Тесттік тапсырмалар
Қандай буферлік жүйе амфолиттік болады
NH2CH2COOH
CH3COOH/CH3COONa
KH2PO4/K2HPO4
H2CO3/NaHCO3
NH4OH/NH4Cl
Қандай буферлік жүйе негіздік болады
NH4OH/NH4Cl
CH3COOH/CH3COONa
KH2PO4/K2HPO4
H2CO3/NaHCO3
NH2CH2COOH
Қандай буферлі жүйе ацетатты болады
CH3COOH/CH3COONa
KH2PO4/K2HPO4
H2CO3/NaHCO3
NH2CH2COOH
NH4OH/NH4Cl
Қандай буферлі жүйе гидрокарбонатты болады
H2CO3/NaHCO3
NaHCO3/Na2CO3
KH2PO4/K2HPO4
CH3COOH/CH3COONa
NH4OH/NH4Cl
Қандай буферлі жүйе фосфатты болады
KH2PO4/K2HPO4
H2CO3/NaHCO3
NaHCO3/Na2CO3
CH3COOH/CH3COONa
NH4OH/NH4Cl
6. Қышқылдық буферлік ерітіндінің негізгі теңдеуі қалай бейнеленеді
[H+]=Kck/cc
[OH-]= Kc0/cc
pH=pK-lgck/cc
pOH=pK-lgc0/cc
pH= 14-pK+lgc0/cc
7.Негіздік буферлік жүйенің негізгі теңдеуі қалай бейнеленеді
[OH-]= Kc0/cc
[H+]=Kck/cc
pH=pK-lgck/cc
pOH=pK-lgc0/cc
pH= 14-pK+lgc0/cc
8.Қышқылдық буферлік жүйе үшін Гендерсон-Гассельбах теңдеуі қалай бейнеленеді
pH=pK-lgck/cc
pOH=pK-lgc0/cc
pH= 14-pK+lgc0/cc
[H+]=Kck/cc
[OH-]= Kc0/cc
9.Негіздік буферлік жүйе үшін Гендерсон-Гассельбах теңдеуі қалай бейнеленеді
pH= 14-pK+lgc0/cc
pOH=pK-lgc0/cc
pH=pK-lgck/cc
[H+]=Kck/cc
[OH-]= Kc0/cc
10. Компоненттердің қатынасы боынша қай ерітіндінің буферлік сиымдылығы ең жоғары:
4:4
3:4
2:4
4:3
4:2
11. Алкалоз – ол:
қышқылды – негіздік тепе –теңдіктің сілтілік ортаға ығысуы
қышқылды – негіздік тепе – теңдіктің қышқылдық ортаға ығысуы
бейтарап ортаның болуы
қышқылды – негіздік тепе – теңдіктің ығыспауы
әлсіз негіздік ортаның болуы
12. Қан биологиялық сұйықтық, оның рН-ы тең:
5,5-ке
7,36-ға
7,4
7
6,9
13. Қышқылды – негіздік тепе – теңдіктің сілтілік ортаға ығысуы қалай аталады?
ацидоз
алкалоз
осмос
диализ
диффузия
14. Ерітіндінің pH – ты анықтау үшін индикаторлардың қандай қасиеттеріне негізделген.
тотығу нәтижесінде түсін өзгертуіне
концентрацияларына сәйкес боялуына
pH өзгеруіне сәйкес түсін өзгертуіне
тұнба түсуіне
ерігіштік қасиетіне
15. Қышқылды – негіздік тепе – теңдіктің қышқылдық ортаға ығысуы қалай аталады?
ацидоз
алколоз
осмос
диализ
диффузия
4. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері
Еріген заттың табиғатына тәуелді болмайтын, тек қана оның молярлық концентрациясына байланысты болатын ерітінділердің қасиеттері коллигативтік деп аталады. Мұндай қасиеттерге: осмос қысымы, ертінді бетіндегі қаныққан бу қысымының төмендеуі, қайнау температурасының жоғарылауы, қату температурасының төмендеуі жатады.
Осмостық қысым, осмос құбылысы әсерінен пайда болады. Осмос бір еріткіште дайындалған кейбір заттың әртүрлі концентрациялы екі ерітіндісі су (немесе басқа еріткіш) өткізетін және еріген зат молекулаларын өткізбейтін жартылай өткізгішпеи бөлген кезде байқалады.
Мұндай өткізгіштер немесе мембраналар кейбір бейорганикалық және органикалық материалдардан жасалынады, олар тірі табиғатта жиі кездеседі.
Жасушалық деңгейден бастап тіршіліктің болуы осы мембраналарға байланысты. Мембрана қызметін атқаратын жасуша мен дене мүшелерінің қабықшалары олардың құрам тұрақтылыгын қамтамасыз етеді, биологиялық мембраналар арқылы жасушаның қызметі үшін қажет заттар тасымалданады, олар арқылы тіршілік қалдықтары шығарылады. Сонымен, мембраналар биожүйелердің қажетті құрылымдық бірлігі ретінде саналады. Мембраналар түрлері сан алуан, олардың біреулері су үшін, басқалары - кейбір иондарға, кішкене молекулаларға ғана өтімді.
Табиғатта және тірі организмдерде ерітінділер еріткіштен еріген зат бөлшектерін өткізбейтін жартылай өткізгіш мембрана (жарғақ) арқылы бөлінген. Мұндай жағдайларда бір жақты диффузия, яғни еріткіштің ерітіндіге жартылай өткізгіш мембранамен арқылы өту, яғни осмос құбылысы байқалады. Әр түрлі концентрациялы ерітінділер жартылай өткізгіш мембранамен бөлінген жағдайда да осмос құбылысын бақылауға болады. Бұл жағдайда еріткіш концентрациясы төмен ерітіндіден концентрациясы жоғары ерітіндіге қарай бағытталады, ол тепе-тендік орнағанға дейін жүреді.
Осмос құбылысын бақылау үшін қарапайым осмометр деп аталатын құрал колданылады.
Мембраналарға тері, пергамент, жануарлар, өсімдіктер ұлпалары, полимерлі заттар жатады. Ерітінді орналасқан ыдысқа (I) сумен толтырылған ыдыстан (2) су молекулалары өтіп ішкі ыдыстағы сұйық деңгейі жоғарылай бастайды, яғни шала өткізгіш мембрана арқылы еріткіш (су) ерітіндіге ауыса бастайды.
Еріткіштің мембрана арқылы өздігінен таза еріткіштен ерітіндіге ауысуын осмос деп атайды.
Осмос еріткіштің концентрациясының мембрананың екі жағында әртүрлі болуымен түсіндіріледі.
Осмос салдарынан ішкі ыдыстағы ерітінді көлемі ұлғаяды. Ерітінді көлемінің ұлғаюын тоқтату үшін ішкі ыдыстағы ерітіндіге сырттан қосымша қысым түсіру қажет.
Осмосты тоқтату үшін ерітінді үстіне түсірілген қосымша қысым осмос қысымы деп аталады.
Электролиттердің осмос қысымы молярлық концентрациясы бірдей электролит еместердің осмос қысымынан жоғары болады. Бұл өзгешелік электролит молекулаларының иондарға ыдырауы нәтижесінде ерітіндідгі кинетикалық активті бөлшектер концентрацияларының жоғарлауымен түсіндіріледі. Электролиттердің сұйытылған ерітінділердің осмос қысымы мына теңдеумен анықталады:
i-изотоникалық коэффициенті электролит ерітіндісінің осмос қысымы электролит емес ерітіндінің осмос қысымынан қанша есе жоғары екендігін көрсетеді, яғни изотоникалық коэффициент мына теңдеу бойынша есептеледі:
- электролиттің диссоциациялану дәрежесі;
n - электролиттің диссоциациялану нәтижесінде түзілген иондардың саны.
Күшті электролиттердің аса сұйытылған ерітінділерінде =1 болғандықтан i =n.
Ерітінділердің осмос қысымын анықтау үшін қолданылатын Вант-Гофф заңы бойынша электролит еместердің сұйытылған ертінділердің осмос қысымы молярлық концентрацияға және абсолюттік температураға тура пропорционал:
Р - осмос қысымы, атм. немесе паскаль:
См - молярлық концентрация, моль/л:
R - газ тұрақтылығы,
Изотоникалық, гипертоникалық және гипотоникалық ерітінділер
Осмос қысымдары бірдей ерітінділер изотоникалық ерітінділер деп аталады. Медицинада және фармацевтикада осмос қысымына сәйкес келетін (7.7 атм ) ерітінділер изотоникалық деп есептелінеді, ал өзара салыстырылып отырған екі ерітіндінің осмос қысымы жоғары ерітінділер гипертоникалық, осмос қысымы төмен ерітінділер гипотоникалық болып келеді. Ерітінділердің изотоникалық қасиеті қанға, жұлын, ми каналына, бұлшық ет талшықтарына бөтен ерітінділер құйғанда және иньекция жасағанда маңызды роль атқарады.
Осмостық құбылыстың әртүрлі физиологиялык процестерде алатын орны жоғары. Әртүрлі физиологиялық орталардың (плазма, жасуша ішіндегі сұйықтық, несеп және т.б.) тұрақты осмостық қысымда болуы гомеостаздың іргелі физикалық-химиялық көрсеткіші болады.
Жоғары молекулалы компонент ақсылға жалпы қысымның азғана бөлігі тиесілі, оны онкотикалық қысым деп атайды. Альбумин және глобулин әсерінен қанның онкотикалық қысымы тек 0,03-0,04 атмосфераға жетеді.
Адам организмі көптеген физикалы - химиялық көрсеткіштердің, соның ішіндегі қанның осмос қысымының тұрақтылығымен сипатталады. қан плазмасында осмос қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін компонент - натрий хлоридіaдам огандары мен клеткаларындағы осмос қысымының тұрақтылығы изоосмия деп аталады.
Лизис, гемолиз, плазмолиз
Жасушалар күшті гипотоникалық ерітіндіде болса олар ісініп, жарылады бұл процесс лизис деп аталады. Ал, қан жасушасының мұндай бүлінуі (ыдырауы) гемолиз деп аталынады.
Гипертоникалық ортада болған кезде жасуша жиырылатын кері құбылыс плазмолиз деп аталынады.
Осмостық реттелудің негізгі міндетін бүйрек орындайды. Несептің осмостық қысымы қалыпты жағдайда қан плазмасынан көп үлкен бұл қаннан бүйрекке активті өтуге жағдай жасайды. Осмостық реттелу фермент жүйелердің бақылауында өтеді. Олардың қызметтерінің бұзылуы патологиялық процестерге әкеледі. Мысалы нефрит ауруы кезінде несептің осмостық қысымы қанмен салыстырғанда төмен болады да, ол заттардың кері тасымалдауына әкеледі.
Ішкі веналық инъекция жасағанда, осмостық баланстың бүлінуі болмау үшін изотонды ерітінді пайдаланылады. Құрамында 0,9% хлорлы натрий бар физиологиялық ерітінді қанға қатынасты изотонды болып саналады. Қорыта айтқанда, нағыз физиологиялық ерітінді болып құрамында қан плазмасының құрамына сәйкес ерітінді бар ерітінді саналады, онда нақты қатынаста натрий, калий, магний, кальций катиондары және хлорид, бикарбонат, сульфат аниондары болады.
Глаубер тұзы Na2SO4∙10H2O және ащы тұздың МgSO4∙7Н20 іш әлсіреткіш әсері осмос құбылысымен түсіндіріледі. Бұл тұздар асқазан қабырғасынан нашар сіңеді, сондықтан олардың асқазандағы және ішектегі жоғары концентрациясы ішек ішіне судың қарқынды өтуіне жағдай жасап, ішті әлсіреткіш әсеріне әкеледі.
Кері құбылыс - ішектен қарынға сұйықтықтың өтуін перитональды диализде жасайды, бұл кезде қарыңды ашып, және бір мезгілде асқазан мен ішекке өте көп сұйықтық жіберіп, күшті электролит концентрациясын арттырады.
Бұл асқазан қабырғасы арқылы улы заттар өтетін күшті улану кезінде орындалады. Осы жолмен асқазан-ішек жолынан судың қарқынды өтуіне жағдай жасайды, ол өзімен улы заттарды әкетеді.
Хирургияда осмос құбылысын, гипертоиды марля дәкесі (10%-тік натрий хлориді ерітіндісі сіңірілген марлі) атқарады. Бұл кезде жара ірің және инфекция алып жүргіштерден тазаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |