В. А. Митерев н. С. Реметова



бет90/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тесттік тапсырмалар

    1. Қатты беткейдегі адсорбция шамасын есептеу үшін қандай теңдеу қолданылады

  1. Гиббс

  2. Ван-дер-Ваальс

  3. Юнг

  4. Ленгмнер

  5. Дюпр

    1. Ленгмюр теңдеуіндегі адсорбцияның өлшем бірлігі

  1. моль/кг

  2. моль/м2

  3. моль/м3

  4. кг/м2

  5. кг/м3

    1. Қатты беткейдегі адсорбцияның шамасын есептеу үшін қандай теңдеу қолданылады

  1. Гиббс

  2. Ван-дер-Ваальс

  3. Юнг

  4. Фрейндлих

  5. Дюпр

    1. Фрейндлих теңдеуіндегі адсорбцияның өлшем бірлігі

  1. моль/м2

  2. моль/м3

  3. моль/кг

  4. кг/м2

  5. кг/мз

    1. Адсорбция кезінде ерітінділердің полюссіз адсорбенттерге жақсы адсорбцияланады

  1. полюсті еріткіштердегі полюссіз заттар

  2. полюссіз еріткіштердегі полюсті заттар

  3. полюссіз еріткіштердегі полюсті заттар

  4. дұрыс жауап жоқ

    1. Адсорбция кезінде ерітінділерден полюсті адсорбенттерге жақсы адсорбцияланады

  1. полюсті еріткіштерден полюсті заттар

  2. полюссіз еріткіштерден полюсті заттар

  3. полюссіз еріткіштерден полюссіз заттар

  4. дұрыс жауап жоқ

  5. полюсті еріткіштерден полюссіз заттар

    1. Ерітінділерден ББЗ жақсы адсорбцияланады

  1. бензолдан активтелген көмірде

  2. судан силикагелде

  3. судан алюминий оксидінде

  4. судан активтіелген көмірде

  5. дұрыс жауап жоқ

    1. Егер этанолды пентанолмен алмастырса, беткейлік активтілік қалай өзгереді

  1. 3,2 есе артады

  2. 10,24 есе артады

  3. 10,24 есе кемиді

  4. 32,768 есе кемиді

  5. 32,768 есе артады

    1. Егер бутанолды этанолмен алмастырса, беткейлік активтілік қалай өзгереді

  1. өзгермейді

  2. 3,2 есе артады

  3. 10,24 есе артады

  4. 10,24 есе кемиді

  5. 32,768 есе кемиді

    1. Егер май қышқылын сірке қышқылымен алмастырса, беткейлік акивтілік қалай өзгереді

  1. өзгермейді

  2. 3,2 есе артады

  3. 10,24 есе артады

  4. 10,24 есе кемиді

  5. 32,768 есе кемиді

    1. Беткейлік белсенді емес затқа жатады

  1. этанол

  2. пропанол

  3. бутанол

  4. көмірсулар

  5. сірке альдегиді

    1. ББЗ-қ құрылысының ерекшелігі

  1. гидрофильділігі

  2. дифильділігі

  3. гидрофобтылығы

  4. полюссізділігі

  5. ерімеуі

13. ББЗ фазалардың бөліну шекарасында бағытталады

  1. полюсті топ полюссіз фазаға

  2. полюссіз топ полюсті фазаға

  3. еркін жағдайда

  4. бөліну шекарасының бойымен

  5. полюті топ полюсті фазаға

14.Заттың беткейлік керілуді өзгерту қабілеті аталады

  1. беткейлік керілу

  2. беткейдің энергиясы

  3. беткейлік активтілік

  4. беткейлік қысым

  5. беткейдің қабаты

19. Адсорбция

19.1. Адсорбция. Түрлерi және механизмi

Фазалардың бәлiну шекараларының беткейiнде қатты немесе сұйық заттардың газ және ерiген заттарды сiңiру қабiлетi адсорбция деп аталады.

Адсорбция табиғаты әр түрлi адсорбциялық күштердiң әсерiнен молекулалардың арасында пайда болатын химиялық байланыстардың арғасында жүретiн процесс. Беткейлiк қабатында басқа заттарды сiңiретiн заттар адсорбенттер, ал сiңiрiлушi заттар адсорбаттар деп аталады. Адсорбенттерге қатты көмiрдi, кремний оксидiн, алюминий оксидiн, целлюлозаны, крахмалды т.б. заттарды жатқызуға болады.

Адсорбаттарға аммиак, хлор сияқты газдар, бояулар, т.б. заттар жатады. Егер адсорбат адсорбенттiң беткейiнде ғана емес, бүкiл көлемiнде сiңiрiлетiн болса, ондай процесс абсорбция деп аталады. Адсорбция қайтымды процесс, оған қарама-қарсы процесс десорбция деп аталады. Адсорбция физикалық, химиялық және иондық алмасу болып үшке бөлiнедi.



  1. Физикалық адсорбция кезiнде адсорбат пен адсорбент молекулалықәсерлесу күштерi және сутектiк байланыстар арқылы әрекеттеседi. Олардың адсорбция жылуы 2-8 ккал/моль шамасында болады. Физикалық адсорбцияда адсорбат өзiнiң жеке қасиетiн жоғалтпайды, себебi бұл процесс қайтымды болып есептеледi, десорбция нәтижесiнде заттар өзгермей бастапқы қалпында бөлiнiп шығады. Температураны жоғарылатқанда, физикалық адсорбцияның жылдамдығы төмендейдi.

  2. Химиялық адсорбция кезiнде адсорбат пен адсорбент беткейiнiң арасындағы байланыс тұрақты болады. Адсорбция жылуы 10 шақты ккал-ға тең. Бұл процесс кезiнде адсорбат өзiнiң жекеленген қасиетiн жояды, себебiбұл адсорбция қайтымсыз болып есептеледi:

Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3 + Н2О

  1. Иондық алмасу иондардың адсорбциясы болып есептеледi, яғни адсорбат иондары мен адсорбенттiң беткейiнде орналасған иондар әзара эквиваленттi мөлшерде алмасады:

Катионит 2Н + Са2+ = Катионит Са + 2Н+

Адсорбция процесi тiрi организмдерде де кеңiнен кездеседi. Мысалы, қан СО2 газын сiңiргенде адсорбция процесi байқалатын болса, ал тыныс алған кезде СО2 сыртқа шығып, десорбция жүредi. Iшек бүрлерiнде қортылмай қалған тағамдар iшектегi БАЗ-мен адсорбцияланады. 1831 жылы фр. фармацевтi Туэри алғаш көмiрiн (казiр ’’карболен’’) организмдегi улы заттарды сыртқа шығару үшiн қолдануды ұсынған.

Адсорбция механизмiн былай түсiндiруге болады, әрбiр заттың беткейiнде еркiн тарту күшi болады, күштiң арғасында адсорбциялықөрiс пайда болады да, беткейге жанасқан газ, су немесе ерiген заттардың бәлшектерi оған тартылып, адсорбцияланады.






С

В
А,В,С тәрiздес молекулалардан тұратын адсорбенттiң күш өрiсi әр нүктеде әр түрлi қаныққан. А мен В тәрiздес молекулаларда аз қаныққан, ал С тәрiздес молекулаларда артық еркiн энегия пайда болады. Сондықтан да адсорбент адсорбат молекулаларымен қанығып, адсорбат молекулаларының беткейiнде мономолекулалық адсорбаттыққабат түзiледi. Лнгмюр ұсынған мономолекулалық адсорбция теориясының негiзгiқағидалары:


  1. Адсорбция валенттiк күштердiңәсерiнен пайда болады.

  2. Адсорбция адсорбенттiң барлық беткейiнде емес, тек осы беткейдiң активтi орталықтарында жүредi. Активтi орталықтар кристалдық тор беткейiнiң төбешiктерiнде, шыңдарында орналасады. Активтi орталық неғұрлым биiк болса, соғұрлым адсорбент баткейiндегiқаныққан атомдар мен молекулалардың саны аз болады, яғни оның сiңiретiн молекулаларының саны көбiрек болады.

  3. Әрбiр активтi орталық адсорбаттың тек бiр молекуласын ғана адсорбциялайды және адсорбент беткейiнде мономолекулалық адсорбат қабаты түзiледi.

  4. Адсорбцияланған молекула тұрақты болмайды, тербелiсте болады. Бiреуiүзiлiп кетсе, басқасы адсорбцияланады, құрам бөлiктерiмен алмасып жатады, ең соңында адсорбциялық тепе-теңдiк орнайды, яғни қанша молекула адсорбцияланса, сонша бөлiнiп шығады. Бұл тепе-теңдiк концентрация мен температураға тәуелдi болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет