Жасыл түс – барлығын түсіндім. Сары түс – маған көмек керек. Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретке жапсырады.
|
|
Кері байланыс тақтайшасы
|
3-сабақ
Бөлім:
|
Дыбыс және әріп
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Дыбыстар мен әріптер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
|
Сабақтың мақсаты
|
Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Дыбыстың таңбасы әріп екенін таниды. Дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есте сақтай отырып, көшіріп жазады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
«Табиғат әлемінде». Психологиялық дайындық.
Судың сылдыры, тамшы, түрлі құстардың үні мен шегірткенің шырылы, музыка әуені естілетін бейнекөріністі көрсету. Тыңдау, көру арқылы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қандай әлемге саяхат жасап қайттыңдар? Қандай дыбыстар естідіңдер? Олар ненің дыбысы?
Табиғаттағы, айналамыздағы тіршілік иелері бірдей дыбыс шығара ма?
Бұдан қандай ой түюге болады?
Сол көріністерді кім түсіріп алды деп ойлайсыңдар? Әрине, адам. Адам дәл осылай құстың үнін келтіре ала ма? Ал құстар ше? Адам сияқты сөйлей ала ма?
|
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы интербелсенді тақтадағы таныстырылымнан тыңдайды, көреді, сұрақтарға жауап береді.
– Құстардың, шегірткенің, судың, тамшының, музыканың,
...
|
|
Баяу, әдемі әуен
|
Ортасы
|
Кіріспе әңгіме
– Балалар, бүгін біз «Дыбыс және әріп» деген жаңа бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде сендер әліпбидегі 42 әріптің дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін және өзге тілден енген әріптер, екі таңба жайлы толығырақ білесіңдер. Өздерің Әліппеден таныс болған дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, жуан және жіңішке айтылатын жұп дауысты дыбыстармен танысып, салыстырып, ажыратуды үйренесіңдер.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу ауызша орындалады. Суретпен жұмыс.
– Барлық көліктен шығатын дауыстар бірдей ме? Ұшақ пен жүк көлігінің, жүк көлігі мен жеңіл көліктің дыбыстары қандай?
|
1-жаттығу.
Әр топ мүшелері суретке қарап, олардың қандай дыбыс шығаратынын айтады, дыбыстайды. Ұшақтың гүрілі
жүк көлігіне қарағанда қатты,
|
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.
|
|
29
30
|
– Балалардың көңіл күйлері қалай? Оны қалай аңғардың?
2-жаттығу орындалады. Мұғалім мәтінді тақырыбы бойынша болжау жасатып, содан соң тыңдатады.
Балалар, тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан өзгешелігі неде? деген сұрақ төңірегінде талдау жүргізіледі.
«Адасқан әріптер» ойыны
Су, тіл, құс сөздеріндегі дыбыстардың орындарын ауыстырып айтып көрейік. Мысалы: ус, літ, ұсқ десек, сөз мағынасын түсінесіңдер ме? Неліктен?
Сөз неден құралады екен? Дыбыстарды қайтеміз? Әріптерді ше? Жетекші сұрақтар қоя отырып, жауап алу арқылы оқушылардың өздеріне ереже құрастырып айтқызу өте тиімді.
Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Әріптерді көреміз, жазамыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |