7-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз
а) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі – ...
ә) Шешендік өнер өзгелерге психологиялық жағынан әсер етудің ...
б) Шешендік өнер дарыған кісі ...
в) шешен сөйлей білу
8-тапсырма. Берілген қысқаша әңгімелерді оқып, шешендік сөздердің мағынасын, құрылымына назар аударыңыз.
Байдалы шешен
Атағы көп елге тараған Байдалы шешен кедейлікпен өмір сүріпті.
Бір жылы құрбан шалатын малы болмай, ол үйінде отырып қалыпты. Дөңмұрын деген сол ауылдың молдасы:
– Биім-ау, мұның қалай? Өзіңді болмаса, бай ағайының бар, малды балаң бар. Солардан бір мал алып, құрбан шалмадыңыз? – деп ақыл үйреткен екен.
Сонда Байдалы былай депті:
– “Сөйлемесе, сөздің атасы өледі? Деген бар. Айтпаса, естімейтін саңырау бар. Ашпаса, көрмейтін соқыр бар. Ағайындағы мал – аспандағы мал. Інідегі мал – індегі мал. Баладағы мал – даладағы мал. Сұраған адам – қайыршы, ал ұрлаған адам – қарақшы. Ұяты жоқ адамнан алып борышты болғанша, алмай құдайдың өзіне-ақ борышты болайын деп құрбан шалмағаны рас, – деген екен.
құрбан шалу – жертвоприношение
ұят болады – стыдно
саңырау – глухой
соқыр – слепой
ін – нора
қайыршы – нищий
қарақшы – вор
борыш –долг
Достарыңызбен бөлісу: |