Қуыршақ (Психологиялық монопьеса) кейіпкер



бет2/5
Дата27.05.2023
өлшемі61.43 Kb.
#474361
1   2   3   4   5
4 Қ. Мұрат Қуыршақ монопьеса

Басы сығып ауырады. Қалшылдай бастайды. Дәрісін тауып алып ішіп, еденде ұзақ жатады. Баяу ырғақпен орнынан тұрып ән салады (Міндетті түрде ән керек).
– Түрмеден шығып үйге келе жатқан бетім. Біз тұратын тоғыз қабат үйден өрт шығып жатқанын байқадым. Адам біткеннің бәрі сол жақта. Жүгіріп келіп, жақыннан қарасам өрт, өрт менің үйімнен шығып жатыр. Әйелім мен балаларым балконда шыр-шыр етеді. От деген лаулап, аспанға көтеріліп жатыр. Мен қайда барарымды білмей сасқалақтап қалдым. Құтқару керек деген ой тіпті миыма да кірмеді. Үйді айналып жүгіре бердім, жүгіре бердім. Осы кезде бір бөлмелі үйдің ішіндегі баллон үлкен қысыммен жарылды. Жойқын күш әйелім мен балаларымды күл-талқан етіп аспанға шашып жіберді. Бөлшектеніп жарылған баламның жарты денесі қасыма құлады. Жан ұшыра барып көтеріп алып қарасам басының жартысы жоқ. Жарты басында мөлдіреп жалғыз қарақат көзінен тоқтаусыз жас ағуда. Сасқалақтаған мен жасын сүртем кеп, ол тағы ағады, тағы сүртем, тағы ағады. Сүртем ағады... Сүртем ағады... Сүртем ағады...
Ұста үнсіз тұрды да, басында шағын қадамдармен адымдап, кейін тез-тез жүре бастады да, үңгірдің ішін айнала әрлі-берлі жүгірді. Жүгірген бойда сықылықтап күліп барады:
– Ха-ха-хаа-ха не деген күлкілі еді, тіпті күлкімді тия алмаймын ха-ха-хаа-ха. Тоқтатыңдар мені! Ха-ха-ха!
Кілт тоқтап, көрермендердің арасына келіп, көрермендерге қолын шошайтады:
– Оны өлтірген – сен! Әлде – сен. Сен өлтірдің бе? Сендер өлтірдіңдер ме?
Қолына қарап:
– Адамға қол шошайтуға болмайды деп апам айтқан.
Адамдардардың арасына жүгіріп барып:
– Абайлаңызшы, балаларымның сүйегін басып кетпеңізші! Ағатай, аяғыңызды көтеріңізші! Байқаңызшы, басын басып кетпеңізші! Қазір сүйектерін жинап алып аламын...
Дәрігердің алдына барды да, ұзақ қарап тұрды.
– Шашылған әйелім мен балаларымның сүйегін жинап алып, мен саған бардым, қадірлі дәргер мырза, есіңізде ме? Есіңізде қалмадым ба? Мүлдем есіңізде қалмаппын ба? Әрине, сіздің менің балаларыма, әйеліме еш қатысыңыз жоқ. Сіз екеуміз басқа жағыннан дос болғанбыз... Қойшыбай есіңде ме? Қай Қойшыбай дейсің бе? Қой, қой ұят болады танымағаның. Үшеуміз ауылда бірге өстік. Бірақ, бала кезде сен өте өзімшіл болатынсың. Сол мінезіңнен Қойшыбай екеуімізден талай таяқ жедің. Кейін сен беделді дәрігер болдың. Оқыдың. Біз ауыл болып сенімен мақтандық. Бірақ сен ит, кекшіл екенсің. Сол бала кездегі таяқтарыңды ұмытпадың... Қойшыбайдың жалғыз ұлы болды. Аңқылдаған бала еді. Ол кезде сегізінші сыныпта оқыды ғой деймін. Сол ұлы балалармен еріп, төбелесіп, ақыры ішегіне арматура қадалып, ауруханадан бірақ шықты. Кейін сен ота жасадың. Түрің өзгеріп кетті ғой... Айтпа деп жалынба! Жалынба! Мен бәрін айтамын! Аузымды жаба алмайсың! Бала отадан әлсіз болып шықты. Әкесі жақсармаған баласының ішінен аққан іріңді сүрте-сүрте, жаутаңдаған баласының жанарына қарай алмай, жүйке ауруына шалдықты. Ақыры құдай баласына да, әкесіне де ғұмыр бермепті. Мәйітханада баланың денесін ашып көрсе, темір кірген ішегі бәрі бүтін. Ал оның денесінде не жоқ екенін сен жақсы білесің. Дұрыс айтасың, бір бүйрегі жоқ. Сен әкесіне кектеніп, баланың сау бүйрегін кесіп алып, сатып жібергенсің. Бірақ ота әлсіз жасалған. Бейшара бала! Бейшара бала! Қарғыс тиді ме?! Білмеймін. Сенде ауруханаңды басқарып ұзақ отыра алмадың. Басыңа іс түсіп, сотталатын болдың. Адамның мүшелері мен енді ғана дүние есігін ашқан сәбилерді сатып байыдың. Епті болдың, ебін таптың. «Соталады»- деді. Бізде сотталмайды екен... Ел шулап жатқан кезде он үш-он төртке келген егіз қызыңды біреулер ұрлап алып кетті. Бір ай іздеп таппадың. Түнде үрген иттің дауысынан далаға шыға бергенде есіктің алдында ілініп тұрған қыздарыңды көрдің... Адамдарға жасаған қиянаттарың үшін қыздарыңмен жауап бердің! Адам төзгісіз өмір сүрдің! Әйелің қыздарыңды іздеп дала кезіп жүріп біреудің қолынан өлді. Осының бәрін көтерген сенің дінің қатты екен. Біз ақыры тағы жолықтық...
Мына адамның нәзік өмірі – отбасының әр адамымен тор секілді тығыз байланысты. Оны тағдырлар тоғысы дейді. Бір отбасы мүшесін өлтірдің бе, кейін екіншісі де өледі. Үшіншісі де өледі. Мыналардың бәрі толық емес, жарым жандар. Мына қарап тұрғандардың бәрі – жарымжан жандар. Жарымжан... Толық емес олар... Бала кезде ғана толық болған. Қазір жүр, күн өткен сайын жақындарымен қалай қоштасарларын білмей...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет