Курстың міндеттері
Тірі организмдерді құрайтын негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың құрамын, құрылысын, химиялық табиғатын, зат алмасудағы рөлін меңгеру. Алған білімдері негізінде биологиялық белсенді қосылыстардың өкілдерін синтездеу мүмкіндіктері жайлы ұғым қалыптатыру.
Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек:
Білетіні тірі организмдерді құрайтын негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың құрамы, құрылысы, химиялық табиғаты, табиғатта таралуы, зат алмасудағы рөлі.
Жасай білетіні алған білімдері негізінде тірі материяның біртұтастығы жайлы ұғымды түсіндіру.
Игеру керек ақуыздар, көмірсулар, липидтердің анаболизм және катаболизм процестерінің негізгі заңдылықтары.
Қалыптасатын дағдылары заттардың құрылысы мен құрамының олардың биологиялық белсенділігіне әсерін түсіндіру; негізгі биологиялық белсенді қосылыстардың ыдырау және биосинтезделу схемаларын құрастыра білу.
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОСЫЛЫСТАР ХИМИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Биохимия негіздері және биологиялық активті жүйелер синтезі пәні бойынша
«Бекітілді»
Факультет Ғылыми кеңесінің 17.05.11 ж. мәжілісінде хаттама № 6
Факультет деканы ______ Е.Қ. Оңғарбаев
СИЛЛАБУС
Пән: Биохимия негіздері және биологиялық активті жүйелер синтезі
Мамандық: 5В060600 – Химия
Оқу түрі: күндізгі
Оқытушы туралы мәлімет: Бейсебеков Марат Қиянұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор. Бейсебеков М.Қ. полимерлер және бентонит саздары негізінде жаңа дәрілік формалар алумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Зерттеу нәтижелері бойынша 1 ғылыми монография, 120 ғылыми мақала мен баяндама тезистері жарияланды. ҚР 15 алдын ала патенті алынды.
Бейсебеков М.Қ. «Органикалық химия», «Органикалық және биоорганикалық химия» жалпы курстарын, «Биохимия негіздері және БАЗ синтезі», «Химия және медицина», «Дәрілік заттарды иммобилизациялау», «БАЗ синтезі және химиялық технологиясы» арнайы курстарын жоғары деңгейде оқиды.
Курстың қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі, биотехнология, биоинженерия күн санап қарыштап келе жатқан заманда химик мамандар үшін шекаралық облыстағы ғылымдарды, оның ішінде биологиялық химия, меңгерудің маңызы үлкен. Себебі, заман талабына сай сұраныстар ақуыздар, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, ферменттер, т.б. биологиялық активті қосылыстарды синтетикалық жолмен алу қажеттілігін тудыруда. Бұл мәселені шешуде химиктердің қосатын үлесі қомақты болуы тиіс. Осыған байланысты, болашақта толыққанды, замана талабына сай білікті маман болып шығу үшін химик-студенттер биохимия пәнін, биологиялық белсенді қосылыстардың статикасы мен динамикасын, метаболизм жолдарын оқып-үйренуі керек.
Пәннің мақсаты – табиғи қосылыстардың негізгі кластарының (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, витаминдер, гормондар, ферменттер) химиялық қасиеттері заңдылықтарын олардың құрылысымен байланыстыра терең түсіндіріп, бұл білімдерін тірі организмде жүріп жатқан алмасу процестерін оқығанда негіз ретінде пайдалана білу машықтарын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |