6-тапсырма. Сөз тіркестерінің түсінігі
аға ұрпақ –
|
сабақтастықтың сақталуы –
|
жас буын –
|
кешегісін кемсіту –
|
бой ұру
|
сайрап жатқан жолмен тең –
|
төрт көзі түгел
|
әке өнегесі –
|
сөз қозғау
|
кісілік келбет –
|
ақылға жарымау
|
тосын нәрсе –
|
әке өсиеті
|
|
7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
а) Сіз әкеңізбен пікір алмасасыз ба?
ә) Оның айтқандарын үнемі мақұлдайсыз ба?
б) Сырыңызды кімге көбірек айтасыз? (әкеңізге, анаңызға, бауырыңызға немесе досыңызға)
8-тапсырма. Мәтінді оқыңыз
Әке мен бала, аға ұрпақ пен жас буын арасындағы сабақтастықты сақтау оңай емес. “Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз”, – деп кешегісін кемсітіп, өз ұлтының рухани құндылықтарынан алыстап, батыстың жабайы салтына бой ұрушылық жастардың санасына сіңіп, орнығып алған. “Ата-ананың ақылы сайрап жатқан жолмен тең” деген бұрынғылардың өсиетіне мойын бұруға жас толқынның мұршасы жоқ. Неге? Жастар тәрбиесімен айналысып жүрген Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту мәдениет орталығының директоры Накамуро Ещикацу бұл жөнінде мынандай пікір айтады.
– Бүгінде халықтардың салт-дәстүрі де, таным-білігі де қатты өзгеріске ұшыраған заман. Барлығы отбасына байланысты ғой. Мысалы, менің бала кезімде әке-шешемнен бастап, отбасы мүшелері кешке төрт көзі түгел дастархан басына жиналып, бірге тамақтанатынбыз. Ал мен есейген кезде тіршілік асығыс боп кетті ме, ата-ананың баласын қасына отырғызып, әңгімелесуге де уақыты жатпей жатады. Өздеріңіз білесіздер, Жапонияда жұмыс уақыты ұзақ. Адамдар түннің бір уағына дейін қызмет орталығында болады. Мысалы, мен жұмыстан сағат 11-де қайтамын. Сондықтан түскі ас та, кешкі ас та үйде емес, жұмыс орнында. Балаларыммен тек демалыс күндері бірге боламын. Жұмыс күндері әке мен бала кездеспейді десе де болады. Мен бұған қатты қамығамын. Өйткені, ата-ана баласына дұрыс тәрбие беру үшін онымен жиі-жиі сөйлесіп, ақыл-кеңестерін айтып, қоғамдық мәселелерден сөз қозғап, баласының ой-танымына ықпал етуі керек. Амал не, ата-анасының ақылына жарымай жүрген кейінгі жас буынды аяймын. Ана ақылы мен бірге әке өсиеті кез келген жас балаға қажет. Баланың қоғамда өз орнын табуына әке өнегесінің тигізер ықпалы зор.
Бүгінгі заманның жастары қабілетті, талантты. Адамның сыртқы келбетімен бірге іс-әрекеті, ортада өзін-өзі ұстауы да өзгелерге әсер береді. Мәселен, бүгінде қоғамдық көліктерде, көшеде кетіп бара жатып та тамақ жейтін жастарды көріп қаламыз. Көрінген орында, жұрттың көзінше шайнаңдау, әсіресе, қыз балаларға жараспайды. Кісілік келбет әркімнің өзіне байланысты десек те, бұл өте қауіпті құбылыс екенін жасыруға болмайды. Күрделі мәселелер осындай қарапайым нәрселерден шығады.
Бет-аузын талғамсыз бояп алып, қалай болса солай киініп алып, көліктің ішінде тамақ жеп отырудың өзі әдепсіздік. Мұндай көргенсіздікті артықшылық санайтындар да бар. Бұл – біз үшін жат, тосын нәрсе.
Арман – мен үшін өте қымбат сөз. Арман мен үміт адамдарды алға жетелейді. Жетістікке жеткізетін де арман емес пе? Кісі бір биікке қол созады да, соған жету үшін ұмтылыс жасайды. Ұмтылыс дегеніміз – оқу, еңбектену, іздену.
Достарыңызбен бөлісу: |