В. А. Митерев н. С. Реметова


Реакцияға қойылатын талаптар



бет48/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

7.3 Реакцияға қойылатын талаптар.

Анықталатын зат пен титрант құрамындағы зат арасындағы химиялық реакция титриметриялық деп аталады. Бұл реакциялар кейбір шарттарды қанағаттандыру қажет.



  1. Ол тез өтуі қажет - титранттың қосылған көлеміндегі реагент бірнеше секундта жоғалады.

  2. Титриметриялық реакция іс жүзінде қайтымсыз болу керек, қосымша реакциялар жүрмеуі қажет.

  3. Ерітіндідегі қосымша заттар негізгі реакцияға кедергі жасамау керек.

  4. Титриметриялық реакция кезінде көзбен не құралмен бақыланатын өзгерістер болуы қажет. Бұл эквиваленттік нүктенің басталу мезетін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қышқылдық-негіздік тирлеудің мәні

Титрлеу әдісі клиникалық зертханаларда несеп құрамына кіретін аммиак және қышқылдарды, қанды, асқазан шырынының қышқылдылығын, биологиялық сұйықтардың құрамын, сандық анықтау үшін кеңінен қолданылады. Тазалық-гигиеналық зертханаларда бейтараптану әдісін пайдаланып әртүрлі тағамдардың (нан, ұн, ет) қышқылдылығын анықтайды ішуге жарайтын не қалдық сулардың анализін жүргізеді.

Қышқылдық-негіздік титрлеу әдіспен күшті қышқылдар, күшті негіздер мөлшерлермен қатар, суда гидролизденетін тұздар мөлшерін де анықтауға болады.

Қышқыл мен негіз арасындағы реакция кезінде ешбір сырттай байқалатын белгі болмайды. Сондықтан мұндай реакцияның эквивалент нүктесін анықтау үшін арнайы индикаторлар қолданылады.

Әдетте, қышқыл мен негіз титрлеуінде метил күлгін, метил қызыл, лакмус және фенолфталеин сияқты индикаторлар кең қолданылады. Бұл индикаторлар қасиетін зерттеп, индикаторлар теориясын алғаш В. Оствальд. (1894) ұсынды. Бұл теория бойынша индикаторлар – диссоциацияланған күйі мен диссоциацияланбаған күйінің түсі әр түрлі болатын әлсіз органикалық қышқылдар (немесе әлсіз негіздер). Соған орай оларды қышқыл- негіз индикаторы дейді.

Протон қосып алатын қасиеті бар индикаторларды негіздік индикатор дейді де, оларды IndOH деп белгілейді. Мұнда Ind+- индикатор катионы. Мұндай индикаторлар былайша диссоциацияланады:

IndОН + Н+ ↔ Ind+ + Н2О

Протон беретін қасиеті бар индикаторларды қышқылдық индикатор дейді де, НІnd деп белгілейді. Мұндай индикатор мына схемамен диссоциацияланады:

НІnd ↔ Н+ + Ind-

Кейбір индикаторлардың диссоциацияланбаған молекуласының және иондарының түстері таблицада келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет