Умк биохимия



бет28/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
annotation29528

Жұмыстың принципі. Ақуызды бөліп алғаннан кейінгі фильтратты жаққан кезде 2 түрлі реакция жүреді.
а) органикалық заттардың күкірт қышқылының әсерінен көмірқышқыл газ, су және аммиакқа дейін минералданады;
б) аммиак пен күкірт қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде күкірт қышқыл аммоний түзіледі.
Қосымша нұсқау:
Пробиркаларды күкірт қышқылымен қыздырғанда сақ болу керек.
Жаттығуға арналған тапсырма:

  1. Оқулық пен лекция конспектісінен «Амин қышқылдары» және «Ақуыздар» тарауын оқып келу.

Проблемалық сұрақтар:

  1. Қалдық азотты қан құрамындағы қандай заттар түзеді?

  2. Гиперазотемия – қалдық азоттың көбеюі, қандай аурумен байланысты?



13-жұмыс
Дифениламин арқылы ДНҚ-ны анықтау


Әдістің принципі: ДНҚ-ны анықтау әдісі оның құрамындағы дезоксирибозаның дифениламинмен түсті реакцияға түсуіне негізделген.
Реактивтер мен құралдар:
1. Дифениламин реактиві. Дайындалуы: 1 г дифениламинді 100 мл мұзды сірке қышқылында ерітіп, 2,75 мл концентрлі H2SO4 (тығыздығы -1,84) қосады.
2. ДНҚ препараты
3. Физиологиялық ерітінді
4. Пробиркалар – 2 дана
5. 5 мл пипеткалар - 3 дана
6. Су моншасы
7. Спектрофотометр
Жұмысты орындау тәртібі:
Екі пробирканың біріне 1,5 мл ДНҚ препаратын, ал екіншісіне 1,5 мл физиологиялық ерітінді құйып, әрқайсысына 3 мл дифениламин реактивін қосып араластырады да, 10 мин су моншасында қыздырады. Пробиркалардағы ерітінділерді суық су астында салқындатып 595 нм толқын ұзындығында спектрофотометрлейді. ДНҚ мөлшерін калибрлеу түзуі бойыша анықтайды.
Қосымша нұсқау: Спектрофотометрлейтін сұйық тұнық болуы керек (тұнбасыз).
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма:
1. Лекция конспектісі бойыша «ДНҚ, құрамы және маңызы» атты тақырыпқа дайындалып келу.
2. Дезокситимидинмонофосфат түзілу реакциясының теңдеуін жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет