Сөздік:
- сараптама- экспертиза
- ќұдыреті- полномочие
- ресми- официальный
- ќұжат- документ
- ќұқылы- имеет право
Сұрақтар
1 Кім сараптаманы тағайындайды?
2 Сараптамада қандай мәліметтер болады?
3 Сарапшы кіммен тығыз байланыста болады?
4 Тергеушінің бұнда неге құқығы бар?
25.2 Мәтінге бірілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз, олардың шақтарын анықтаңыз.
3 Эпиграфта берілген мақалды түсіндіріңіз.
26 - сабақ
“Сауданың түбі борыш, шаруаның түбі кеңіс”
мақал
26.1 Айыппұл
АЙЫППҰЛ (штраф)- қылмыстық заңда көзделген шекте заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыстық жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу. А. ҚР-ның заңдарымен белгілеуі бойынша айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан - жиырма бес мың шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадаң бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасаған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, сот белгілейді. А. жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-тің Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ҚК-тің 42,43 және 46 баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебін қамаумен немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл сомасы орнына тиісінше айлық есептік көрсеткіштіњ үш еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады (ҚР ҚК-нің 40 бабы).
Сөздік:
- жаза тағайындау- назначение наказание;
- айлық көрсеткіш- месячный показатель;
- жалақы- зарплата;
- айыппұл- штраф;
- ќылмыс- преступление;
- сотталған адам- осужденный;
- жалтару- уклоняться;
- ќоғамдық жұмыстар- общественные работы;
- түзеу жұмыстары - исправительные работы;
- ќамау- заключение.
26.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2 Мәтінге сұрақ қойыңыз.
3 Мәтіннен сын есімдерді тауып, түрлі шырайлар жасаңыз
4 Мақалды түсіндіріңіз
27 - сабақ
“Ќырсыққан жігіт мал таппас, Адасќан жігіт жол таппас”
мақал
27.1 Анықтаушы
АНЫҚТАУШЫ (дознаватель)- өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам. Аңықтаушы ҚР ҚІЖК сәйкес айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешім қабылдауға, заңда оларды аңықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі көзделген жағдайларды коспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Алдын ала тергеу жүргізу мендетті емес қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде аңықтаушы ҚР ҚІЖК сәйкес 37 тарауында көзделген алынып тасталатындары қоспағанда, алдын ала тергеу жүргізу үшін ҚР ҚІЖК сәйкес көзделген ережелерді басшылыққа алады. Аңықтаушы алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардан етуге міндетті Аңықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органың және аңықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану тапсырмаларын орындауға міндетті. Анықтау органы бастығының нұсқаулары аңықтаушы үшін міндетті.
Сөздік:
- ќылмыстық іс- уголовное дело;
- аңықтаушы- дознаватель;
- соттың шешімі- решение суда;
- тергеу- следствие;
- іс қозғау- возбудить дело;
- іздестіру- розыск;
- нұсқаулары- инструкции;
27.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
2 Мәтінге сұрақтар қойыңыз
3 Мәтіннен сын есімдері табыңыз. Түрлерін анықтаңыз
28 - сабақ
“Бірдің кесірі мыңға тиеді”
мақал
28.1 Талапкер
ТАЛАПКЕР (истец)- сотқа, аралық сотқа өз құқығын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жүгінуші тұлға. Азаматтық іс жүргізуде өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар талапкер ретінде іске қатысады. Басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар тұлғалардың өтініші бойынша мүдделері қозғалып, іс басталған тұлғаға сот талап қоюшы ретінде қатысады. Талапкер кең құқықтармен пайдаланды: ол іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға, көшірмелер түсіруге, дәлелдеме тапсыруға, оларды зерттеуге қатысуға, іске қатысушыларға сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктеме беруге, сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, соттың шешімі мен ұйғарымына шағым келтіруге, сот орындаушысының әрекеттеріне қатысуға және басқа да іс жүргізу құқығына ие болады. Талапкер талаптан бас тартуға, талаптың пәнін немесе негізін өзгертуге, талап бағасын ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы. Талапкер өз талаптарының негізі ретінде берген мән-жайларды дәлелдеуі тиіс. өзіне тиісті құқықтарды шынайы пайдалануға міндетті. Көрінеу теріс пиғылмен талап қойған жағдайда, сот жауапкердің пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп бере алады, бұл тәртіп істің жылдам әрі дұрыс шешілуіне үнемі қарсылық жасалған жағдайда да қолданылады.
Сөздік:
- мүдделерді қорғау- защищать права;
- талап- иск;
- талапкер- истец;
- дәлелдеме- доказательство;
- іске қатысушылар- соучастники;
- шағым келтіру- обжаловать;
- теріс пиғыл- отрицательное намерение;
- уақыт ысырабы- потеря времени;
- өтемақы- плата.
28.2 Мәтінге берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
2 Мәтінге сұрақ қойыңыз
3 Мәтінге диалог құрыңыз
4 Эпиграфты қалай түсіңесіз?
29 – сабақ
“Алдына бір қарасаң, артыңа бес қара”
мақал
29.1 Айыпталушы
Айыпталушы (айыпкер) (обвиняемый)- өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шықан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтың қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы-сотталушы, өзіне қатысты айыптау үкімі шышығарылған айыпталушы-сотталған адам, өзіне қатысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы-ақталушы деп аталады. Айыпталушы: заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға; өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға; қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға; қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге; бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; өзіне тағылтап айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге; айғақ беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пен қарсылық мәлімдеуге; ана тіліне немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; қорғаушысы болуға; ҚР ҚІЖК сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдыңдағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға; тергеушінің немесе аңықтаушының рұқсатымен өзінің өтініші бойынша немесе өзінің қорғаушысының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; сарапшының алдына мәселелер қоюға, сасрптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға; тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген көлемде көшіріп алуға; соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге; ақтамайтың негіздер бойынша істі қысқыртуға қарсылық білдіруге; жария сөз талқылауын талап етуге құқылы.
Сөздік:
Айыпкер- обвиняемый
Іс қозғау- возбудить дело
Ақтау үкімі- приговор об оправдании
Айғақ беру- приводить приговор
Оңша жолығу- встречаться наедине
Құпия жолығу- тайно встечаться
Сараптама- экспертиза
Сұрақтар
1 Айыпкер деген кім?
2 Ақталушы адам деген кім?
3 Айыпталушының қандай құқығы бар?
29.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
2 Сұрақтарға жауап беріңіз
3 Эпиграфтағы мақалды түсіндіріңіз
4 Тәуелдік жалгауында тұрған зат есімдерді табыңыз
Аффиксы принадлежности
Лицо
|
Конечный звук слова
|
Аффиксы
|
Примеры
|
Ед.
число
|
Мн.
число
|
І
|
После гласных
После согласных
|
М
Ым
Ім
|
Мыз
Ымыз
Іміз
|
Бала+м бала+мыз
Қол+ым қол+ымыз
Қөз+ім қөз+іміз
|
ІІ
пр
|
После гласных
После согласных
|
Ң
Ың
Ің
|
Ларың
Лерің
Терің
|
Бала+ң бала+ларың
Шеше+ң шеше+лерің
Бас+ың бас+тарың
|
ІІ
в
|
После гласных
После согласных
|
Ңыз
Ыңыз
Іңіз
|
Ларыңыз
Дарыңыз
Деріңіз
|
Бала+ңыз бала+ларыңыз
Қол+ыңыз қол+дарыңыз
Қөз+іңіз қөз+деріңіз
|
ІІІ
|
После гласных
После согласных
|
Сы
Сі
Ы
І
|
Лары
Лері
Тары
тері
|
Қала+сы қала+лары
Көше+сі көше+лері
Бас+ы бас+тары
Тіс+і тіс+тері
|
30 - сабақ
“Аузы күйген үріп ішер”
мақал
30.1 Айып таѓу
АЙЫП ТАҒУ (предъявление обвинения)- қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы айыпталушы өтінім білдірген болса, қорғаушының көзінше және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулы шығарылған кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей тағылады. Айыпталушы немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда үш тәулік өткеннен кейін де тағылатын айып. Мәжбүрлеп әкеліген айыпталушыға айып мәжбүрлеп әкелінген күні тағылады. Бұл ретте тергеуші айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы заң бойынша мәндетті блған жаңдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиіс. Тергеуші айыпталушының жеке басын аңықтағаннан және қорғаушының қорғауды жүргізу тапсырмасын тексергеннен кейін айыпталушыға және оның қорғаушысына айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қалуыны хабарлайды. Тергеуші айыпталушыға тағылып отырған айыптың мәнісін түсіндіруге міндетті. ҚР ҚІЖК 209 бабының үшінші және төртінші бөлімдерінде көрсетілген әс-әрекеттерді орындау айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыға айып тағудың күні мен сағатын көрсете отырып айыпталушының, қорғаушының және тергеушінің қол қоюымен куәландырады, айыптаушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда, егер ол айып тағылған кезде қатысқан болса, тергеуші және қорғаушы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда қаулының мәтіні айыпталушыға жарияланғаның куәландырады. Айыпталушыға оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі тапсырылады. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған және ол алдын ала тергеу органына келуден жалтарған жағдайда- тергуші, ал қорғаушы келген жағдайда қорғаушы да, айыпталушы ретінде жауапқа тарту қауылында оның Қазақстан Республикасының шегінен болуына және алдын ала тергеу органына келуден жалтаруына байланысты айыпталушыға айыпты жариялау мүмкін еместігін куәландырады.
Сөздік:
- ќорғаушы- адвокат
- айыпталушы- обвиняемый
- айып тағу- предъявить обвинение
- мәжбүрлеп- насильно
- жауапқа тарту- привести к ответственности
- куәландыру- освидетельствовать
- шегінен тыс жерде- за пределами
- жалтару- уклоняться
- айыпты жариялау- предъявить обвинение
Сұрақтар
1 Айып қай уақытта тағылады?
2 Неше күнде айып тағылады?
3 Айыпталушыға қандай құжат тапсырылады?
4 Айыпталушы Қ.Р-нан шет жерде болса, қандай өзгешеліктер бар?
30.2 Мәтін бойынша берілген тапсырмалар
1 Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
2 Сұрақтарға жауап беріп, диалог құрыңыз
3 Эпиграфты қалай түсінесіз
Приложение А - Наречие үстеу
№
|
Семантические разряды наречий
|
Сұрақтары
вопросы
|
Үстеулер
наречия
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Времени
мезгіл
|
Қашан?(когда?)
Қашаннан? (с каких пор?)
|
Бұрын (раньше),
ерте(рано), ендігәрі (в следующий раз), әнеугүні (тогда), жуырда (недавно), әуелде (в начале), ежелден (с давних пор), оқтын- оқтын (временами), ертеңгісін (утром), бүгін, кеше.
|
2
|
Мекен
места
|
Қайда?(где?куда?)
Қайдан?(откуда?)
|
Алыс(далеко), жақын (близко), әрі(туда, дальше), бері(сюда), алда(впереди), алға(вперед), артта (позади), тұс-түстан (со всех сторон), кейін (после), үстінде (наверху), астында (снизу).
|
Продолжение приложения А
1
|
2
|
3
|
4
|
3
|
Сын-бейне
Образа действия
|
Қалай?(как?)
Қалайша? (каким образом?)
Қайтсе?(каким способом?)
|
Зорға, әрең, әзер,(еле), дереу, шапшаң, тез, жылдам(быстро), дәл(точно), әншейін (просто), бірге(вместе), бекер (напрасно), кезекпен(по очереди), бетпе- бет(лицом к лицу), қапыда (врасплох)
|
4
|
Мақсат
цели
|
Не үшін? (зачем? Для чего?)
Не мақсатпен? (с какой целью?)
|
Жота, әдейі (нарочно), қасақана (назло)
|
5
|
Себеп- салар
причины
|
Неге? (почему?)
Неліктен? (от чего?)
Не себептен? (по какой причине?)
|
Босқа, бекерге (зря, понапрасну), амалсыздан, лажсыздан (безвыходно)
|
6
|
Мөлшер
Количества меры и степени
|
Қанша? (сколько?)
Қаншама?(как много? До какой степени?)
|
Талай рет (много раз), әдеуір (несколько), біраз (несколько), көп (много), аз (мало)
|
Достарыңызбен бөлісу: |