Мәтін бойынша тапсырмалар:
1. Мәтіннен алған жаңа ақпаратыңыз болса, баяндаңыз.
2. Мәтіндегі журналистика саласына қатысты терминдерді атаңыз.
3. Мәтінге төмендегі мәліметтерді қосып, әңгімелеңіз.
а) Қайыржан Бекхожиннің шығармашылық өмір жолы ұлттық журналистика тарихының дамуымен тығыз байланыста дамыды.
ә) Ол біріншіден, қазақ баспасөзі тарихының зерттелуін жоғары деңгейге көтерді, екіншіден, қазақ баспасөзінің бір ғасырлық шежіресін жасауға қатысқан ғалым. Үшіншіден, қазақ журналистикасының теориясы мен тәжірибесін жетілдіруге де өз үлесін қосты.
б) 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жеке меншік және тәуелсіз басылымдар жарық көрді. А.Байтұрсыновтың редакторлығымен 1913 жылы жарық көрген "Қазақ" газетіне рухтас "Қазақ үні" (1994) жеке меншік газеті шыға бастады.
в) Тәуелсіз мерзімді баспасөз қатарын "Түркістан" (1994), "Заман-Қазақстан" (1995), "Қазақ елі" (1995) сияқты жаңа газеттер толықтырды.
Достарыңызбен бөлісу: |