Умк биохимия


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет22/31
Дата07.10.2023
өлшемі467.5 Kb.
#480105
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
annotation29528

Жұмыстың орындалу тәртібі
Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі ерітіндісі ( сұйылту дәрежесі 1:100). Алынған ерітіндінің бір бөлігін (2-3 мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин. қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған қан ерітіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ерітіндісін қосады. Екі колбаға 2 мл сутек асқын тотығының 1 % ерітіндісін құйып, оны 30 мин. термостатқа 37-40 0С қояды. 30 мин. өткен соң екі колбаға да 3 мл H2SO4 10 % ерітіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша KMnO4 0,1 Н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл айырманы 1,7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1,7 – H2O2 1 мл KMnO4 0,1 Н ерітіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері.
Қосымша нұсқау
2 мл сутек асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.
Проблемалық сұрақтар

  1. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті қалай әсер етеді?

  2. Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай өзгеріске ұшырайды?

Өз бетінші дайындалуға араналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектілері бойынша «Ферменттер классификациясы және олардың биологиялық маңызы» тарауын дайындау.


6-жұмыс
рН-тың амилаза ферментіне әсері
Жұмыстың мақсаты. Амилаза ферментінің рН-қа байланысты активтілігін анықтау және оның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу.
Әдістің принципі. Сілекейде крахмалды мына сүлбе бойынша ыдырататын амилаза ферменті бар.
амилаза
С 6Н10О5 + nH2O декстриндер 1/2n С12 Н22О11
крахмал мальтоза
Амилазаның активтілігіне ортаның рН-ы әсер етеді, өте жоғары активтілік көрсететін ортаның рН-ы оптималды рН деп аталады. Амилазаның активтілігін крахмалдың ыдырауына байланысты білуге болады. Ыдырамаған крахмал йод ертіндісімен көк түс береді, ал ферменттің әсерімен ыдырай бастағанда, оның түсі де өзгере бастайды: сарғыш болып келіп, түссізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет