабардар болуға толығымен құқығы бар. Ол психологиялық бақылау, ұжымдық бірлестік, ағым ішіндегі биліктің қалай жүретіндігін білуге хақысы бар. Бірақ, ақпараттар тасқынында біз келіп түскен хабарлардың барлығын дерлік анализдеп, талдап, зерттеп отыра алмаймыз. Сол үшінде арнайы мамандарға, білім иелеріне жолығу керекпіз. Жат діни топтар манипуляция, еліктірулер және психотехникаларды кәсіби түрде қолданады. Мысалы, транс күйіне түсіретін медитация, бір ырғақты лекция-семинарлар, жоғары қозуға әкелетін сезімдік көтерілу, гипноз және т.с.с. әдіс-тәсілдер адам санасының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Нәтижесінде, жаңа түсінік, құндылықтар мен дүние таным пайда болады. Әрине бұның бәрі бірден болмайды. Жылдар бойғы зерттеулер нәтижесінде психолог, дінтанушы, антисекталық ұйымдар мен ұлттық қауіпсіздік мүшелері көз жеткізіп, тұжырымға келген бірнеше белгілер бар. Жалған ілімнің құрбандары жастарына, ұлтқа, әлеуметтік статустарына, білімдеріне қарамастан шындық деп қабылдаған сенімдеріне кіріп жатады. Жылы лебізді әйелдер, сыпайы көрінген бейтаныс, харизмаға толы лидер және ортаға сай атмосфера өз дегенін істетіп отыр. Мәселенің бәрі сезімдерге келіп тіреледі. Яғни, театрға ұқсаған бұл өмір – әркімге арнайы рөл берген. Ал адамдар соның ішіндегі әртістер. Сектаға адамдар өздігінен кірмейтіндігін ұғуымыз керек, себебі оларды жан аулаушылар арбайды. Тұңғиыққа еліктіріп әкетіп соңында қуыршаққа айналдырып жібереді. Жалпы, адам санасына әсер ететін факторлар баршылық. Қарапайым темекінің өзі көңіл күйге айтарлықтай әсерін тигізеді. Санаға қатты әсер ететін препораттарды айтар болсақ – психотропты таблеткалар, есірткілер, транстық күйлер мен гипноз әсері. Деструктивті және харизматикалық топтардың қолдану тәсілдеріне осылар да кіреді. Күні бойғы медитация адамның миында иллюзияны, паранойя тудыруға шамасы әбден жеткілікті [41]. Транс пен гипноз кез-келген ақпаратты ұмыттырып, арбаушының арбалушы үстінен қойған мақсаттарына жеткізе алады. Психикаға әсер етуші таблеткалар мен есірткілер, шизофрения, паранойя мен күрделі психозды тудырады. Сол себепті болар, өздерін пайғамбармын деуші алаяқтардың аян алу, құдаймен тіл қату баяндары күрделі фантастикалық үгітке ие. Зерттеулер мен талдаулар барысында ғалымдардың әсіресе батыстың бетке ұстарларының айтуы бойынша бұл ағымдар саяси және кәсіби көздеген мақсаттары да бар. Миссионерлік жұмысты санамағанда жылына әлемде қаншама адам жалғанның құрбаны болып – пәтерден, қаражаттан, оқу орнынан, отбасынан айырылып отыр. Бұл глобалды деңгейде қаралу керек мәселе. Адам қоршаған ортасына және сыртқы назарларға аса мұқтаж. Жеткілікті махаббат пен назардың жетіспеуі себепті көптеген қандас аға – қарындастарымыз, отандастарымыз жалған діннің жетегінде жүр. Проблема тек ақшада немесе арбаушылардың кәсіби деңгейде мықтылығында ғана емес. Бірінші фактор ретінде адами психология тұр. Адами сезімдермен ойнау арқылы жалғанның тұңғиығына түсіріп әкетіп жатыр. Кезінде арбаушылардың өздері де жалғанның құрбаны болған, уақыт өте келе санасын улап, жаңа көз-қарас, жаңа түсінікті сіңіріп жаңа тұлғаны құрастыру барысында олар ақиқат жолында жүргендерінде күмән жоқ. Біз қалыпты өмір сүріп үйреніп қалғанбыз. Өзгерістерге бейімделу ұзақ уақыт алады. Тіпті күйзеліс тудырады. Қарбалас тіршілікте күйзеліс қаптаған кезеңдер орнаған сәтті пайдаланатындардың бірі осы алаяқ арбаушылар. Ол сіздің жан дүниеңізді ойлайтын ерекше жан, сіз үшін уайымдап, қамқорлық танытуы мүмкін. Мұң -қайғыңызбен бөлісіп, таң тамаша сезімге бөлейді. Ол азғырушы бұл нәтижеге он бес минуттық сұхбат немесе бірнеше реттік кездесулерден кейінде жете алады. Егер сіз ол бейтаныспен(азғырушы) қайта-қайта кездескіңіз келсе, онда бұл арбаушының жетістігі. Осы және басқа да психотехникалар мен манипуляцияларға түспес үшін психолог, дінтанушы, ұлттық қауіпсіздік мамандарының нұсқаулығымен жүруіміз жөн болар. Себебі, ақиқаттың артында жалғанның жасырынуы әбден мүмкін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Смайыл Сейтбеков. Иман негіздері. Алматы: Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры, 2011-


2. Қабекенов Ғ., Нурумов Е. Жастардың діни сауаттылығын дамытудың педагогикалық-психологиялық негізі: / Әдістемелік құрал. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ. -2011. - 58бет
3. Джеймс У. Многообразие религиозного опыта. 1993. – 432 стр.
4.Олейник И. В., Сосин В. А. Тоталитарная секта: как противостоять ее влиянию. Генезис, 2005. 79 стр
5. В. А. Соснин. Современный терроризм. Социально-психологический анализ. 2008.
6.Рената Салецл. Тирания выбора. 2014
7.Бахрошин Н. Похитители душ. «Собеседник». – 1996.
8.Р.Д. Лифтон, «реформирование сознания и психология тоталитаризма». The Norton Library. 1963.
9.Аткинсон Р. Введение в психологию. 2003. 672 стр
10. Құран-Кәрім. «ан-Ниса» (әйелдер) сүресі, 28 аят. Халифа Алтай аудармасы
11. А. Черноглазов-Лакан. Приглашение к реальному. 2012
12. Құрманалиева А. Д., Утебаева Д. С. Адамзат тарихындағы миссионерліктің қалыптасу ерекшеліктері – Алматы. 2015. ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (50). 2015
13. Библия (синодальная). Новый завет. От Матфея, 10:7
14. Бурова Е.Е. Тренды новой религиозности в Казахстане: опыт социогуманитарного измерения. Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения. КН МОН РК, 2014. – 200 стр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет