4-сабақ
“Бас кеспек болсадағы,
тіл кеспек жоқ”
дала бабынан
4.1 Қазақ билері
Қаз Дауысты Қазыбек- Орта жүз биі. Қазыбек би (1667-1754) 17- ғасырдың аяғы мен 18- ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың атақты биі. Руы- Арғын ішіндегі Қаракесек. Тәуке хан қазақтың үш жүзін билеу үшін Үлы жүзге Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындаған.
Қазыбек би Тәуке, Семеке, Әбілмамбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып, қазақ хандарың ішкі және сыртқы саясатына едәуір ықпал жасап отырды. Ол жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушыларардың бірі болды. Абылай жоңғарлардың қолына түскенде, оны тұтқыннан босатып алуға Қазыбек би белсене араласты.
Айтық, Әйтеке- 17- ғасырдың аяғы 18- ғасырдың басында Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген атақты Жалантос батырдың немересі. Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасынан Төртқара руынан шыққан. Тәуке хан дәуіріндегі қазақтың аса көрнекті билерінің бірі. Әйтеке бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға белсене араласты.
Төле би Әлімбекұлы (1663, қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсан жайлауы- 1756, қазіргі Оңтүстік Қазақстан обласы).
Төле би бұрынғы Ленгір ауданының Ақбұрхан- Орда деген ауылында туған - қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен, Ұлы ж‰здің Төле биі. Төле би - Дулат тайпасының, Жаныс руынан. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық- шешендік өнерінен тәлім алған адам. Ол 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен , шешендігімен елге танылды.
Ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырмен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарды. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етті.
Сөздік:
- орта жүз- средний жуз;
- кіші жүз- младший жуз;
- ±лы жүз-Старший жуз;
- атақты би- знатный судья;
- ру (руы)- род;
- мемлекет басқару- управление государством;
- ішкі және сыртқы саясат- внешняя и внутренняя политика;
- ±йымдастырушы- организатор;
- басқыншылыққа қарсы- против нашествия;
- дәуір- эпоха;
- белсене араласу- активно участвовать;
- бұрынғы- давний;
- атақты шешен- знатный оратор;
- азат ету- освободить;
Сұрақтар
1 Қазыбек би қандай жүзді билеген?
2 Ол кімге қарсы күресті?
3 Әйтеке би қандай жүзді басқарған?
4 Төле би қандай жүзді басқарған?
5 Төле би қандай батырлармен бірге күрескен?
4.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз, аударыңыз.
2 Қазақтың, биді, хандардың, ұйымдастырушылардың, жоңғардың, тұтқыннан, батырдың деген сөздердің түбірін табыңыз да, септік жалғауларын анықтаңыз.
3 Дала баптарынан алынған қанатты сµзді түсіндіріңіз.
5 сабақ
“ Халық ұйғарса, хан
түйесін сояды”
дала баптарынан
5.1 Ерте кездегі отбасы заңдары
Тәуке ханның заңдарында некеге тұрудың шарты ретінде, он үш жас белгіленген. Жалпы ертеректе қазақтар 15 жастан бастап некелесуге ерікті болған. Некелесудің екінші шарты - болашақ жұбайлардың жеті атаға дейінгі аралықта туыстық қатынаста болмауы.
Үйлену екі жолмен жүзеге асырылады. Олар - атастыру және айттыру. Ел ішінде екі жастың сүйіп қосылуы да кездесіп отырған. Қыз бен баланың ата- аналары сәбилердің жас кезінде келісу арқылы, барлық рәсімдерді жасап, кәмелеттік жасқа толғанда үйлендіруді уәделесу- атастыру деп атаған.
Айттыру - баланың әке-шешелері тарапынан іске асырылатын әрекет. Кәмелетке толған баласына өздеріне ұнаған, көңілдері түскен үйдің ата- аналарына қызын беру туралы сөз салады.
Неке ісінде барлық мәселені ата-ана мен ру басшылары шешеді, күйеу жігіт пен қалыңдық тек солардың айтқанына құлақ асуы тиіс. Құдаласуда әркім өз теңін іздеген. Ер жігіт негізінен әйелін тек ата- анасының қалауымен алған.
Ал еркімен, ата-аналарының ақ батасын алмай қосылған болса, ел арасында осы жайға байланысты үлкен дау туып отырған. Айттырылып қойған қызды алып қашқан жігітті, өлім жазасына кесуге дейін барған.
Атастырылып, айттырылып қойған қыздарға ер баланың ата- аналары қалың малын өткізіп қоюға құқылы. Қалың мал мөлшері әр түрлі болған. Бұл отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты болған. Негізінде “жирыма жеті”, “отыз жеті”, тіпті “жетпіс жеті” жылқыдан құралған.
Қалың мал- қалыңдықтың жасауына кеткен шығынның орнын жабатын төлем. Қалың мал толық төленіп болмайынша той басталмайды.
Қазақтар тұрмысында ажырасу- өте сирек болған жағдай. Ажырасу көбінесе екі жақтың келісімен болған.
Сөздік:
- некелесу-женится;
- ерікті- вправе;
- туыстық қатынас- родственные отношения;
- жұбайлар- супруги;
- жүзеге арысу- осуществлять;
- атастыру- помолвка;
- айттыру- сватовство;
- сөз алу- свататься;
- мәлесе- вопрос, проблема;
- ќұлақ асу- прислушиваться;
- рәсім- ритуал, правила;
- ќалауымен алған- взять по совету;
- єркім- каждый;
- дау- спор, тяжба;
- келісім- согласие.
Сұрақтар
1 Тәуке хан заңыңда некеге тұру неше жастан бастап рұқсат етілген?
2 Некелесудің екінші шарты қандай?
3 Үйлену қандай жолдармен жүзеге асырылған?
4 Айттыру деген не?
5 Қалың мал мөлшері қандай болған?
5.2 Мәтін бойынша берілген тапсылармалар
1 Мәтінді оқып, аударыныз.
2 Қазіргі заман неке заңдарының 2-3 бабын жазып, ертедегі заңдармен салыстырыңыз.
3 Дала бантарынан алынған қанатты сөзді түсіндіріңіз.
4 Ата, келісу, ру басшысы деген сөздерді жіктік жалғауында қойыныз.
Личные окончания именных частей речи
(жіктік жалғау)
Лицо
|
Конечный звук слова
|
Личные окончания
|
Ед.число
|
Мн.число
|
1
|
Гласный или сонорный
(р, й, л, у, м, н, ң)
|
-мын
-мін
|
-мыз(-быз, біз)
-міз(после конечных н,ң,м)
|
|
Звонкие согласные з,ж
|
-бын
-бін
|
-быз
-біз
|
|
Глухой согласный
|
-пын
-пін
|
-пыз
-піз
|
2
|
Независимо от конечного звука слова
|
-сың(-сыз)
-сің(-сіз)
|
-сыңдар
(-сыздар)
-сіңдер
(-сіздер)
|
3
|
Не имеет окончаний
|
|
Только окончания мн.ч.
|
6- сабаќ
“Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы ”
дала баптарынан
6.1 Ұрлыққа жаза
Қазақ халқының бұрыңғы әдет заңы бойынша ұрлық жасаушыларға билер тарапынан қатаң жаза қолданылып отырған. “Ұрының үйі күйсін” деген мәтел осы қатаң да әділ төрелікті аңғартады.
Әрбір ұрлық үшін тартылар айып шамасы түрлі жағдайларға сәйкес анықталған. Мәселен, алғаш рет қой ұрлап тұтылған үрыға қарағанда, бірнеше мәрте ұрлық жасаған кылмыскердің айыбы ауырлау: ол бір қой үшін түйе ұрлаған айыпкермен тең дәрежеде жазаланады. Ал ұры қару-жарағын сайлап, бейкүне адамды жарадар еткен жағдайда оған ерекше жаза тағайындалатын болған.
Әдетте ұры әрбір малдың құнын толықтай қайтарумен бірге қосымша ақы төлеуге мәжбүр болады. Мәселен, түйе ұрланса, оған құнан атан мен тайлақты беруге міндетті. Бұл айтылғандардың үстіне әрбір ұрланған ірі кара үшін төрелік етуші ханның не бидің пайдасына “хандық” не “билік” үлесін тартады. Бұдан басқа бидің хабарын жеткізіп жүрген адамға “жасауыл ақы” төленеді. Ал билік айтылып, үкім кесілген соң, оған қатысушылардың бірі көпшілік көзінше ұрының аяғына “ала жіп” байлап, келеді. Бұл салтты орындаушы кісі өзіне тиесілі даушыға жіпкесер ақысын алады.
Бұл айыптардың ішіндегі ең үлкені- “хандық” үлес, оған әрбір ұрлаған бес ірі қара үшін бір жылқы не бір түйе алынады, бидің ақысы “хандықтың” жартысындай шамада болады. Ал “жасауыл ақы” мен “даушыға жіпкесердің” екеуін қоса алғандағы ақы “билікке” теңеседі. Қылмыс үстінде тұтылған ұрының қару- жарағы болса, ол тартып алынады. Сол үшін ұры “шапан айыбын” тартады, бұл “сойыл айбанасы” деп аталады.
Сөздік:
- байырғы әдет заңы- древний обычный закон;
- єділ төрелік- справедливое решение;
- тұтылған- пойманный;
- бірнеше мәрте- несколько раз;
- ќылмыскердің айыбы- вина преступника;
- жаза- наказание, расплата;
- жазалау- наказать;
- бейкүнә- невиновный;
- ќосымша ақы- дополнительная плата;
- мәжбүр болу- быть вынужденным;
- тайлақ- верблюжонок;
- хандық үлес- ханская доля;
- жасауыл- оповеститель, вестник;
- тиесілі- причитающийся;
- ‰кім- приговор;
- айбана- один из видов штрафа;
- тартады- несет, платит.
Сұрақтар
1 Ұры малдың құнын қалай қайтарған?
2 “Жасауыл айып” деген не?
3 “Хандық үлес” деген не?
4 “Шапан айыбы” немесе “Сойыл айыбы” деген не?
6.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, аударыңыз.
2 Мәтіннен 5 сөйлем көшіріп, морфологиялық талдау жасаңыз.
3 Мынаны дәптерге көшіріңіз:
Айып- қылмыс, ұрлық, дәстүрді бұзу тағы басқа жағымсыз іс- әрекеттер үшін берілетін жаза.
Айбана- үлкен мөлшердегі ұрлық, ең ауыр қылмыс үшін төленетін төлем, берілетін жаза; айыптың бір түрі.
4 Мына мақал- мәтелдерді аударыныз:
Ұрлық, ұрлық түбі- қорлық. Ұрлық ине ұрлаудан басталады. Түйе ұрлаған да ұры, түйме ұрлаған да ұры. өтірік айтқан ұрлық та жасайды.
7 - сабақ
“Халық ұйғарса, хан
түйесін сояды”
дала бабынан
7.1 Адвокат
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17- бабында: “Әркімнін жеке басының бостандығына құқығы бар. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы”, деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 5 желтоқсандағы “Адвокаттық қызмет туралы” заңында да адвокатураның қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтардықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінін өзге де түрлерін ±сынатындығы айтылған.
Осы заңның 4- бабына сәйкес адвокат шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді, сондайақ талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасайды, және адвокат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым- қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады. Олар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді. Заңға орай көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерікті.
Қылмыстық істер жөніндегі көсіби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Сөздік:
- бабында- статья;
- бостандығы- свобода;
- ±стау- задержать;
- тұтқындалған- арестовать;
- ќылмыс жасау- совершить преступление;
- айып тағу- обвинить;
- ќорғау- защитить;
- мүдделерін қорғау- защищать интересы;
- түсіндірмелер- объяснительные;
- ќұжаттар- документы;
- алдын- ала тергеу- дознание;
- тыйым салу- запрещать;
- ерікті- свободный;
- кәсіби қорғау- профессиональная защита;
- жүзеге асыру- воплотить в жизнь.
7.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, аудараңыз.
2 Мәтінге сұрақтар қойыњыз.
3 Қанатты сөзді түсіндіріңіз.
4 Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тауып алып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Көптік жалғау
1 Если основа слова оканчивается на гласные звуки и р, й, у, то пишется лар/лер (балар, дәптерлер).
2 Если основа слова оканчивается на м, н, ң, л, з, то пишется дар/дер (көлдер, қаламдар, өзендер).
3 Если основа слова оканчивается на глухой согласный звук или на б, в, г, д, то пишется тар/тер (кітаптар).
8 - сабақ
“Ұрлық, ұрлық түбі- қорлық”
мақал
8.1 Тергеу
Тергеуші- заңда көрсетілгендей өз қүзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам. Олар ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі, және салық полициясының тергеушісі болып бөлінеді.
Тергеуші қылмыстық іс қозғайды, алдын ала тергеу жүргізеді және Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы. Тергеуші істің жағдайын жан- жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретінде жазасын тартқызуға, айып тағуға құқылы. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай оған жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау корытындысын жасау жолымен қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.
Тергеуші тергеудің бағыты мен іс-әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімді дербес қабылдайды. Олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшін толық жауапты болады. Тергеушінің қызметіне заңсыз араласуға болмайды, ал оған жол берген жағдайда тиісті адамдарға қылмыстық жауапкершілік көздейді.
Сөздік:
- тергеуші- следователь;
- ќұзыреті шегінде- в рамках полномочия;
- ќылмыстық іс- уголовное дело;
- лауазымды адам- уполномоченный;
- ±лттық қауіпсіздік- национальная безопасность;
- салық полициясы- налоговая полиция;
- іс қозғау- возбудить дело;
- алдын ала тергеу жүргізу- дознание;
- жолын кесу- преградить путь;
- толық жауапты- полностью ответственный;
- іске заңсыз араласу- мешать следствию вне закона;
- жауапкершілік- ответственность.
Сұрақтар
1 Тергеуші деген кім?
2 Олар қалай деп бөлінеді?
3 Тергеушінің атқаратын міндеттері қандай?
4 Тергеушінің қызметіне араласуға бола ма?
8.2 Мәтін бойынша тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, аударыңыз.
2 Заңды бұзу туралы мақал- мәтелдерді табыңыз.
3 Эпиграф ретінде берілген мақалды қалай түсінесіз?
4 Мәтіннен табыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз.
Табыс септік (винительный падеж)
Соңғы дыбыс
(конечный звук)
|
Дауысты
(гласные)
|
Үнді, ұяң з,ж
(Сонорные звонкие з,ж)
|
Қатаң, ұяң б, в, г, д
(Глухие звонкие б,в,г, д)
|
ІІІ жақ тәуелдік жалғауы (ІІІ лицо притяжательной формы)
|
Буын (слог)
|
Жуан (твердый)
|
-ны
|
-ды
|
-ты
|
-н
|
Жіңішке(мягкий)
|
-ні
|
-ді
|
-ті
|
-н
|
Достарыңызбен бөлісу: |