Учебное пособие сборник текстов по профессиональному казахскому языку для учащихся колледжа по специальности «Правоведение»



бет3/6
Дата15.06.2016
өлшемі384 Kb.
#137235
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6

9 - сабақ


“Ұрлық ине ұрлаудан басталады ”

мақал
9.1 Жауап алу


Қылмыстық іс қозғалған кезден бастап тергеуші қылмыстық іс бойынша сезіктіден, айыпкерден және жәбірленушіден жауап алуға міндетті. Жауап алу тергеу іс жүргізу амалдары процесінің бірі болып табылады.

Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 26- тарауының 211-219- баптарында қамтылған.

Жауап алу алдын ала тергеу жүргізілетін орында өтеді. Кейде жауап алу қажет деп табылған жағдайда сол адамның тұрғылықты жерінде жүргізілуі мүмкін. Осы орайда айта кететін бір жай, жауап алуды кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқа кезде күндізгі уақытта жүргізіледі. Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс.

Тергеуші жауап алудың алдында ол адамның жеке басын анықтап, білуі тиіс. Жауап беретін адам іс жүргізіліп отырған тілді білмеген жағдайда оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады. Бұл адамға не себептен қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны туралы түсіндіріледі. Сондай- ақ, оның құқықтары мен міндеттері айтылып, бұл туралы жауап алу хаттамасына оның қолы қойдырылады.

Кей жағдайларда жауап беретін адамдар психикалық немесе өзге де ауыр науқас болған жағдайда жауап алу реті дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүргізіледі.

Ал, енді куә мен жәбірленушіден қалай жауап алынады, соған тоқталайық. Тергеуші қылмыстық іс бойынша куә мен жәбірленушіден жауап алады. Оның алдында олардың айыпталушыға немесе сезіктігі бұл іс бойынша қандай қатысы бар екендігін анықтап, іс жүргізудегі олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, жауап беруден бас тартқан үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі.

Кәмелетке жасы толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу тәртібіне келетін болсақ 14 жасқа дейінгілері жауап беруі үшін, ал тергеушінің қалауы бойынша 14 жастан 18 жасқа дейінгі жауап алуға педагог шақырылады.

Сезіктіден жауап алу ұсталғаннан кейін осы кодекстің 134 бабында көзделген тәртіппен немесе оған бұлтартпау шараларының бірін қолданғаны туралы қаулы шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі.

Айыпталушыдан жауап алу оған айып тағылғаннан соң 24 сағаттан кешіктірілмей, ал ол келуден бұлтартќан жағдайда немесе оған іздеу жарияланған ұсталып әкелінгеннен кейін дереу жүргізіледі.

Тергеуші жауап алу процесінің барысы мен нәтижелері туралы заң талаптарын сақтай отырып, хаттама жасайды. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіліп, олардың әрқайсысы оған қол қоюға тиіс.


Сөздік:
- іс қорғау- возбудить дело;

- жауап алу- вести допрос;

- бапта қамтылған- указанный в статье;

- алдын- ала тергеу орнында- в следственном изоляторе;

- рұқсатымен- по разрешению;

- куә- свидетель;

- жәбірленуші- потерпевший;

- жауап беруден бас тарту- отказаться давать показания;

- кәмелетке жас толмаған- не достигшие совершеннолетия;

- сезікті- подозреваемый;

- бұлтару- уклоняться.
Сұрақтар
1 Жауапты тергеуші қай кезден бастап алады?

2 Жауап алуға бөлінген уақыт қанша?

3 Жауап алудан бұрын қандай шаралар жүргізіледі?

4 Кәмелетке жасы жетпеген қылмыскерден жауап қалай алынады?


Тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

2 Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.

3 Эпиграфта берілген мақалды түсіндіріңіз.

4 Етістіктің түрлі формалары бар сөйлемдерді табыңыз.


Глагол

Глагол имеет три времени и несколько форм. В отличие от русского языка, основой глагола является форма 2-го лица ед.ч., соответствующая повелительному наклонению.

Мысалы:

Ал- бери, айт- скажи, кел- приди, бер- дай, бар- иди, тыңда- слушай.



От основы глагола образуются все другие формы глагола.

1 Неопределенная форма- при помощи суффикса –у.

Мысалы:

Ал-у- брать, кел- у- приходить, бар-у- идти, бер-у- давать, тыңда- у- слушать.



2 Деепричастная форма-көсемше

1 При помощи суффиксов- іп,- ып,- п (с личными окончаниями выражает действия прошедшего времени).

Мысалы:

Ал-ып-взяв; ал-ып-ты-взял;



Кел-іп-придя, кел-іп-ті- пришел;

Сұра-п-спросив, сұра-п-ты-спросил;

көсемше 2. –при помощи суффиксов-а,-е,-й (с личными окончаниями выражает действие настоящее- будущего времени).

Мысалы:


Бар-а- идя, бар-а-ды- пойдет;

Кел-е- придя, кел-е-ді- придет;

Тыңда-й- слушая;тыңда-й-ды- услышыт, слушает.

3 Причастная форма- есімше- имеет суффиксы –ған/ген, -қан/-кен, -тын/-тін и выступает в качестве определения и сказуемого.

Мысалы:

Сынған ыдыс- битая посуда



Оқыған адам- образованный человек

Сөнген өрт- затушенный пожар


Ол барған- она ходила

Ол келген- он приходил

Ол сұрайын- он спрашивал

10 - сабақ


“Түйе ұрлаған да ұры,

түйме ұрлаған да ұры”

мақал
10.1 Қылмысқа қатысу
Қылмысты бір адам, екі немесе одан да көп адамдар істеуі мүмкін. Бірнеше адам қылмыс істеуге қасақана бірлесіп қатысатын жағдай да болады. Олардың ішінде қылмысты орындаушылармен қатар оны ұйымдастырушылар, қылмысқа көмектесушілер, азғырушылар болуы мүмкін. Осылардың барлығы қылмысқа қатусышылар болып саналады. Әрине, қылмыс істеуге неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым ол қылмыс қоғам мен адамдар үшін өте қауіпті.

Қылмысты тікелей істеген адам- қылмысты орындаушы, былайша айтқанда, өзінің әрекетімен (әрекетсіздігімен) қылмысты жүзеге асырушы. Мысалы, ұры біреудің үйінен зат ұрлайды. Қылмысты орындаушы бір немесе бірнеше адам болуы мумкін. Қылмысты ұйымдастырушы қылмысты басқарады немесе ұйымдастырады. Ол қылмыстыс істеу жоспарын жасайды, қылмысқа қатысатын адамдарды іздестіріп табады, оларға тапсырма береді. Қылмыс істеуге көндіру үшін түрлі әдістер қолдануы м‰мкін:өтініш, кеңес беру, қорқыту т.с.с.

Қылмыстық заң жасы толмағанды қылмыс істеуге кеңес, нұсқау, құрал береді, қылмыскерді, қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде береді. Осы әрекетімен ол өзі тікелей қылмыс істеуге қатыспаса да, қылмысты орындаушыға көмектеседі. Мысалы, А,Б-ға ұрлық істеу үшін өзінің машинасын береді. Бұл арада қылмыс жасауға көмектескен. А. да қылмыскер болып саналады.

Істелеген қылмысты жасырушылық қауіпті іс- әрекет. Күні бұрын уәде бермесе де, бірақ қылмыскерді, қылмыс істеуге пайдаланған құралдарды (мылтық, пышақ, балта т.с.с), қылмыстың ізің ұрланған заттарды жасырған адам да жауапқа тартылады.


Сөздік:
- бас бостандығынан айыру- лишение свободы;

- ќылмыс- преступление;

- ќылмысқа қатысу- принимать участие в преступлении;

- азғырушылар- подстрекатели;

- соттау- осудить;

- ќауіпті- опасный;

- єрекет- действие;

- ±йымастырушылар-организатор;

- орындаушылар- исполнитель;

- ќеңес беру- советовать;

- ќорқыту- пугать.

Сұрақтар
1 Қылмысқа қатынасушыларды қалай атайды?

2 Қылмысты орындаушылар деген кімдер?

3 Азғырушы деген кім?

4 Қылмысты жасырушыны не үшін жазалайды?
10.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар

1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

2 Сұрақтарға жауап беріңіз.

3 Эпиграфта берілген мақалды түсіндіріңіз.

4 Мәтіннен есімдіктерді теріп жазыңыз, олардың түрлерін анықтаңыз.
10.3 Есімдік-местоимение

1 Есімдік- часть речи, основной функций которой является заменять (за исключением “мен” и “сен”) имя существительное, прилагательное и чмслительное или сопровожд.их. Некоторые из них изменяются по числам и падежам, если замен. Имеют форму принадлеж.






Түрлері разряды

Склонение

местоимен.

1

Личные (жіктеу есімдігі)

Мен/я/, ты/сен/,сіз/вы/,ол/он,она,оно/

Біз/мы, біздер/,вы/сіздер, сендер/, олар/они/


Атау с. Мен/я/

Барыс с. Маған/мне/

Жатыс с. Менде/у меня/


Ілік с.менің/мой/

Табыс с.мені/меня/

Шығыс с.менен/от меня/

Көмектес с.менімен/со мною/



2

Указательные (сілтеу есімдігі)

Бұл, осы, мына, мынау, осынау, ана, анау, сол, міне, әне (это, этот, такое, то, самый, тот самый)



Атау бұл

Барыс бұған

Жатыс бұны


Ілік бұнын

Табыс бұны

Шығыс бұдан

Көмектес бұнымен/мұнымен/



3

Вопросительное (сұрау есімдікі)

Кім/кто? Не/что? Қанша/сколько? Неше,қандай/какой? Қайда/где? Қашан/когда?









4

Возвратные (өздік есімдігі)

өз/өзім, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздерін, өздерініз, өздері/ я сам, ты сам, вы сами и т.п/



Атау өзім

Барыс өзіме

Жатыс өзімде


Ілік өзімнің

Табыс өзімді

Шығыс өзімнен

Көмектес өзімнен



5

Определительные (жалпылау есімдігі)

Бері, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, бар, барша, түгел/весь, все, целиком, всякий, каждый/



Атау бәрі

Барыс бәріне

Жатыс бәрінде


Ілік бәрінің

Табыс бәрін

Шығыс бәрінен

Көмектес бәрімен



6

Неопределенные местоимения (белгісіздік)

Бірау/кто-то/,кейбіреу/некоторые/, бірдене/что-то/,әркім/каждый/, әрне/нечто/, кімде-кім/кто-либо/, әлдене/что-либо/, бір/некий/, кейбір,қайсыбір/некоторый/, әр, әрбір/каждый/, бірнеше, әлденеше,біраз/несколько/,әрқалай, әлдеқалай/какой-либо, как-то/, әлдеқайдан/откуда-либо/, әлдеқашан/давным-давно/



Атау біреу

Барыс біреуге

Жатыс біреуде


Ілік біреудің

Табыс біреуді

Шығыс біреуден

Көмектес біреумен



7

Отрицательные (болымсыздық)

Ешкім/никто/, ешнерсе/ничто/, ештеме/ничего/, ешқандай/ никакой/, ешқашан/никогда/, ешқайда/никуда/, ешқайдан/ниоткуда/, ешқалай/никак/, дәнеңе/ничего/



Атау ешкім

Барыс ешкімге

Жатыс ешкімде


Ілік ешкімнің

Табыс ешкімді

Шығыс ешкімнен

Көмектес ешкіммен


11-сабақ
“Атадан жақсы ұл туса.

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса.

Көшінің ең соңы болады”

Ќаз Дауысты Ќазыбек


11.1 Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандағым- заңгер. Орта арнаулы оқу орнында заңгер құқықтық білімді талап ететін түрлі қызмет салаларында (шаруашылық, сот, әкімшілік, басқару т.б) қызмет етуге даярланады.

Келешекте сапалы қызмет ету үшін маман мемлекет пен құқық теориясының негіздерін; конституциялық құқықты; әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, шаруашылық, еңбек, тұрғын, салық, экология, сақтандыру құқықтарын; азаматтық, қылмыстық үдерісті және құқықтың басқа салаларын, сонымен қатар құқықты мемлекет Қазақстан Республикасының дамуының құқық негіздерін, Қазақстан Республикасының басқа достас мемлекеттерімен сыртқы экономикалық қатынастарының ерекшеліктерін білуі керек.

Сауатты маман сот, сот мекемелерінің басқармасының, прокуратураның, ішкі істер органдарының, кеденнің салық инспекциясының қызметінің ұйымдастырылуын және құқық қорғау органдарының қызметінің негізгі нысандары мен әдістерін, құқық қорғау органдарының іс жүргізуін, Қазақстан Республикасының және областың экономикалық жағдайын, ұйымдастыру- құқықтық қызметтің негіздерін, компьютер мен көбейту техникасын қолдануды, мемлекеттік тілді білуге тиіс.
Сөздік:
- салық –налог;

- ќылмыстық үдеріс- уголовно- процессуальное право;

- сыртқы экономикалық қатынастар- внешние экономические отношения;

- сауатты маман- грамотный человек;

- ішкі істер органдары- органы внутренних дел;

- негізгі нысандары- основные обязанности.


Сұрақтар
1 Келешекте сапалы қызмет ету үшін маман қандай пәндерді жақсы білу керек?

2 Заңгер оқуды бітіргеннен соң, қайда қызмет етеді?

3 Маман мемлекеттік тілді білуі керек не?

11.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар

1 Мәтінді оқып, аударыңыз.

2 Эпиграфта берілген мақалды түсіндіріңіз.

3 Мәтіннен үстеулерді табыңыз.

12 - сабақ
“¤тірік айтқан ұрлық та жасайды”

мақал


12.1 Ќорѓаушы
Қорғаушы (защитник)-заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам. Адвокаттарға, заңды өкілдеріне, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне қорғаушы ретінде жол беріледі. Шетелдік адвокаттарға, егер ол Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңдарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол беріледі. Қорғаушы айып тағылған адамға ҚР ҚІЖК 68 бабының бірінші бөліміне сәйкес сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі. Бір адам, егер сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі екіншісінің муддесіне қайшы келетін болса, олардың екеуіне бірдей қорғаушы бола алмайды. Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні немесе айыпталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ.
Сөздік:
- сезіктілер- подозреваемые;

- айыпталушылар- обвиняемые;

- ќұқықтары- права;

- мүдделері- интересы;

- заңды өкіл- законный предствавитель;

- бап- статья;

- ќайшы келу- противоречить;

- айып тағылған- обвиняемый.


Сұрақтар

1 Қорғаушы деген кім?

2 Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушы ретінде қатысуға құқықтары бар ма?

3 Қорғаушы айып тағылған адамға қашаннан бастап жіберіледі?

4 Адвокаттың айыпталушыны қорғаудан бас тартуына бола ма?
12.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар

1 Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

2 Эпиграфтағы мақалды түсіндіріңіз

3 Мәтіндегі естістіктердің болымсыз түрін жасаңыз




Соңғы дыбыс

(Конечный звук)



Дауысты және үнді р,л, й,у (гласные и сонорные р,л,й,у)

Ұяң з,ж, және үндім м,н,ң

(звонкие з,ж и сонорные м,н,ң)



Қатаң және ұяң б,в,г,д

(глухие и звонкие б,в,г,д)



Бұын (слог)

Жуан (твердый)

Ұл ма?

Барды ма?



Қыз ба?

Бардың ?


Завод па?

Алыс па?


Жіңішке (мягкий)

Терезе ме?

Келді ме?



Теңіз бе?

Келдің бе?



Ти пе?

Күшік пе?



Болымсыз етістік (отрицательная форма глагола)

Болымсыз етістік етістікке, болымсыздық –ма,(-ме,-ба,-бе,-па,-пе) қосымшаларының тіркесуі арқылы жасалады.

Отрицательная форма глагола образуется присоединением к основе глагола аффиксов отрицания- ма(ме,ба,бе, пе, па).



Соңғы дыбыс

(Конечный звук)



Дауысты және үнді р,л, й,у (гласные и сонорные р,л,й,у)

Ұяң з,ж, және үндім м,н,ң

(звонкие з,ж и сонорные м,н,ң)



Қатаң және ұяң б,в,г,д

(глухие и звонкие б,в,г,д)



Бұын (слог)

Жуан (твердый)

-ма

-ба

-па

Жіңішке (мягкий)

-ме

-бе

-пе

Соңғы дыбыс

(Конечный звук)



Дауысты және үнді р,л, й,у (гласные и сонорные р,л,й,у)

Ұяң з,ж, және үндім м,н,ң

(звонкие з,ж и сонорные м,н,ң)



Қатаң және ұяң б,в,г,д

(глухие и звонкие б,в,г,д)



Бұын (слог)

Жуан (твердый)

Бар+ма

Қара+ма


Сау+ма

Отыр+ма


Жаз+ба

Нан+ба


Айт+па

Шық+па


Жіңішке (мягкий)

Кел+ме

Сүй+ме


Жур+ме

Ез+бе

Сен+бе


Іш+пе

өт+пе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет