20 мая 2010 г.
В НАЧАЛЕ ИЮЛЯ В АСТАНЕ ОБСУДЯТ ВОПРОСЫ G20
Мета Новости/20.05.10 12:18
Асет КАЛЫМОВ, Алматы
Вопросы G20 обсудят в Астане. В начале июля в столице республики соберутся известные политики, бизнесмены и ученые из 50 государств
Свыше 1 600 представителей политических и деловых кругов, а также общественных деятелей и научных светил примут участие в работе III Астанинского экономического форума, главной темой обсуждения на котором станет устойчивый экономический рост в посткризисный период. Программу форума озвучил на прошедшей вчера в Алматы пресс-конференции помощник Президента РК Бахыт Султанов.
Главный организатор Астанинского форума – Евразийский экономический клуб ученых, созданный по инициативе Главы нашего государ ства Нурсултана Назарбаева. Сегодня в клуб входит ряд ассоциаций, вузов и научных институтов почти из 40 стран мира. О значимости предстоящего в июле мероприятия говорит такой факт: в качестве спикеров на нем выступят сразу три лауреата Нобелевской премии, а также генеральный секретарь ОБСЕ Марк Перрен де Бришамбо, руководители Организации экономиче ского сотрудничества, МВФ, ЕБРР, Азиатского банка развития, крупнейших международных финансовых центров и инвестиционных компаний.
Б. Султанов напомнил, что на саммитах «Большой восьмерки» и «Большой двадцатки» в последние годы активно обсуждаются такие вопросы, как углубление процесса глобализации, необходимость пересмотра мирового экономического уклада. Эти же проблемы станут предметом широких дискуссий и на форуме в Астане, делегаты которого направят открытое письмо-обращение к главам государств – участниц предстоящего в ноябре в Сеуле саммита G20.
В числе других важных задач форума – создание Евразийского делового конгресса, направленного на расширение взаимовыгодных торгово-экономических связей и инвестиционного сотрудничества.
– Международные эксперты признают, что основа экономического подъема в посткризисный период – результативная национальная инновационная система, – подчеркнул Б. Султанов. – В связи с этим в рамках форума состоится Инновационный конгресс с участием компаний – лидеров по внедрению новых технологий. Будет организована выставка индустриально-инновационных проектов и научных трудов.
Кроме того, организаторы форума планируют подписание Меморандума о создании в Казахстане единого международного центра государственно-частного партнерства, отдельно будут рассмотрены механизмы регулирования исламского финансирования. Результатом дискуссий может стать формирование целостной системы исламского банкинга в нашей стране.
По словам Б. Султанова, огромный интерес у зарубежных экспертов вызывает успешный опыт Казахстана в реализации антикризисной политики, а также подготовка республики к посткризисному развитию. Поэтому отдель но участники форума рассмотрят показательный казахстанский пример, в частности, программу форсированной индустриализации и «Дорожную карту бизнеса-2020».
ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
Айқын: 20.05.2010
Автор: АЛМА МҰХАМЕДЖАНОВА
Третий экономический форум Астаны
Биылғы шілденің 1-2 аралығында елімізде Үшінші Астана экономикалық форумы өтеді. Бұл жолғы тақырып «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты экономикалық өсім» болмақшы
Дағдарыстан есеңгіреп қалған әлем есін жиып, етек-жеңді жинауға бет бұрды. Торнада секілді құйындатып келіп, жайпап кеткен алапат күш бар ашуын шығарып, тынышталған сыңайлы. Бірақ оның соңында қирап қалған дүниені қайта қалпына келтіру үшін үлкен білік керек болады. Сондықтан да өздерін әлемнің мықтыларымыз деп есептейтін 20 мемлекет өкілдері бас қосып, бастары біріккен сайын ғаламдық дағдарыстың қайдан туындағанын, болашақта оны болдырмас үшін не істеу керек екенін қайта-қайта ортаға салып, пысықтауда. Әйтсе де осы аталған 20 мемлекеттен басқа да жер шарын мекендейтін толып жатқан өзге мемлекеттердің де бар екендігі, олардың арасынан жаңа лидерлердің шығып келе жатқаны заңдылық екені белгілі. Қазақстан арайлап атқан таңдай Орталық Азия аймағынан туып келе жатқан сондай көшбасшы елдің біріне айнала бастағанын да мойындамасқа ешкімнің лажы жоқ. Өйткені алмас қылыш қын түбінде жатпайтыны, оның өз кезегі келгенде жарқ етіп шығатыны да заңды. Мұны әлемнің осы уақытқа дейінгі көшбасшы елдері мойындай бастады. Мойындағаны сол, өздерінен басқа мемлекеттерге дес бере қоймайтын G 20 өзінің кезекті басқосуында 2009 жылы Қазақстанда өткен Екінші Астана экономикалық форумының ұсыныстарын сол саммит барысында қарап, талқылады. Өйткені Екінші Астана экономикалық форумы өз ұсыныстарын G 20-ның саммиті алдында ашық хат (резолюция) ретінде Батыстағы басылымда жариялаған болатын. Басылым бетіне шыққан ашық хат G 20-ның назарынан тыс қала алмаған. Қазақстанда өткен форум әлемнің дамыған мемлекеттерінің назарын аудара бастағанының айқын дәлелі бұл.
Ал енді Үшінші форумнан не күтеміз? Алматыға келіп журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов мырза алдымен оның бүгінгі кезеңнің өзекті тақырыбына арналатынын мәлімдеді. Өзекті тақырып, әрине, дағдарыстан кейінгі тұрақты дамуға бетбұрыс жасау. Биыл форумға әлемнің 50 мемлекетінен келетін саяси және іскер ортаның 2000-нан астам өкілі, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, форумға қатысушылардың ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар көрінеді. Өткен жылы 2 лауреат қатысқан. Осының өзі-ақ дағдарыстан кейінгі тұрақты дамудың әлем үшін қаншалықты маңызды екенін, ол туралы әңгіменің Еуразияның жүрегі - Қазақстанда талқылану дәрежесінің қандай екенін байқатса керек. Оған спикерлер қатарында шақырылған қонақтар тізіміне көз жүгіртіп те сенім артуға болады: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, экономикалық ықпалдастық жөніндегі ұйым (ЭЫҰ) бас хатшысы, Ауғанстан президенті кеңесшісі Мұхаммад Мааруфи, экономист-ғалымдар, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Еуропалық Орталық Банк, энергетика және мұнай-газ компаниялары, ірі инвестициялық компаниялар, Ислам халықаралық рейтингтік агенттігі, т.б.
Қазақстан - маңызды мәселерді шешуге атсалысатын диалог алаңы
2007 жылы Елбасы Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда «Ғалымдардың Еуразия экономикалық клубын» құру туралы бастама көтерген болатын. Ол клуб құрылып, оған әлемнің 39 елінен халықаралық ассоциациялар, ғылыми орталықтар мүше болды. Құрылған клубтың диалогтық алаңы Астана экономикалық форумы болды. Әлемнің төрт түкпірінің ғалымдары мен экономист-қаржыгерлері, кәсіпкер-бизнесмендерін Астана төріне жинап, әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылап, оны ғалам болып бірлесіп шешпесе болмайтынына өзгелердің көздерін жеткізе білген Нұрсұлтан Назарбаев осылай үлкен форумның тұсауын кесіп, жас мемлекетіміздің әлеуетін тағы да дүниеге паш ете білді. Үшінші, төртінші форумдар ары қарай жалғастығын тауып кете бермек. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Үшінші Астана экономикалық форумы G 20-ның биыл өтетін екі саммитінің аралығында ашылғалы отыр. Яғни форумның ашық хаты тағы да 20 алпауыт мемлекеттің назарында болады. Жалпы, әлем өте жедел өзгеруде. Сондықтан да әлемдік экономикаға өздерінің ықпалына сенімді алпауыт елдер өзге мемлекеттердің де дауысына құлақ түруге тура келгенін мойындауда. Қазақстан Орталық Азия аймағында сол дауыстың иесі болғалы тұр. Бұл пікірді Ресейдің «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» жүргізген сауалнамаға қатысқан әлемнің айтулы сарапшылары бірауыздан білдірген. Сонымен, G 20-ның бір саммиті маусым айында Торонтода өтетін болса, екіншісі биылғы қараша айында Сеулде өтпекші. Астана форумының жұмысына сөзсіз назар аударылады деген сөз. Бақыт Сұлтанов G 20-ның Торонтода және Сеулде өтетін саммитіне дайындық жасап жатқан топпен кездескенін, оларды бізде өтетін форумға шақырып келгенін айтты.
Үшінші форум қандай мәселе көтереді?
Сонымен, әлемнің төрт түкпірінен келетін мәртебелі қонақтар баяндамаларын жасап, дағдарыстан кейінгі кезеңде әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамсыздандырудың өзекті мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салады. Форум аясында әр елден келетін 300-ден астам өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Іскерлік форумы да үлкен оқиға ретінде мойындалады деп күтілуде. Форум ішіндегі бұл форумның мақсаты - Еуразия кеңістігінде өзара тиімді тауар-экономикалық байланыстар мен инвестициялық әріптестікті кеңейтуге, экономиканың болашағы зор әрі жоғары технологиялық салаларын дамытудағы өзара әрекеттестікке бағытталған Еуразия Іскерлік конгресін құру болып табылады. Сонымен қатар дағдарыстан кейінгі реттеу жағдайында исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктеріне арналған Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылмақшы. Бұл іс-шараның басты мақсаты - Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды реттеудің біртұтас жүйесін қалыптастыру. Конференция жұмысына 280-нен астам қатысушылар атсалысып, олардың ішінде қаржы институттарының басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, ҚР-дағы негізгі қаржы реттеушілер, исламдық қаржы институттарының бақылау-қадағалау қызметін атқаратын мемлекеттік мекемелер өкілдері мен Қазақстандағы инвестициялық қорлар басшылары қатысады.
Сұлтанов форум шеңберінде өткізілетін тағы бір шара - Инновациялық конгрестің маңыздылығына да тоқталды. Оған инновациялық технологияларды дамытуда маңызды рөлі бар басты тұлғалар мен компаниялар қатысады екен. «Ұлттық инновациялық экономиканы дамытудың оң тәжірибесімен және Орталық Азия елдері мен Қазақстанда инновациялық саясатқа арналған ұсыныстарымен Финляндия, Норвегия, Германия, Оңтүстік Корея, Франция және Израиль елдерінің инновациялар және технологиялар жөніндегі мемлекеттік құрылымдарының өкілдері бөліспекші», дейді Елбасының көмекшісі. Аталған іс-шара аясында индустриалдық-инновациялық жобалар мен ғылыми еңбектер көрмесі де ұйымдастырылмақ. Осылармен қоса, бұл форумның тағы бір ерекшелігі - түрлі форматтағы шаралардың болатыны. Ғаламдық энергоэкологиялық стартегияларды қалыптастыру тақырыбы, басқару кадрларын даярлау бағдарламасы, дағдарыстан кейінгі кезеңде мемлекеттердің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудегі жастардың орны мен рөлі және тағы басқа тақырыптар баршылық.
Қысқасы, Астананың диалогтық алаңы әлем экономикасы майталмандарын сайысқа шығаруға дайындалуда.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ӘЗІРЛІК ЖҮРІП ЖАТЫР
Алматы ақшамы (Алматы): 20.05.2010
Автор: ДУМАН АНАШ
Третий экономический форум Астаны
1-2-шілде күндері Қазақстанда ІІІ Астана экономикалық форумы өтеді. Биылғы форум «Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі тұрақты экономикалық өсім» тақырыбына арналмақ. Бұл туралы кеше Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында өткеы мәслихатта ҚР Президентінің көмекшісі, Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы ассоциациясының Үйлестіру кеңесінің төрағасы Бақыт Сұлтанов жеткізді.
«Аталған шара биыл үшінші мәрте өткізілгелі отырғанымен, форум жылдан-жылға өзінің маңыздылығын нығайта түсуде. Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Астана экономикалық форумы қазіргі кезде дағдарыстан кейінгі даму кезеңін талқылап жатқан саммиттер мен форумдардағы үлкен диалог алаңдарының бірі болып табылады», - деді Бақыт Сұлтанов өз сөзінде.
ҚР Президенті көмекшісінін айтуынша, былтыр аталған форумға екі Нобель сыйлығының лауреаттары қатыскан болса, биылғы басқосуға олардың үшеуі келмек. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Экономикалық ықпалдастық жөніндегі ұйымның Бас хатшысы, Ауғанстан президентінің көмекшісі Мұхаммад Мааруфи және көптеген ірі халықаралық қаржы институтгарының өкілдері қатысатын болады.
«Қазіргі кезенде әлемдік қауымдастық дағдарыстан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамсыздандырудың өзекті мәселелері бойынша кең көлемді талқылауды бастап кетті. Осыған орай, Қазақстан да өзінің дағдарыстан кейінгі даму бағыттарын осы форум аясында талқыға салмақ. Астана экономикалық форумы әлемнің «жиырмалығына» (Ж-20) енетін мемлекеттердің екі саммитінің ортасында, атап айтқанда, Торонто және Сеул саммиттерінің аралығында өтпек. Бұл - форум жұмысының нәтижесінде кабылданған ұсыныстарды осы әлемнің көшбасшы мемлекеттері қатысатын саммит шеңберінде қарастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов.
Сондай-ақ, форум шеңберінде түрлі елдерден келген 300-ден астам делегаттар қатысатын өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің іскерлік форумы, исламдық қаржыландыруды реттеу тетіктеріне арналған халықаралық ғылыми конференция, инновациялық конгресс, т.б. көптеген іс-шаралар легі ұйымдастырылмақ.
III Астана экономикалық форумы жаһанның 50 елінен келетін саяси және іскерлік ортаның 2 мыңнан астам өкілдерінің басын қосады деп күтілуде.
АСТАНИНСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ФОРУМ ПРОЙДЕТ 1-2 ИЮЛЯ
CA-News.org: 20.05.2010
Третий Астанинский экономический форум пройдет в столице Казахстана 1-2 июля, сообщает организаторы мероприятия ассоциация «Евразийский экономический клуб ученых».
«В этом году форум будет посвящен теме устойчивого экономического роста в посткризисный период и соберет более двух тысяч представителей политических и деловых кругов из более 50 стран мира, а также ведущих ученых, представителей общественности и средств массовой информации, чтобы обсудить ключевые вопросы, развития глобальной экономики», - говорится в сообщении, распространенном в среду. Как отмечается в пресс-релизе, крупным событием Астанинского экономического форума станет деловой форум промышленников и предпринимателей, в котором примут участие более 300 делегатов из разных стран, передает ИА Новости-Казахстан.
«Главная цель форума - создание Евразийского делового конгресса, направленного на расширение взаимовыгодных торгово-экономических связей и инвестиционного сотрудничества на евразийском пространстве, взаимодействие в развитии перспективных и высокотехнологичных сфер экономики», - подчеркивается в сообщении.
Достарыңызбен бөлісу: |