Утегенова Г. Ж., Абдикеримова Г. А., Базарбекова Н. Ш., Байменова С. С


СӨЖ: Мәдени ескерткіштер, мұралар туралы мәліметтер жазыңыз. ОСӨЖ



бет82/135
Дата02.01.2022
өлшемі283.94 Kb.
#452409
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135
Оку курал 2021 январь

СӨЖ: Мәдени ескерткіштер, мұралар туралы мәліметтер жазыңыз.

ОСӨЖ: «Қазақ халқының мәдени мұралары» тақырыбына эссе жазыңыз.
11-апта

Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден. Салыстыру мәнді сөздер мен тұрақты тіркестер. Сын-бейне үстеулері.
Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар. Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы. Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет–қылықтарды топтап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип–адамның дене құрылмына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген–конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде, және т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

Лептосоматик–бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол–аяғы ұзын, сидыйған.

Пикник–мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

Атлетик–бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойылы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

Диспластик–дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым–сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ– қолы кемістер).

Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик–дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын.Иксотомик–денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым–ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик–семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет