В. А. Митерев н. С. Реметова


Гель-өткінші (молекулалы елеуіштік) хроматография



бет96/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

20.3. Гель-өткінші (молекулалы елеуіштік) хроматография

Гель-өткінші хроматография (ГӨХ) молекулалардың мөлшеріне негізделген бөлу әдісі.

Бұл әдіс бойынша қозғалмайтын фаза ретінде саңылаулы бөлшектер қолданылады. Қозғалмалы фазаның ролін сулы немесе органикалық реагенттер атқарады. ГӨХ механизмі бойынша зерттелетін заттар сорбенттің саңылауларындағы қозғалмайтын еріткіш пен қозғалмайтын фаза арқылы өтетін еріткіштің арасында бөлінеді. Заттардың түтіктен шығуы олардың молекулалық массаларының төмендеу бағытында орындалады.

ГӨК қолданылатын сорбенттер жұмсақ, жартылай қатты және қатты болып бөлінеді. Жұмсақтарға полисахаридтер негізінде дайындалған гельдер (крахмал, декстран, целлюлоза) жатады. Жартылай қатты гельдер стирол мен дивинилбензолдың қоса полимерленуі (стирогельдер) немесе винилацетаттың полимерленуі нәтижесінде алынады. Қатты гельдерге саңылауларының мөлшері белгілі шыны немесе силикагельдер жатады. Олар жоғары адсорбциялаушы қабылет көрсететіндіктен, арнайы химиялық заттармен өңделеді.

ГӨХ биологияда полипептидтерді, белоктарды және басқа макромолекулаларды бөлу және тазалау үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет