Қажетті сөз тіркестері: сезінуден туған; көп тілдеріне аударылып, биік бағаға ие болды; үлкен ойшылдық бар; тұтас туынды болатын; Абай творчествосының халықтығы; ақындығының оянып, жетілуін суреттеген; сұмдықты көруі, суынуы, толғануы да нанымды.
10-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.
Абай – бабам
Абай – бабам,
Құдіретің жоғары тұр санадан,
Есті ақындар Өзіңді пір санаған.
Ессіздері сыртыңнан жала жауып,
Зор тұлғаңды барынша тұмшалаған.
Кей пақырлар сыныңа шыдамаған,
«Ұлтшыл ақын» деп талай кінәлаған.
Саған деген сырымды ақтарылып,
Айтпай кетсем, болмай ма күнә маған?!
Абай –бабам,
Аруағыңның баспайды мысы кімді,
Өз сөзіңмен емдеймін ісігімді.
Кеудемдегі сағыныш жырдан қашып,
Соқсам деп ем ғажайып мүсініңді.
Зернебек Шілдебайұлы.
Достарыңызбен бөлісу: |