Қуыршақ (Психологиялық монопьеса) кейіпкер



бет5/5
Дата27.05.2023
өлшемі61.43 Kb.
#474361
1   2   3   4   5
4 Қ. Мұрат Қуыршақ монопьеса

Актриса қуыршақты сипап:
– Сен менің қасымда екеніңді олар білмей қалды. Өзім киіндірдім, өзім тамақтандырдым. Өзім...
Таңданыспен актрисаға қарап қалып:
– Рәбиға сен қайдан жүрсің? Балалармен бірге балконнан жарылып кетіп едің ғой? Жәй кезде келмей, осындай әдемі қыздармен билеп жүрсем жетіп келесің иә? Не дейсің? Шешем келетін болды. Ұрысатын шығар мына қылығымды көрсе. Осындай ұсқынсыз түрімді көрсе тағы ренжиді ғой. Жоқ Рабиға мен ойдан шығарып тұрған жоқпын тағы да. Мынаның бәрі ойын емес. Жынды емеспін дедім ғой. Мен ақылдымын! Ақылдымын. Көп оқығандықтан көп білемін. Иә, иә айт айт бәріне. Күйеуім алжаса бастады де. Күйеуім қуыршақпен ойнауын тоқтатпады де әлі. Дұрыс айтасың ақылдымын. Айтам ойымды. Өздері пікірін айтар кезде бұғып қалып, былай шыға ақталатындардан ақылды екенімді айтамын. Арымның алдында таза өлемін. Өздерінің боқ сасыған денелерінен бөлініп шығып қарап тұрған мен секілділер аз. Қайда кеттің тағы. Тоқта. Тоқта. Сіз жаңа әйелімді көрдіңіз бе? Қалай басын қатырдым ә. Оларды солай алдау керек. Ол ойлайды мына сендер қуышақ деп. Мынаның бәрін мен ойлап таптым деп. Олай емес қой иә. Шеберханама келсем есігі жабық тұр, әрең дегенде терезесін сындырып кірдім. Шешем қазір келем деген. Күтіп отырмын. Иә, бірге кетемін, қалмаймын! Еее сен де бағы жанбаған қуыршақ екенсің ғой. Біз бәріміз де қуыршақпыз. Тіпті ана отырғандар да қуыршақтар. Бірақ өздерін қуыршақ екендерін мойындағысы келмейді. Сұрап көрейін бе? Ей, сен, қуыршақсың ба? Сен ше, қуыршақсың ба? Барлықтарың қуыршақсыңдар ғой, иә? Әне көрдің бе үндемейді... Ааа, сорлы басым, ұмытып кетіппін, олар қуыршақ екен ғой! Кешіріңдер мен де ақымақпын қуыршақтармен сөйлесіп /екіленіп кетеді/.
Мен жасаған қуыршақтар. Менің қуыршақтарым! Менің ғана қуыршақтарымсыңдар! Әрқайсыларыңды қалай жасағанымды білемін! Әрқайсыңды осылай отырғыздым. Бойларыңды үрей мен қорқыныш жайлап алған. Тыныштық жоқ. Қорқасыңдар! Қуыршақсыңдар! Өмірлерің қабат-қабат үміттен ғана тұрады. Әртүрлі формада киіндіріп, түрлі дәрежеде қызмет беріп, өзім өсіргем сендерді. Өзім құрта аламын. Қазір менің апам келеді. Сендерді өзіммен бірге алып кетем. Шуламаңдар! Мүсәпірсіп жыламаңдар! Шырқыраған жандарыңның әлсіздігін көрсетпеңдер... Бәріміз қуыршақтар еліне кетеміз. Мына азаптан құтыламыз. Ол жақта заң басқа, ел басқа болуы керек... (Үнсіздік)
Сәби болғым келеді. Шешесінің құшағында уызға тойып, балбырап ұйықтап жататын періште сәби күйімде өмірді тағы бастағым келеді. Ересектердің өмірі ұнамайды. Ұнамайды! Ұнамайды! Ұнамайды! Тек қоштасу мен жоғалтудан тұратын өмірді сүргенімді қаламаймын. Өмір бойы қамқорлығында жүрген жанды қалай ғана қиясың?! Жағада тұрып қошатаса алмай жүрген адамдарды көргенде жаным ауырады. Өз уақытыңды күтесің...
– Апа, келдің бе? Мыналарды қайтемін? Қалай? Қуршақтар ғаламшарына алып кетеміз бе? Олардың өмірі біздікінен басқа шығар... Қазір... қазір... Ааа, таптым қазір...
Жүгіріп шығып кетеді де, бензин әкеліп, қуыршақтардың үстіне, өзінің үстіне шашады:
– Шуламаңдар! Шуламаңдар дедім ғой! Қазір, қазір бірге кетеміз...
Өмірді сүйемін!. Көзімді ашқан кезде көрген суретті ешнәрсеге де қимаймын. Жоғалып кеткенін қаламаймын. Иә, қырсықпын! Қаталмын! Өркөкірек, менменсіген тәкаппар да мен! Бәрін өзімнен таптым. Мінезімнен таптым. Жалғыз өзім жалған дүниеге сыймай аласұрам. Кейбіреулер маған осы тірлікті де қимайды... Күйзелем төрт бұрышқа сыймай кейде. «Шындық» деп қабылдаған қағидаммен тіршілік еттім. Тыныштық бермеді, тірлігімді бұзды. Ақыры өзіме-өзім үкім шығардым!
Қажыдым енді, күш бітті,
Көңілсіз, салқын, күн бұлтты,
Өлім күйі – тәтті күй,
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім, әлдиле,
Әлдиле, өлім, әлдиле!
Қара орманның шетінде,
Нағыз желдің өтінде
Өскен жалғыз жас қайың.
Былқ-сылқ етіп билеген,
Сылдыр-сылдыр күйлеген,
Болсын онда не уайым.
Сол жас қайың құлапты,
Жанында жел жылапты,
Балқиды жаным бұл күйге.
Мені де, өлім әлдиле,
Әлдиле, өлім, әлдиле!
СОҢЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет