Аумағы:Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск
уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. 1920 жылы 4-12 қазан Орынборда Қырғыз(Қазақ)
АКСР
кеңестерінің
Құрылтай
съезі
өткізілді.
Қырғыз(Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды.
Жоғарғы өкімет органдары: ✓ Орталық Атқару Комитеті, төрағасы- С.Меңдешов ✓ Халық Комиссарлар Кеңесі, төрағасы- В.А.Радус-Зенькович Қырғыз(Қазақ) АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы: ▪ Қазақ халқының ғасырлық арманының орындалуы
▪ Патша үкіметі заңсыз тартып алған жерлердің бір бөлігі қазақтарға қайтарылды
▪ Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі
▪ Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам
«Қырғыз(Қазақ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
✓ Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құрудың негізгі қағидалары анықталған құжат
1921 жылы➢ Қостанай аймағын республика құрамына қосуды А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дәлелдеді.
➢ Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семейге қатысты мәселе 5 рет қаралып,
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,Ә.Ермеков пен М.Сералиндердің тарихи дәлелдерінің
арқасында шешілді.
➢ Ақмола мен Семей облыстары Сібір ревкомы Қазақ АКСР-іне берілді.
➢ Жайық пен Ертіс аралығындағы казактардың 10 шақырымдық жері қазақтарға
қайтарылды.
Қазақ АКСР- на енгілізген жерлер: (1921-1922 жылдары) ✓ Семей облысы(Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері)
✓ Ақмола облысы( Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір
бөлігі)
✓ Торғай облысы( Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері)
✓ Орал облысы (Орал, Ілбішін, Темір, Атырау уездері)
✓ Маңғыстау уезі ✓ Закаспий облысы Красноводск уезінің 4, 5-Адай болыстары
✓ Астрахань губерниясының бір бөлігі(Каспийдің солтүстік-шығысы)
✓ Бөкей Ордасы мен Каспий теңізі жағасындағы болыстар