В010500- дефектология мамандығына арналған Семестр Кредит саны Ақтөбе, 2017 ж. Арнайы психология пәні бойынша 5В010500- дефектология мамандыққа арналған оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды. Құрастырушы



бет5/43
Дата17.10.2022
өлшемі0.55 Mb.
#462878
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Арнайы психология УМК

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р.

Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.

  1. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.

  2. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500

  • Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012

  1. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық., Ақтөбе, 2012. - 256 б.

  2. Дүйсенбаева Р.Д. Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау пәні бойынша 5В010500 «Дефектология» мамандығына арналған [Электронный ресурс] : оқу-әдістемелік кешен - Ақтөбе : АқтМПИ, 2012

  3. Абаева Ғ.А. Арнайы педагогика және психология негіздері: Оқу құралы. –Алматы, 2014

  4. Искакова М.С. Арнайы психология: Оқулық // Искакова М.С. –Алматы, 2016.- 256.



    1. Дәріс тақырыбы: Дизонтогенез психологиялық параметрлері


Аннотация: Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары жөнінде сипаттама беру. Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы мен оның параметрлерін жан жақты талқылау, қарастыру.
Кілт сөздер: Дизонтогенез, онтогенез, психика, бала психологиясы.

Жоспары:


      1. Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары

      2. Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы

      3. Дизонтогенездің параметрлері

Дәріс тезистері: Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.«Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық күйлер болса

  • тітіркендіргіш және тежелгіш үдерістердің дұрыс қатынасы бұзылады; түскен ақпаратты талау және жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады. Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке үдерістерінің дұрыс сақталуы»1.

Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым- қатынасын қамтамасыз ететін, сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы».
Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.
Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.
«Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың үш иерархиялық деңгейін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет