«Мен нені ұнатамын: Маған не ұнамайды?» Әдістемесі Оқушының өмірлік құндылықтарын анықтаңыз.
Тапсырма беріледі: «Маған не ұнайды?» деген сұрақтарға және «маған көбірек не ұнамайды?» деген сұрақтарға 10 жауап жазыңыз.
Саралау. Жеке басының ерекшелігін, маңыздылығын ескере отырып, жеке басының қасиеттерін, құндылықтарын, кәсіптеггі жетістіктерін рет ретімен қойыңыз.
Тәжірибе бағдарламасы мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасы мен ҚР МЖМБС негізінде және кәсіби тәжірибеге сәйкес дайындалды.
Бағдарлама мазмұны
Тәжірибенің мақсаты, тапсырмалары
Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмалары «Педагогикадан оқу тәжірибесі» танысу тәжірибесі – бұл кәсіби тәжірибенің бір түрі. Ол арнайы мамандандырылу желісі бойынша студенттің теория жүзіндегі кәсіби және базалық білімдерін іс жүзінде шынайы маман ретінде тәжірибе жинақтап және болашақта таңдаған сала мамандығы бойынша іскер маманға қатысты керекті міндеттер мен жауапкершілікті меңгере отырып, тәжірибеден өтумен қатар, жұмысты ұйымдастыруға деген қабылеттілікті арттыруға негіз болады. Танысу тәжірибесі барысында студенттің базалық және мамандандырылу бойынша біліктілікті меңгеру дайындығы тәжірибе арқылы тікелей жүзеге асырылады.
Танысу тәжірибесі стандарт ережесіне сәйкесінше жүргізіледі. Танысу тәжірибесі теориялық оқыту аяқталған кезде ұйымдастырылады.
Танысу тәжірибесінің негізгі мақсаты негізгі компоненттерді бекіту, таңдаған мамандық бойынша кәсіби қызметтің бастапқы тәжірибесі мен тәжірибе түрінде меңгеру болып табылады.
Танысу тәжірибесінің өту уақыты жұмыс оқу жоспарындағы мамандықтағы кредиттер санымен анықталады, ал уақыты түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша менеджер анықтайды.
Тәжірибе барысында студент:
Мекеменің ішкі тәртібі мен ережелеріне сәйкес нақты шешімі бойынша тәжірибе орнына дәл уақытында баруға;
Мекеменің ішкі тәртібі мен ережелерін және еңбек заңнамасының талаптары мен міндеттерін қатаң сақтауға және орындауға;
Бекітілген кестеге сәйкес тәжірибе бағдарламасын және мекемедегі тәжірибе жетекшісінің тапсырмаларын орындауға;
Оқу орнындағы және практика базасы болып табылатын ұйымдағы тәжірибе жетекшілерінің кеңестерін қолдануға;
Мекеменің, ұйымның жұмысымен, оның құрылымыммен, мекеме бөлімдерінің негізгі функцияларымен танысуға міндетті.
Тәжірибені ұйымдастыру және дайындау
Тәжірибенің оқу-әдістемелік жетекшілігін туризм және мейрамхана ісі кафедрасы жүзеге асырады. Тәжірибе басталар алдында 2-3 күн бұрын студенттермен, тағайындалған жетекшілермен бірлесе отырып, жиналыс өткізіледі.
Жиында міндетті түрде тәжірибе тапсырмалары туралы, кәсіпорындағы жұмыстың мақсаты мен түрлері жайлы, мамандықтың оқу жоспарымен нақтыланған тәжірибенің өту уақыты туралы айтылады.
Тәжірибе басталғанға дейін студент мына құжаттарды алуы керек: күнделік, жолдама, әдістемелік құрал, бағдарлама.