Грамматикалық материал:
Нақыл сөздер мен қанатты сөздер
Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Мысалы: ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі (Н.Ә.Назарбаев), Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер (Абай).
Қанатты сөздер– тұжырымды ой, әуезді ұйқасқа құрылған өрнекті сөз тіркестері. Қанатты сөздер көбіне егіз, жалқы, кейде 3-4 шумақтан тұрады. Көлемі бұл мөлшерден артса, нақыл өлең, терме, толғауға айналып кетеді. Мақал-мәтелдерге ұқсас келеді.Қанатты сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Қанатты сөздер өлең түрінде де, сол секілді қара сөз түрінде де кездеседі. Қанатты сөздерді "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні" десе де болады.
2-тапсырма. Сөйлемнің екінші сыңарын табыңыз.
1. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден .... (кімге?) (Абай).
2. Адам баласы жылап туады, кейіп ...(қайтеді?) (Абай).
3. Өнер-білім бар жұрттар, тастан ... (не?) салдырды(Ы. Алтынсарин).
4. Дүние – үлкен көл, ... (не?) – соққан жел(Абай).
5. Бірлігі мықтыны ... (не?) алмайды(Төле би).
Достарыңызбен бөлісу: |