Жұмысты орындау тәртібі:
100 мл колбаға 0,5 г ашытқы салып, 20 мл 5 % H2SO4 ерітіндісін құяды. Колбаның аузын ұзын шыны түтікшемен жалғасқан тығынмен жауып 45 мин плиткада қайнатады. Колбадағы сұйық суығаннан кейін, оны сүзеді. Сүзіндімен мына реакцияларды жүргізеді.
1. 1 мл гидролизатқа сілтілік ортаға дейін (лакмус арқылы анықтайды) 10 % NaOH ерітіндісін және бірнеше тамшы CuSO4 қосады.
Ерітіндінің көкшіл-күлгін түске боялуы полипептидтерге байланысты.
2. Пурин негіздерін анықтау. 0,5 мл гидролизатқа 3-4 тамшы аммиак ерітіндісі мен 5-6 тамшы 2 % AgNO3 қосады. Пурин негіздерінің бар екенін қоспада біраз уақыт тұрғаннан кейін кейін бозғылт түсті тұнбаға түсуі көрсетеді.
3. Көмірсуларды анықтау. 1 мл гидролизатқа 8-10 тамшы Фелинг сұйығын құйып қайнағанға дейін қыздырады. Көмірсулар – альдозалардың бар екенін қызыл түсті мыс (І) оксидінің тұнбаға түсуі көрсетеді.
4. Молибден тәжірибесімен фосфор қышқылын анықтау.
5 тамшы гидролизатқа 10 тамшы молибден реактивін қосып қайнатқанда фосфор – молибден аммонийінің сары түсті тұнбасы пайда болады.
12 (NH4)2MoO4 + H3PO4 + 21 HNO3 21 (NH4)2NO3 + (NH4)3PO4 12 MoO4 6 H2O + 6 H2O
Қосымша нұсқау.
Гидролизді жай қыздыру арқылы жүргізеді. Гидролизаттың шыны түтікшелерінен тасып кетпеуін қадағалау керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма.
Оқулық және лекция конспектісі бойынша «Нуклеопротеидтер», «Нуклеин қышқылдары» тарауларына дайындалу.
Проблемалық сұрақтар.
1. ДНҚ, химиялық құрамы, құрылысы және маңызы.
2. РНҚ-ның түрлері, құрылысы және маңызы.
3. Нуклеопротеидтер гидролизінің схемасы.
10-жұмыс
Дише және шварц әдісімен РНҚ мөлшерін анықтау
Әдістің приципі. РНҚ-ны анықтау құрамындағы рибозаның орцинмен түсті реакция беруіне негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
1. Орцин реактиві: 100 мг тұзын 100 мл концентрлі HCl (тығыздығы 1,19) ерітіп оған 3,5 мл 6% орцинің этанолдағы ерітіндісін қосады.
2. РНК препараты
3. 0,01 H NaOH ерітіндісі
4. Пробиркалар дана
5. 5 мл пипеткалар – 3 дана
6. Су моншасы
7. Спектрофотометр
Достарыңызбен бөлісу: |