Қуыршақ (Психологиялық монопьеса) кейіпкер



бет4/5
Дата27.05.2023
өлшемі61.43 Kb.
#474361
1   2   3   4   5
4 Қ. Мұрат Қуыршақ монопьеса

Қауырсынды алып шығып сипап:
– Адамды жерлеп көрдіңіз бе? Біздің жақта жаңбыр көп жауады. Қазған көріне су толып кете берді. Жаңбырдан қажыған жігіттер балтырларынан су кешіп жүріп көме салды. Бітті!
Жаратқанның құдыретін жаратылысынан іздедім. Кіммін мен? Келу мен кетудегі мақсатым не? Кіммін? Кіммін? Кіммін? Дауысым өзіме ғана естіледі. Тағдырымның бәрі жасанды. Сендердің қолдарыңмен жасалған тағдыр. Мендегі кек кешірілмейді! Талай ақылдыны өз қолдарыңмен құртқансыңдар. Мына қолдарың әлі талайды құртады...
Актриса қуыршақты қолына алып ұзақ қарап:
– Мені көрсең де, назар салып қармаған да шығарсың. Суретшінің көмекшісі кімге керек?! Иә, сол сен ойнаған спектакльдің декорациясын мен жасадым. Дұрыс айтасың, ол да атақты қоюшы суретші болатын. Сәтті жүрді. Мамандар тарапынан жоғары бағасын алды. Атақ -даңқы бір басына жететін ол, спектакль соңынан көрерменің ықыласына бөленіп сахнадан шықпады. Ол маған ешқандай да әсер етпеді. Бастысы, героиняны сомдаған сенің рөліңе, өзіңе ғашық едім. Өзіңді көрген сәттен бастап, барлық декорацияда сенің сұлулығыңды ашуға күш салдым. Әр қадамыңнан, жымиған күлкіңнен шабыт алатынмын. Жасаған қуыршақтардың бәрінде сенің ерке бейнең бар еді. Ол кезде үйленгенмін екі балам бар. Қиялды орындауға ешқандай орын жоқ. Өзімді зорлықпен тежедім. Мынаның бәрінің ішінде өз қолдарыммен тұншықтырып өлтірген махаббаттарым жатыр. Ол ешқашан шықпайды! Шығармайды! Шығарса қасиеттер өледі.
Ұсатаханада, әр жасалған қуыршақтарда сенімен менің бейнеміз бар еді. Екеумізден ерлі-зайыпты жасап, кішкентай қуыршақтарды баламыз деп ойнайтынмын. Маған одан артық бақыттың керегі жоқ еді... Қуыршақтарды фабрикаға беріп, сенің сұлу жүзіңді барлық әлемге паш еткім келді. Әлемде екінші рет қайталанбайтын сені көрсін дедім!
Келіңізші, сізді биге шақырайын! Көп болды қызбен билемегелі. Қойыңыз, жас кезде көп биледік қой! Тоқтай тұрыңыз, мен музыка қойып келейін! Айтпақшы, мына үңгірде жарық та жоқ екен ғой. Қара басып ұмытып кетіппін. Келіңіз, көзімізді жұмып кең даланы елестетіп билейік, музыка кең даладан өзі-ақ бізді іздеп табады. (Актрисамен ұзақ билейді)
Сен менің көзімнің ішінде өмір сүретініңді белесің бе?! Соңғы кезде қашып кетуге жанталасып жүрсің. Көздерімнің ішін мәңгіге тастап кеткің келеді. Кешір! Жібере алмаймын. Жібермеймін! Білем, шығарған сәтте еркіндігіңе ұшасың да кетесің. Қайтып оралмайсың... Үңірейген бос көздерімді көргім келмейді... Бос көздер! Бос көздер! Айтуға ғана оңай сөздер...
Қалай қиналып жүргеніңді көру маған да ауыр. Сезесің бе?! Кейде сені бақылап отырамын. Шарасыздыққа ызаланып барып мұңаясың! Кейде тіпті жыланның уындай зәріңді сыртқа шашып, арпалысып күресесің. Күшің біткен кезде бүрісіп жата қаласың. Аяймын! Сені бақылаймын. Әлсірегенде сенің таза сұлу бейнең шығады. Шарасыз сұлулықты көргенде жүгіріп барып құшақтай алғым келеді. Әттең, көзімнің ішіне кіре алмаймын! Еркектер көзбен сүйеді деген осы шығар... Еркіндікке жібере алмаймын. Жібермеймін! Кешір!
Айналаңа жұлдыздың сәулесіндей нұрыңды шашып, жарқ етіп сахнаға шыққан кезде, сәтсіз шыққан сахнаның өзі сенің сұлулығыңмен құлпырып тұрушы еді. Бақталастық пен күндестік, қағыту мен кекетудің, хаб талант пен тобырдың ортасында қауызын енді ашып құлпыра бастаған сені, шауып тастауға жанталасқан жандарды да көрдім. Тірі жанға бас имейтін тәкаппар мінезіңмен, сұсты келбетіңмен кіріп келген кезде, менмін дегендердің өзі қалай иліп қалғандарын білмей қалатын. Сыртыңнан сөздің бәрі шырмалған өрнектей өріп жүрді. Сен оның бәрін білдің! Естідің! Бірақ бойыңдағы тектілік сені сақтап қалды. Олар жек көрген сайын еңсеңді тік түзеп құлпырып жүрдің. Сахнада тек еңбектене бердің. Бар күш жігерің мен қабілетіңді рөліңе ғана арнадың. Қасақана тиіскен өсектер мен қаңқу сөздерді де жаныңа қабылдамадың. Сол күнгі спектакльде ерекше гүлдендің. Өзіңді мүлдем танымай кеттік. Халық біткен таңданыстан қол соғумен болды. Спектакль соңына қарай биіктен арқанмен түсетін сахнаң бар еді. Түсіп келе жатқан кезде арқан шешіліп кетті. Оңбай құладың. Өңешімнен тартып, біреу өкпе бауырымды қаңқасынан жұлып алғандай болды. Саған қарай ұмтылып едім, актерлердің біреуі ұстап қалды. Сен тез тұрып рөліңді жалғастыра бердің. Аяғыңнан аққан қаннан сахнаның бәрі боялды. Рөлің біте салысымен құладың. Тым-тырыс... Екі актер көтеріп алып кетті. Көрдік... Көбі қарай алмады. Жіліншігің ортасынан морт сынып кеткен. Сол сәтсіз күннен кейін мүгедек болып, сахнаға қайтып орала алмадың. Театрға өзің ойнаған спектакльді көруге, көрермен ретінде келуді тоқтатпадың. Сынған аяғыңды сілтей басып, тоғызыншы қатардың он сегізінші орынға, мен сол қатардың он алтыншы орынға келіп отыратынмын. Өз спектакліңді көріп отырып, көзіңнен жас сора-сора болып ағатын. Шырқыраған жаныңды көрген кезде шарасыздан қолымды тістелей беретінмін. Кейде тіпті шыдай алмай шығып кететінмін. Сенің келіп, көріп отырғаныңды әріптестерің де сезетін, көретін, ұялатын. «Осы спектакльді алып тастайықшы?!»-деп талай рет көркемдік кеңестің алдына барғандарыңды да естігем. Жаңбыр толассыз жауып тұрған күні ақсүйектер киетін әппақ шляпаңды киіп, сен өз орныңа отырдың. Мен әдетімше сенен көз алмай отырмын. Спектакль ортасында бірдеңені ішіп жібергендей болдың. Сәл уақыттан кейін аузыңнан ақ көбік ағып, орныңда қалшылдай бастадың. Қасыңдағылардың бәрі орындарын тастай қашты. Спектакль де тоқтады. Сені біреулер көтеріп, ауруханаға алып кетті ғой деймін. Осыдан кейін сені ешкім көрмеді. Сен туралы ешкім естімеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет