18 - сабақ
“Тілмен түйгенді тістеп шешпес”
Махмуд Қашқари
18.1 Әкімшілік жауаптылық
Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұлғалардың заңи жауаптылығы. Әкімшілік жауаптылыққа ҚР әкімшілік істердегі құқық бұзу туралы заңдары мен басқа да құқықтық актілері негізінде тартылады. Қазақстан азаматтары 16 жастан бастап қоғамдық орындарда, қоғамдық тасымалдау көліктерінде көпшіліктің шырқын бұзғаны, санитариялық, экологиялық ортаны сақтау, өртке қарсы шаралар ережелерін орындамағаны, қоғамдық тәртіптен асып, оны елемегені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардағы лауазым иелері өздерінің қызметтік міндетіне жататын мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті сақтау саласын басқарудағы, табиғат қорғау мен оны тиімді пайдалану және басқа да салалардағы белгіленген ережелердің сақталуын қамтамасыз ету барысында құқық бұзғаны үшін де әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мысалы: өндірісте, құрылыста және басқа салаларда белгіленген ережелерге сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтау, тасымал көліктеріндегі жабдықтар мен құралдарды сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы мал басын өсіру, егістер мен шабындықтарды бүлдірмеу, кәсіпорындардағы электр және жылу куаттарын мөлшерлеп жұмсау, су қоймаларды пайдалану, атмосфералық ауаны таза ұстау ережелерін бұзғандар әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Әкімшілік құқықты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы азаматтары мен қатар шетел азаматтары да, сондай- ақ азаматтығы жоқ адамдар да әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Сөздік:
- жауаптылық- ответственность;
- єкімшілік- административный;
- ќұқық бұзу- правовое нарушение;
- жеке тұлға- физическое лицо;
- заңды тұлға- юридическое лицо;
- ќоғамдық орындар- общественное место.
Тасылмалдау көліктері- перевозочный транспорт
Шырқын бұзу- нарушать покой
Қауіпсіздік техникасын сақтау- соблюдать технику безопасности
Жабдықтар- устройство
Сұрақтар
1 Әкімшілік жауаптылық деген не?
2 Қазақстан азаматтары неше жастан бастап әкімшілік жауаптылыққа тартылады?
3 Тағы да қандай жауаптылыққа Қазақстан азаматтары тартылды?
4 Шетел азаматы ше?
18.2 Мәтін бойынша тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Махмуд Қашқаридың нақыл сөзін түсіндіріңіз.
3 Сұрақтарға жауап беріңіз.
4 Жауаптылық, тұлғалар, әкімшілік деген сөздерді көмектес септігінде қойыңыз.
Көмектес септік (творительный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты, үнді,
(гласные, сонорные )
|
Ұяң з,ж,
( звонкие з,ж , )
|
Қатаң, ұяң б,в,г,д
(глухие, звонкие б,в,г,д)
|
Буын (слог)
|
Жуан(твердый)
Жіңішке (мягкий)
|
-мен/-менен
|
-бен/-бенен
|
-пен/-бенен
|
19 - сабақ
“Өз ішін тазалай алмаған
билеуші мемлекетті де
ұры-қарыдан тазалай алмайды ”
Шынғысхан
19.1 Сот
Сот биілгі- азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған билік сатысы. Республикадағы сот биілгі Республика Конституциясының, өзге де нормативтік- құқықтық актілерінің, Республикасының халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот биілгі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленгін өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары, сондай- ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Сот – сот билігі органы. Қылмыстық істер бойынша әділ сотты жүзеге асырады. Кез келген қылмыстық іс соттың заңды, тәуелсіз, құзыретті және бейтарап құрамымен ғана қаралады. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша әділ сотты:Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты облыстық және оларға теңестірілген соттар; аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттар; әскери соттар жүзеге асырады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында ешкімді де шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімдері, тұрғылықты жері бойынша немесе өзге де кез келген мән- жайлар бойынша қандай да болсын кемсітушілікке ұшыратуға болмайды. Қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР КІЖК сәйкес заңдармен және Қазақстан республикасы бекіткен халықаралық шарттармен айқындалады.
Соттың құрамы- бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қараудағы судьяның жеке өзі немесе үш судьядан тұратын алқа. Жаза шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасаған адамдарды айыптау жөніндегі қылмыстық істі бірінші сатыдағы сот үш судья құрамында жүзеге асырады. Қылмыстық істерді аппеляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша қарауды және сот шешімдерін қайта қарауды кемінде үш судья құрамындағы сот жүзеге асырады.
Сөздік:
- ќұқықтар- права;
- бостандық- свобода;
- заңды мүдделер- законный интерес;
- халықаралық шарттар- международный договор;
- іс жүргізу- вести дело;
- ќылмыс- преступление;
- бірінші сатыдағы сот- суд первой инстанции;
- µлім жазасы- смертная казнь;
- жаза шарасы- мера наказания;
- айтыптау- обвинить.
19.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Мәтінге сұрақтар қойыңыз.
3 Мәтін бойынша диалог құрыңыз.
4 Эпиграфта берілген нақыл сөзді түсіндіріңіз.
20 - сабақ
“Қасықтап жыйнап, шөмішпен төкпе”
мақал
20.1 Мүлікке тыйым салу
Мүлікке тыйым салу- үкімді азаматтық талап, басқа да мүліктік жазалар немесе мүмкін болатын мүлікті тіркелу бөлімінде орындауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың санкциясымен аңықтаушы, тергеуші немесе сот сезіктінің, айыпталушының немесе заң бойынша олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы.
Мүлікке тыйым салу оның меншік иесіне немесе иеленушісіне оған билік етуге, ал қажет жағдайларда бұл мүлікті пайдалануға тыйым салуды жариялаудан не мүлікті алудан және оны сақтауға беруден тұрады. Азаматтық талапкер немесе прокурор ұсынған азаматтық талапты қамтасыз етуге тыйым салынған мүліктің құны талаптың құнынан аспауға тиіс. Бірнеше айыпталушылардың немесе олардың әрекетіне жауап беретін адамдардың әрқайсынан тыйым салуға жататын мүліктің үлесін айқындау кезінде айыпталушыға таңылған қылмысты жасауға қатысу дәрежесі ескеріледі. Алайда азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін толық мөлшерде тиісті адамдардың бірінің мүлкіне де тыйым салынуы мүмкін.
Тізбесі заңдармен айқындалатың, бірінші қажеттілік заттар болып табылатын мүлікке тыйым салынбайды. Мүлікке тыйым салу туралы дәлелді қаулы шығарылады. Мүлікке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салуға жататын мүлік, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында ол қаншалықтық анықталғаны, сондай-ақ азаматтық талапты қамтамасыз етуге тыйым салу жеткіліктік болатын мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Анықтаушы, тергеуші меншік иесіне немесе мүлікті иеленушіге мүлікке тыйым салынғаны туралы қаулыны қолхат ала отырып тапсырады және оны беруді талап етеді. Бұл талапты өз еркімен орындаудан бас тартылған жағдайда мүлікке тыйым салу мәжбүрлеу жолымен жүргізіледі. Мүлікті оның меншік иесі немесе иеленуші жасырып қалды деп ойлауға негіз бар қажетті жағдайда қылмыстық ізге түсу органы ҚР ҚІЖК 232 бабында көзделген тәртіппен тінту жүргізу не алып қоюы мүмкін,
Сөздік:
- тыйым салу- наложить арест
- талап- иск
- азаматтық- гражданский
- тергеуші- следователь
- сезікті- подозреваемый
- материалдық жауаптылық- материальная ответственность
- ќұнды мүлік- ценное имущество
- ќылмыстық іс- уголовное дело
- іс жүргізу- вести дело
- талап ету- потребовать
- жасырып қалу- скрыть
- ізге түсу- преследовать
- бап- статья
- тіпту жүргізу- производить обыск
Сұрақтар
1 Мүлікке тыйым салу деген не?
2 Мүліктің құны талаптың құнына аспауы тиіс пе?
3 Мүліктің үлесін айқындаған кезінде не еске алынады?
4 Мүлікке тыйым салу қандай жағдайда мәжбүрлеу жолымен жүргізіледі?
5 Тінтуді қай уақытта жүргізеді?
20.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Сұрақтарға жауап беріңіз.
3 Эпиграфта берілген мақалды түсіңдіріңіз.
4 Талап, азамат, сезікті, мүлік, қылмыс сөздерін барыс септігінде жазыңыз.
Барыс септік(дательно-направительный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты,үнді, ұяң з,ж (гласные, сонорные, звонкие з,ж)
|
Қатаң, ұяң б,в,г,д
(глухие, звонкие б,в,г,д)
|
І,ІІ жақ
Тәуелдік жалғауы
(І,ІІ лица притяж.формы)
|
ІІІ жақ тәуелдік жалғауы
(ІІІ лицо притяж.формы)
|
Буын (слог)
|
Жуан(твердый)
|
-ға
|
-қа
|
-а
|
-на
|
Жіңішке(мягкий)
|
-ге
|
-ке
|
-е
|
-не
|
21 - сабақ
“Кімде-кімнің әділеті жоқ болса,
онда оның ұяты да жоқ ”
А.Құнанбаев
21.1 Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану
Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану (Применение меры пресечения в отношении подозреваемого)- сезіктеге қатысты бұлтартпау шараларының ерекше жағдайларда ҚР ҚІЖК 139 бабында көзделген негіздер болған кезде және 141 бабында көрсетілген мәнжайлар ескеріле отырып қолданылуы. Бұл реттегі айыптау сезіктеге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер сезікті адам ұсталып, содан кейін қамауға алынса, ұсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс. Егер бұл мерзімде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады. Егер ҚР ҚІЖК 142 бабының бірінші бөлімінде аталған мерзім аяқталғанға дейінгі 24 сағатта қамауда ұстау орынына оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктіге айып тағу туралы хабар келіп түспесе, қамауға ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі жүргізуші орынға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті. Егер ҚР ҚІЖК 142 бабының бірінші бөлімінде көрсетілген мерзім аяқталған кезде бұлтартпау тоқтату немесе сезіктіге айып тағу туралы тиісті шешім келім түспесе, қамауға ұстау орны әкімшілігінің басшысы көшірмесін 24 сағаттың ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға жолдайтын өзінің қаулысымен оны босатады. Қамауға ұстау орны әкімшілігінің басшысы ҚР ҚІЖК 142 бабының екінші бөлімінің талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгілендей жауапты болады.
Сөздік:
- сезікті- подозреваемый;
- бұлтартпау- уклоняться;
- бап- статья;
- айыптау- обвинение;
- ±сталған- задержанный;
- айып тағу- предъявить обвинение;
- ќамауда ұстау орны- место заключения;
- босату- освободить;
- талаптар- требования;
Сұрақтар
1 Айыпталушыға қатысты, бұлтарпау шаралары қай бапта көрсетілген?
2 Айыптау неше күн ішінде тағылуы тиіс?
3 Егер осы аралықта айып тағылмаса не болады?
4 Қашан қамауға алынады?
21.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Сұрақтарға жауап беріңіз.
3 Эпиграфты түсіндіріңіз.
4 Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін анықтаңыз.
Сан есім (имя числительное)
Түрлері (типы)
|
Мысалдар (примеры)
|
1.Тұлғасына қарай
по способу образования
|
1.негізгі
непроизвольные
|
Екі,төрт,елу,қырық
|
2.туынды
производные
|
Бірінші, екеу,бірер,елудей
|
2.Құрамына қарай
по составу
|
1.дара простые
|
Бір,екі,бес,жүз,мың
|
2.күрделі сложные
|
Он бес, бес жүз, бір мың елу
|
3.Мағынасына қарай
по значению
|
1.Есептік
(количественные)
|
Бір,екі, жүз,мың
|
2.Реттік
(порядковые)
|
Бірінші, жүзінші, мыңыншы
|
3.Жинаќтық
(собирательные)
|
Біреу, екеу, үшеу,бесеу
|
4.Топтау
(разделительные)
|
Оннан,мыңнан,екі-екіден
|
5.Болжалдық
(предположитель-ные)
|
Елудей,бірдей, мыңдап,
жүздеген
|
6.Бөлшектік
(дробные)
|
Үштен бір, екі бүтін оннан екі
|
22 - сабақ
“Мемлекет қатылдық пен қайырымдылықты
қатар жүргізе білгенде ғана нығаяды ”
Шыңғыс хан
22.1 Қаржылық бақылау
Қаржылық бақылау - мемлекеттік қаржылар аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жетілдіру, қаржыға деген мұқтаждық пен қолда бар қаржылық ресурстардың араларын теңдестіру, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердегі және кәсіпорындардағы ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды үнемі пайдалану режімін нығайту құралы болып табылады.
Қаржылық бақылау элементтер: 1) қаржылық бақылау объектісі (кімді тексереді?); 2) қаржылық бақылау субъектісі (кім тексереді?); 3)қаржылық бақылаудың мақсаты (не үшін тексеріледі?); 4) қаржылық бақылаудың әдістері (қалай тексеріледі?); 5) қаржылық бақылау пәні (не тексеріледі?)
Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері- қаржылық жоспарлардың есептеулерін тексеру; алғашқы қаржылық құжаттарды тексеру;бухгалтерлік есеп регистрындағы жазбаларды тексеру; тауарлық материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды және қолма-қол ақшаларды жартылай немесе жаппай түгендеуді жүзеге асыру; кредиттік- қаржылық мекемелердегі ақша құжаттарының шынайылығын тексеру; өндірістегі материалдық шығындар мен басқа да мән-жайлардың негіздемелеріне сараптамалық баға беру; құқық қорғау органдары мен соттардан түсетін ақпараттарды талдау және қорытынды беру; қаржылық операцияларды жүргізуге қатысы бар лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ауызша және жазбаша түсініктеме алу; банкке және басқа кредиттік мекемелерге ресми сұраныс жасау; ревизия.
Сөздік:
- ќаржылық бақылау- финансовый контроль;
- бухгалтелік есеп- бухгалтерский учет;
- мұқтаждық- нужда;
- ќұндылықтар- ценности;
- ќор- фонд, запас;
- шығындар- затраты;
- сараптама- экспертиза;
- ќұқық қорғау орғандары- правоохранительные органы;
- ақпараттар- информация;
- талдау- анализировать;
- түсініктеме алу- взять объяснения;
- ресми сұраныс жасау- делать официальный запрос.
Сұрақтар
1 Қаржылық бақылау деген не?
2 Қаржылық бақылау элементтерін атаңыз?
3 Қаржылық бақылаудың негізгі әдістері қандай?
22.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Эпиграфта берілген наќыл сµзді т‰сіндіріњіз.
3 Шығыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз.
Шығыс септік (исходный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты,ұяң з,ж үнді р,л,й,у (гласные, звонкие з,ж сонорные р,л,й,у)
|
Қатаң, ұяң б,в,г,д
(глухие, звонкие б,в,г,д)
|
Үнді м,н,ң ІІІ жақ тәуелдік жалғауы (сонорные м,н,ң ІІІ лицо притяж.формы)
|
Буын (слог)
|
Жуан(твердый)
|
-дан
|
-тан
|
-нан
|
Жіңішке(мягкий)
|
-ден
|
-тен
|
-нен
|
23 - сабақ
“Айла алатау, ақыл жетеу”
мақал
23.1 Талап
Талап - бұзылған құқық пен заңмен қорғалатын мүддені сот (аралық сот) арқылы қорғау құралы. Талаптың екі түрін айыруға болады. Талап материалдық құқықтық және іс жүргізу құқықтық талап болып бөлінеді. Бірінші түрі- қойылған талаптың мәні бойынша қанағаттандырылу мүмкіншілігі бекітілген фактілер және азаматтық, еңбектік, отбасылық құқық нормалары негізінде болуы. Екінші түрі- сот шешімін алу мақсатында сотқа жолданудың заңдылығы.
Заңда соттың талапты қабылдауынан бас тартудың нақты негіздері көрсетілген. Талапкердің жауапкерге берген талабының сипапатына байланысты талаптың түрі айқындалады.
Талаптың үш түрі бар: мойындау талабы, өндіру талабы, өзгерту талабы. Мойындау талабы- тараптардың арысындағы құқық қатынасы бар немесе жоқ деп тану.
Өндіру талабында талапкер белгілі бір фактіні танытып қана қоймай, сонымен қатар жауапкердің материалдық құқықтық міндеттерін орындауға күштеуді талап етеді, яғни жауапкердің белгілі әрекеттерді жасауын немесе одан бас тартуын талап ете алады.
Азаматтық іс жүргізу құқығында талаптың үшінші түрі- өзгерту талабы жөнінде көптеген даулар кездеседі. Сот өзгерту талаптарын шешу кезінде тараптардың арасындағы құқық қатынастарды өзгертеді немесе мүлдем жояды.
Талаптың үш элементі істі зерттеудің және қорғаудың сипатын аңықтайды. Басқаша айтқанда, талап элементтерін оның құрамдас бөліктері деп айтамыз, өйткені элементтер арқылы біз талап мәнін, көлемін, негізділігін түсінеміз. Олар талап пәні, негізі, мазмұны. Талап пәні дегеніміз- даулы құқықтық қатынас, талап негізі- талапкердің қойған талабын негіздейтін мән- жайлар, талап мазмұны- талапкердің талабы. Талапты талап арқылы бере аламыз. Талап арыз белгілі бір реквизиттерге ие болады және жауапкерлердің саны бойынша беріледі.
Сөздік:
- талап- иск;
- ќұқық- право;
- мүдде- интересы;
- сот шешімі- решение суда;
- бас тарту- отказаться;
- мойындау- признать вину;
- µзгерту- изменить;
- жауапкер- ответчик;
- дау- споры.
Сұрақтар
1 Талап деген не?
2 Талаптың неше түрі бар?
3 Мойындау деген не?
4 Өндіру талабы деген не?
5 Өзгерту талабы деген не?
23.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Заң, мүдде, талап деген сөздерді шығыс септігінде қойыңыз.
3 Эпиграфта берілген мақалды түсіндіріңіз.
24 - сабақ
“Кәсіп, кәсіп түбі- нәсіл”
мақал
24.1 Нотариалдық әрекеттер
Нотариалдық әрекеттер - бұл жекеше практикамен айналысатын нотариустармен, мемлекеттік нотариустармен, жергілікті атқару органдардың лауазымды тұлғаларының (егерде сол жерде нотариус болмаса) сонымен қатар консулдық қызмет атқаратын тұлғалармен жасалатын заңи маңызы бар әрекеттер. Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды: мәмілелерді куәландырады; шаруашылық серіктестерінің құрылтай құжаттарын куәландырады; мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады; мұраға құқық туралы куәліктер береді; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді; мүлікті иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды; құжаттың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түп-нұсқаларын куәландырады; құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады; азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады; азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландырады; құжаттардың берілген уақытын куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді; ақша сомаларын, бағалы қағаздарды депозитке қабылдайды; вексель наразылақтарын жасайды; сақтауға құжаттар қабылдайды; теңіз наразылықтарын жасайды, дәлелдемелерді қамтамасыз етеді; өзге де нотариаттық әрекеттер ҚР заң актілерінде нотариус жасайтын іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы жасайтын нотариаттық іс-әрекеттеріне елді мекенде нотариус болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның нотариаттық іс- әрекеттерді жасауға уәкілетті лауазымды тұлғасы нотариаттық іс- әрекеттерді жасайды. ҚР заң актілерінде консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасайтын нотариаттық іс- әрекеттер көзделуі мүмкін.
Сөздік:
- єрекеттер- действия;
- лауазымды тұлғалар- титул, чин;
- мәміле- сделка;
- куәландырады- удостоверять;
- серіктестер- товарищество;
- ќұрылтай- учредитель;
- ќұжат- документ;
- мұралық мүлік- имущественное наследство;
- ќорғау- защищать;
- тыйым салу- запретить;
- көшірмелер- выписка;
- түп- нұсқалар- подлиник, оригинал;
- жеке тұлға- физическое лицо;
- заңды тұлға- юридическое лицо;
- бағалы қағаздар- ценные бумаги;
- дәлелдемелер- оргумент, доказательство.
Сұрақтар
1 Нотариалдық әрекеттер деген не?
2 Нотариус қандай іс- әскерттерді жүзеге асырады?
3 Нотариус жоқ жерде кім олардың нотариаттық іс- әрекеттерін атқарады?
24.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Эпиграфта берілген нақыл сөзді түсіндіріңіз.
3 Барыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз.
25 - сабақ
“Есің барда етек жап”
мақал
25.1 Сараптама тағайындау тєртібі
САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ (порядок назначения экспертизы)- сараптама тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері; сараптамаға жіберілген объектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны;сарапшының қарауына қорытындысы негізделуі мүмкін мәліметтер; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі көрсетілуге тиіс. Тергеушінің сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалѓанға дейін тағайындалуы мүмкін. Істе тексеріс, тексеру актілерінің, ведомстволық инспекция қорытындыларының, сондай-ақ мамандар іс жүргізу әрекеттері, барысында жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы дәл сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін немесе берілетін құқықтары мен м‰дделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын іс жүргізуге қатысушы тергеушіге өз пікірінше сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады,зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақыруға болатын (адамдарды) айтады. Бұл ретте шешуге ұсынылған мәселелер қылмыстық іске жатпайтын немесе сарапшының құзыретіне кірмейтін жағдайлардан басқасында тергеушінің сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Қатысушы сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Тергеуші дәлелді қаулысы арқылы оларды мұндай объектілердің қатарына жатқызбауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |