В. Г. Пугач Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық


Табиғат аясында оқушылар мына жағдайларды білуі қажет



Pdf көрінісі
бет8/53
Дата13.12.2023
өлшемі5.69 Mb.
#486421
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Дүниетану

Табиғат аясында оқушылар мына жағдайларды білуі қажет:
• табиғатқа саяхат жасау үшін қолайлы аяқкиім және жәндіктер- 
дің, әсіресе кенелердің шағуынан қорғану үшін ашық түсті жабық 
киім мен баскиім кию керек;
• өрт кезінде жалынның шарпуынан, түтіннен, өрт шалған 
ағаштардың құлауынан, жердің ойылуынан сақтану қажет;
• бұтақтан, тікенекті өсімдіктерден, үшкір тастан, шынының 
сынығынан жарақат алудан; улы жануарлар мен жәндіктер (жылан, 
бүйі, сарышаян т.б.) шаққан кезде, биіктіктен құлау, күйік шалу 
жағдайларында алғашқы көмек көрсету әдістерін білу керек.
Адам не себепті қауіптің алдын алуды жоспарлайды? 
Табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау 
керек?
еСіңДе СаҚТа! 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


12
Пікір алмаСайыҚ!
– Климат деген не?
– Климат қандай болады? 
– Климат түрлерінің негізгі сипаттарын ата. 
– Катаклизм деген не? 
– Катаклизмдердің қандай түрлері бар? 
– Табиғи орта деген не? 
– Табиғи ортада адам өміріне қандай қауіп-қатерлер төнуі 
мүмкін?
әр алУан ТаПСырмалар
1. Тұжырымды дұрыс жауаппен толықтыр: 
Біздің еліміз ____________ климаттық белдеуде орналасқан: 
А) полярлық;
Ә) қоңыржай; 
Б) тропиктік;
В) экваторлық. 
2. Сыныптастарыңмен жұптасып, қоңыржай климатқа тән 
ерек шеліктерді кімнің көбірек білетіндігі туралы ойын ұй-
ымдастырыңдар. 
3. Катаклизмнің қандай түрлері бар? Мысалдар келтір. 
Апатты жағдайларда сабырлық сақтаудың қандай маңы-
зы бар? 
нөсер жауған кезде өзіңді қалай ұстау керек? 
4. Табиғат аясында болатын қауіп-қатердің алдын алудың 
қандай пайдасы бар? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет