Жүйелі және бөлшектеу анализ әдістері
Катиондарды топтарға бөлу
Бейорганикалық заттардың сапалық анализін жүргізу үшін, оны ерітіндіге айналдырады содан соң катиондар мен аниондар анықталады.
Егер анализденетін ерітіндінің құрамы белгісіз әрі күрделі болса, онда катиондар мен аниондарды зерттеу үшін жүйелі анализ әдісі қолданылады.
Егер ерітіндінің құрамы қарапайым болса, анализді бөлшектеу әдісімен жүргізуге болады.
Анализдің бөлшектеу әдісі Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s,p,d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |