В. А. Митерев н. С. Реметова



бет54/113
Дата03.01.2022
өлшемі0.76 Mb.
#450151
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113
Реметова Митерев Мед хим на каз

Тотығу дәрежесі - бұл молекулалар түзілу кезіндегі атомда пайда болатын шартты заряд.

Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп реакциялар жүру барысында атомдардағы тотығу дәрежесінің өзгеруін айтамыз. ТТР-ры екі өзара байланысты процесстерден тұрады: тотығу процессінен және тотықсыздану процессінен.

Тотығу процессі электрондарды беру процессі, осы кезде атомның тотығу дәрежесі артады.

Тотықсыздану процессі - электрондарды қосып алу процессі, осы кезде атомның тотығу дәрежесі төмендейді.

9.3. Тотығу-тотықсыздандыру реакцияларының теңдеулерін

құрастыру

Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін құруда екі әдіс -



  1. электрондық баланс әдісі

2 . жартылай реакция әдістері

Электрондық баланс әдісі.

Бұл әдіс бастапқы және соңғы заттардағы атомдардың тотығу дәрежесін салыстыруға негізделген. Мұнда негізгі талап бойынша тотықсыздандырғыш берген электрондар саны тотықтырғыш қосып алған электрондар санына тең болу керек. Теңдеуді құру үшін реакцияға қатысатын заттардың және реакция нәтежесінде алынатын өнімдердің формулаларын білу қажет. Соңғылар тәжірибе жүзінде немесеэлементердің белгілі қасиеттері арқылы анықталады. Бұл әдістің қолданылуын нақтылы мысалдар арқылы қарастырайық.



1 мысал. Палладий (ІІ) нитраты ерітіндісінің мыспен әрекеттесу реакциясының теңдеуін құрастыру. Реакцияның бастапқы және соңғы заттарыныңформулаларын жазып олардың тотығу дәрежелерінің өзгеруін көрсетеміз;

Мыс екі электронды беріп мыс ионын түзеді, оның тотығу дәрежесі 0- ден +2-ге артады. Мыс-тотықсыздандығыш. Палладий ионы екі электронды қосып алып, тотығудәрежесін +2-ден 0-геөзгертеді. Палладий(ІІ) нитраты –тотықтырғыш. Бұл өзгерістерді электрондық теңдеу арқылы бейнелеуге болады.



Сu0- 2e =Cu+2

1

Pd+2+ 2e = Pd0

1

Мұнда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш коэффициенті. Реакцияның соңғы теңдеуі;

Cu +Pd(NO3)2 = Cu(NO3)2 +Pd болады

Реакцияның жалпы теңдеуін де электрондар көрсетілмейді. Құрастырылған теңдеудің дұрыс екендігін тексеру үшін оң және сол жақтағы әрбір элементтің атомының сан мәнін есептейміз. Мәселен, оң жақта оттегінің 6 атомы бар, ал сол жақтада 6 атомы бар, палладийдікі 1 және 1, мыстікіде 1 мен 1. демек, теңдеу дұрыс құрастырылған. Бұл теңдеуді иондық түрде қайта жазамыз;



Бірдей иондарды қысқартқаннан кейін



Cu + Pd2+ = Cu2+ + Pd теңдеуін аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет