В. А. Митерев н. С. Реметова


Аналитикалық реакцияларды жүргізу жағдайлары



бет25/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Аналитикалық реакцияларды жүргізу жағдайлары

Аналитикалық реакцияларды жүргізу үшін белгілі жағдайлар туғызу керек. Мысалы, кейбір жағдайларда қышқылда еритін тұнбалар, қышқылдың артық мөлшерінде ерімейді. Тура солай негіздерде еритін тұнбалар, негіздік ортада түзілмейді. Реакцияның жүруіне тек орта ғана емес, сонымен қатар температураның да әсері бар. Температураны жоғарлатқан сайын тұнбаның ерігіштігі артады, сондықтан ыстық ерітіндіден тұнба алуға болмайды.

Реакцияның жүруіне ерітіндінің концентрациясының да тигізетін әсері мол. Егер іздеп отырған ионның концентрациясы аз болса, реакция жүрмейді. Бірақ ерітіндіде белгілі температурада иондар концентрациясының көбейтіндісі оның ерігіштік көбейтіндісінен артық болса, тұнба түзіледі.

Егер зат берілген еріткіште аз еритін болса, онда оның ерітіндідегі мөлшері аз болса да тұнба түзіледі-бұл реакцияны талғамды реакция деп атайды. Егер заттың ерігіштігі жақсы болса, онда реакцияның талғамдылығы аз болғаны, бұл жағдайларда еріген заттың мөлшері көп болуы керек. Реакцияға органикалық заттар қосу арқылы оның талғамдылығын арттыруға болады.

Сапалық реакцияларды орындағанда олар жүру үшін белгілі жағдай жасау қажет:



  • ерітіндінің тиісті ортасын, рН (мысалы, қышқылда еритін тұнба қышқыл ерітінділерден тұнбаға түспейді, тұндырғыштың артық мөлшерінде немесе ерітіндіде комплекстеуші заттар болғанда ери алады)

  • берілген жағдайда тұнбаның ерігіштігін арттыру үшін анықталатын, ионның концентрациясы жеткілікті болу қажет,

  • тиісті температура және т.с.с.

Бейорганикалық қосылыстардың сапалық анализінің негізгі мәселесі химиялық құрамын анықтау, яғни анықталатын татпадағы катиондар мен аниондарды табу болып табылады. Сапалық анализдің химиялық әдістерінде анықталатын компонентті (атомдар, иондар, молекулалар) өзіне тән қасиеті бар тиісті қосылыстарға өткізеді: тұнбаға түсу, түсінің өзгеруі, газдың бөлініп шығуы, тән кристалдардың түзілуі және т.с.с., бұл дәл осы компоненттің барлығын бір мәнділікпен анықтауға мүмкіндік береді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет